Қырым татарларына тінту

Чубаров Қырым татарларының үйлерінде жүргізілген тінту нәтижесінде бес адамның қамауға алынғанын білдірді.

854019
Қырым татарларына тінту

Қырым Татар Ұлттық мәжілісі төрағасы Рефат Чубаров Қырым татарларының үйлерінде жүргізілген тінту нәтижесінде бес адамның қамауға алынғанын білдірді.

Чубаров әлеуметтік желі арқылы жасаған хабарламасында түбекте Қырым татарлары тұратын аймақтарда татар белсенділердің үйлерінде орыс қауіпсіздік күштерінің тінту жүргізгенін білдірді.

Тінту нәтижесінде бес адамның қамауға алынғанын айтқан Чубаров тінту барысында науқастанған 83 жасар Қырым татар ардагері Веджие Кашканың жедел жәрдем көлігімен ауруханаға барар жолда қайтыс болғанын атап көрсетті.

Украина Сыртқы істер министрі Павло Климкин Твидтер есебінен наразылығын білдірді. Қырымда 83 жасар Қырым татары Кашканың орыс басқыншылар салдарынан қайтыс болғанын білдірген Климкин Кашканың қамауға алыну барысында жүрегінің шыдамағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар