Премьер-министр Татарстанда

Түркия премьер-министрі Түркия-Татарстан Бизнес форумына қатысты.

625633
Премьер-министр Татарстанда

Ресей сапары аясында Татарстанға барған премьер-министр Бинали Йылдырым азаматтар мен тауарлардың келесі жылы еркін айналымы үшін барлық кедергілерді жоюға тырысатындарын айтты.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Ресей Федерациясына қарасты Татарстанға барды.

Бас қала Қазанда өткен Түркия-Татарстан Бизнес форумда сөз сөйлеген Йылдырым: «Ресей мен Түркия қарым-қатынастарының қалыпқа ену үрдісімен бірге Татарстанда да инвестиция артады.  Татарстанның дамуы біздің қарым-қатынасымыз тұрғысынан ерекше маңызды.  Ресей Федерациясымен ірі жобалар іске асырамыз. 2023 жылға дейін 100 миллиард доллар сауда айналымына жету ниетіндеміз.  Осы жобаларда Татарстан да орын алады» деді.

Премьер-министр сөзін «Кеше Мәскеуде болдық . Ресей премьер-министр және президентімен кездесулер өткіздік.  Қатынастарды қайтадан қолға алдық. Екі елдің де дамуы тұрғысынан шарттардың ыңғайлы екеніне келістік.  Аймақтың ең мықты елдері Ресей мен Түркия қарым-қатынастары дами түспек.  Осы қарым-қатынастар энергия секторымен шектеулі емес.  Көптеген секторды қамти отырып түрленеді» деп жалғастырды.



Ұқсас жаңалықтар