Қазақстан елшілігі мемлекеттік туды төменге түсірді

Өкілетті елші бауырлас халыққа көңіл айтты.

67601
Қазақстан елшілігі мемлекеттік туды төменге түсірді

Қазақстанның Анкарадағы өкілетті елшілігі түрік бауырлардың қайғысына ортақ боп, дипломатиялық миссиядағы мемлекеттік туды жартылай түсірді.
Қазақстан өкілетті елшілігі Сома апатында қаза тапқандардың және бүкіл түрік халқының жанында екенін көрсетті.
Манисаның Сома ауданында болған жарылыстан кейінгі апатқа байланысты елшілік көңіл айтты.
Қазақстанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаевтың жолдамасында «Манисаның Сома ауданында кеніште болған жарылыста қаза тапқан 200-ден астам кеншінің жақын-туыстарының қайғысын бөлісіп, көңіл айтамын. Марқұмдардың мекені жұмақ болсын. Бауырлас Түркия халқына сабыр, жаралыларға шипа тілеймін» деп айтылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар