Қазақстанның табиғи газ өндірісі артады

«Қазақстанның жылдық табиғи газ өндірісі 2030 жылына қарай 60 миллиард текше метрге жетеді»

106636
Қазақстанның табиғи газ өндірісі артады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
Қарабалин үкіметтің кешегі отырысында қаралған 2015 – 2030 жылдарға арналған Қазақстанды газдандырудың Бас схемасын баяндап берді.
Егер бұл құжат табысты орындалса, қазақстандықтардың басым көпшілігі көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, Мұнай және газ министрлігі 2030 жылға қарай 12 миллионға дейінгі адамды табиғи газбен қамтуды жоспарлауда.
АҚШ Сыртқы істер министрлігі Энергия информация агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, дүние жүзінде табиғи газдың ең көп резервіне ие елдер тізімінде Қазақстан 14-ші кезекте келеді. Табиғи газ қойнауының көбі елдің батысында орналасқан.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар