Энергетика министрлері кеңесінің отырысы өтті

Жиынға Түркия атынан Энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахмет Берат Чонкар қатысты.

2188212
Энергетика министрлері кеңесінің отырысы өтті
Taalaybek İbrayev.jpg
tdt-enerji bakanlari konseyi.jpg

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің Энергетика министрлері кеңесінің 4-ші отырысы өтті.

Қырғызстан Энергетика министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда министр Таалайбек Ыбыраевтың төрағалығымен өткен жиынға Түркия атынан Энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахмет Берат Чонкар қатысты.

Отырысқа Әзербайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазов, Қазақстанның Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Өзбекстанның Энергетика министрінің орынбасары Бахтиер Маматкаримов, Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі хатшысының орынбасары Петр Старай, ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Өмуралиев қатысты. Жиында сондай-ақ Түркия, Венгрия, Әзербайжан мен Қазақстанның елшілері және бақылаушы мүше мемлекеттердің өкілдері келді.

Кездесуде ұйымға мүше елдер арасында энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту, технологиялар мен жасыл бастамалардың өңірлік орталығын құру, энергетиктер арасында жыл сайынғы кәсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру, энергетика министрлерінің келесі отырысын өткізу орнын анықтау сияқты мәселелер талқыланды.

Қырғызстанның Энергетика министрі Ыбыраев өз сөзінде бұл кездесу түркі әлемі елдері арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтуға тағы бір қадам болғанын білдірді.

Жиын қорытынды декларацияға қол қоюмен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар