Қырым татарлары Түркияда бас қосады
Бүкіләлемдік құрылтайдың Түркияда өтуіне шешім қабылданды.
227739
Қырым татарларының бүкіләлемдік құрылтайы Түркияда болады.
Түркиядағы 43 қоғам мен қорға бас қостырған Қырым татар ұйымдары платформасы 4-5 сәуір күндерінде Анкарада өтті. Жиналыста Қырым татарларының бүкіләлемдік құрылтайының 31 шілде-2 тамыз күндері аралығында Түркияда өтуіне шешім қабылданды.
Қырым татарларының бүкіләлемдік құрылтайы 2009 жылы 13 елден 420 делегаттың қатысуымен Қырымда жиналған болатын.