Қырым татарларына орыс қысымы жалғасуда

Енді Бахчасарайдағы Қырым татар аймақтық мәжілісі нысанаға алынды.

145410
Қырым татарларына орыс қысымы жалғасуда

Бұдан бұрын Қырым татар мәжілісінің ғимаратын босатқан әкімшілік енді Бахчасарайдағы Қырым татар аймақтық мәжілісін нысанаға алды.


Қырым сауда соты Бахчасарай Қырым татар аймақтық мәжілісі орналасқан ғимараттың келісім-шартының күшін жоюына және мәжілістің ғимараттан кетуіне үкім берді.


Бахчасарай Қырым татар аймақтық мәжілісі осы ғимаратта 12 жылдан бері жұмыс істеп келген еді.


Қырым татар Мәжілісінің төрағасы Ахтем Чигөз соттың әділетті өтпегенін және үкімді аппеляцияға беретіндерін айтты.


16 қыркүйек күні де Ақмешіттегі Қырым татар ұлттық мәжілісінің ғимаратына Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметкерлері келіп, тінтіп, соңында ғимаратты жауып кеткен болатын.


Қырым татар қоры төрағасы Рыза Шевкиев үкіметті қолдайтын Қырым татар мәжілісі құрылуын қалайтындарын, өздеріне қарсы жүргізілген саясаттың да себебінің осы екенін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар