Иракта түрікмендердің сайлауға дайындығы
Түрікмендердің саяси жағдайын талқылау үшін жиналыс өтті.
Ирактың Эрбиль қаласында 20 қазан күні болатын Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінің (ИКАӘ) парламенттік сайлауы алдында түрікмендердің саяси жағдайын талқылау үшін жиналыс өтті.
ИКАӘ этникалық және діни құрылымдарға жауапты министрі және Ирак Түрікмен майданы атқарушы кеңесінің мүшесі Айдын Маруф, түркімен саясаткерлері және жұртшылығы қатысқан іс-шара түрікмен шейіттері үшін бір минут үнсіздік және Құран оқумен басталды. Шарада сөз алған түрікмен министр Маруф сайлаудың уақытында және барлық саяси партиялардың қатысуымен өтуінің маңызды екеніне тоқталып, сайлаудың таза өтуін жақтайтындарын айтты.
Иракта түрікмендердің, әсіресе ИКАӘ мен Эрбильде түрікмендердің болуының маңызды екенін атап көрсеткен Маруф мәжілісте түрікмендерге бөлінген бір ғана квотаның жеткіліксіз екеніне назар аударды.
Маруф Ирак Түрікмен майданының бұл сайлауға квотаның тысында қатысатынын және сайлауға бағытталған талпыныстың жалғасатынын атап, «Түрікмендер өз құқықтары мен заңдарын әрқашан диалог арқылы алуға тырысты. Аймақта сайлаушылардың барлығы дауыс қолдануы керек» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Эрзурум мемлекеттік театры Талдықорғанда қойылым қояды
2-ші Бикен Римова Халықаралық театр фестивалі аясында «Ешкімнің хикаясы» атты спектакль сахналанады.