Ортақ әліпби қабылданды

Халықаралық Түрік Академиясы мәлімдеме жасады.

2186418
Ортақ әліпби қабылданды

Халықаралық Түрік академиясы мен Түркі Мемлекеттері Ұйымы (TМҰ) құрған Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 34 әріптен тұратын ортақ түрік әліпбиі нұсқасы қабылданды.

Бас кеңсесі Астанада орналасқан Түрік академиясының мәлімдемесінде Түрік академиясы және Түрік тілі қауымдастығымен бірлесіп 9-11 қыркүйек күндері арасында Әзербайжанның астанасы Бакуде Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 3-ші отырысы өткені айтылды. Мәлімдемеде ТМҰ-на мүше елдерден құралған Түрік әлемі ортақ әліпби комиссиясы мүшелері қатысқан отырыстың сәтті аяқталғаны атап өтілді.

 «Отырыстың басты мақсаты – осы салада алынған ақпараттар мен комиссияның 2 жылдық жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби жобасы бойынша жұмысты пысықтау» делінді.

Мәлімдемеде ғалымдар алғаш рет 1991 жылы ұсынған латын негізіндегі ортақ түрік әліпбиі жобасы жан-жақты қарастырылып, комиссия мүшелерінің осы әліпби жобасында жетілдіруді қажет ететін мәселелерге қатысты қажетті тұжырымдар жасағаны баса айтылды. «Осы тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде 34 әріптен тұратын ортақ түрік әліпбиі туралы нұсқаға байланысты келісімге қол жеткізді. Ұсынылған әліпбидегі әрбір әріп түркі тілдерінде әртүрлі фонемаларды білдіреді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар