Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні

21 қыркүйек Халықарвалық бейбітшілік күні құтты болсын.

1708232
Бүгін - Халықаралық бейбітшілік күні

Фашистік Германия Польшаға соғыс жариялаған күннің жылдығы бұрынғы Кеңес блогына мүше елдер мен Түркияда «Халықаралық бейбітшілік күні» ретінде тойланады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың артынан басқа соғыстарға жол бермеу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы көптеген соғыстың бастауы мен таралуының алдын алды.

Осыған қарамастан кейде аймақтық қақтығыстар мен соғыстар болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кезде теңдік принципін назарға алмаған 5 мүше мемлекет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін құрды. Көптеген елдер бұл жағдайды сынға алғанымен, Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесі осы күнге дейін қызмет етіп келеді.

Палестина мәселесінде болғандай осы 5 мүшенің бірінің кедергісімен ортақ шешімдер қабылданбайды.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған айтқан «Әлем 5-тен үлкен» көзқарасына соңғы жылдары қолдау артуда.

Біздің тілегіміз - Халықаралық бейбітшілікті сақтауда үлкен маңызы бар Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бейбітшілікке одан көп теңгерімді және бейтарап құрылымымен қызмет етуі.

21 қыркүйек Халықаралық бейбітшілік күні құтты болсын.



Ұқсас жаңалықтар