Аспаздар байқауында бас жүлдені Қазақстан жеңіп алды

Анталияда өткен байқауда 17 елден 600 аспаз өз өнерін көрсетті.

63002
Аспаздар байқауында бас жүлдені Қазақстан жеңіп алды

1-ші Жерорта теңізі халықаралық аспаздар байқауында бас жүлдені Қазақстан командасы жеңіп алды.
Түркия аспаздар және торт дайындаушылар федерациясы мен Жерорта теңізі аспаз дайындаушылар қоғамы ұйытқы болған байқау аяқталды. Анталияда өткен байқауға 17 елден 600 аспаз өз өнерлерін жарыстырды. Үш күндік байқаудың нәтижесінде «Гран при» категориясында бас жүлдені Қазақстан, екінші орынбы Сербия, үшінші орынды болса Түркия командасы алды.
«Жылдың алтын аспазы» категориясында Мальтадан Лук Борг бірінші, Енес Бояжы екінші, Дуйгу Каража үшіншілікті иемденді.
«Жерорта теңізі тағамы» категориясында болса Мальтадан Лук Борг бірінші, Оңтүстік Кипрден Йордан Ярданов екінші және Мальтадан Мануел Шемби үшінші орынды алды.
«Үздік университет» категориясында Мальта Туризм Университеті, «Үздік кәсіптік лицей» категориясында Түркиядан Күтахия Анадолы туризм кәсіптік лицейі, «Гигиена» категориясында Мугла Сытқы Кочман Университетінің Ичмелер кәсіптік жоғары мектебі жүлде алды.
«Достық кубогы» жүлдесін оңтүстік Кипр, «Табысты шет ел» жүлдесін болса Мальта иемденді. «Оригиналды түрік тағамы» саласында Нида Кыранта, «Көкөніс пен жеміс оюда» Өмер Фарук Байбай қарсыластарын артта тастады.
Қазылар алқасы жүлдесін болса Ебубекир Өзсой иемденді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар