Месхет түріктері келді

Украинадағы месхет түріктерінің төртінші тобы келді.

613664
Месхет түріктері келді

Украинадағы месхет түріктерінің төртінші тобы келді.

Түркияға қоныстандырылатын месхет түріктерінің 341 адамдық төртінші тобы Эрзинджан облысына келді.

Укрианадан үш топ болып келген 1206 месхет түркінен кейін 341 адамдық төртінші топ Эрзинджан әуежайына келіп қонды.

Эрзинджан қала әкімінің орынбасары Ахмет Түркөз президент Ердоғанның өткен жылғы Украина сапарында осы елдегі қақтығыс аймақтарында тұратын месхет түріктерінің Түркияға көшірілуі жөнінде қабылданған шешім аясында отбасылардың келгенін еске салды.

«Тұратын баспаналарын, барлық жағдайцын қамдадық» деді ол.

Бүкіләлемдік месхет түріктері одағының басшысының орынбасары Садыр Ейбов та месхет түріктерінің президент Ердоғанға алғыс айтқанын тілге тиек етті.

«Қараша айы месхеттер үшін маңызды ай. 1944 жылы яғни 72 жыл бұрын Ахыска өңірінен Орталық Азия және Қазақстанға жер аударылған болатын.  Енді олар 72 жылдан кейін отандарына оралды» деді ол.

Атамекенге оралған 78 жасар Азалхан Аббасов болса «72 жыл айдауда жүрдік.  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина және ең аяғында елге келдік. Топырағымыз да осы жер, отанымыз да осы жер» деді.



Ұқсас жаңалықтар