СІМ Солтүстік Кипр Түрік Республикасында

Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасында кездесу жүргізуде.

617531
СІМ Солтүстік Кипр Түрік Республикасында

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасында кездесу жүргізуде.

Министр Кипр проблемасына түбегейлі шешім табу үшін БҰҰ бақылауында жүргізілген келіссөздің сәтсіз аяқталған Швейцария саммитінен кейін талқылау жасайды.

Министр Никосиядағы байланыстары аясында алдымен СКТР президенті Мұстафа Акынджы тарапынан қабылданды.

Кездесуге келіссөз жүргізуші Өздил Нами және Сыртқы істер министрлігінің Кипр басқармасы басшысы Бурак Өзүгергин де қатысты.

Осы кездесуден кейін премьер-министр Хүсейін Өзгүргүн және вице-премьер Сердар Денкташтың да қатысуымен жұмыс отырысы болды.

Отырыстың үшінші бөліміне болса Республика мәжілісіндегі оппозиция партияларының басшылары да қатысты.



Ұқсас жаңалықтар