Диоген және Синоп

Капитанның борт журналы - 19

2026176
Диоген және Синоп

Диоген және Синоп

Қайығымыз «Жиһангезге» қош келдіңіз. Бүгін бұдан шамамен 2500 жыл бұрын қарапайым тұрмыс философиясының іргетасы қалаған бір жерге барамыз.  Түркияның ең солтүстік шетіне, Синопқа қарай жолға шығуға дайынсыз ба?

**

Біз адамдарға әрқашан бір нәрсе керек болады да тұрады. Жақсы үй, жақсырақ көлік, жаңа киімдер, байлық, күш пен одан да артығы. Ежелгі дәуірде тамыр салған философиялық ойлау жүйесі міне,  осыларға қарсы шығады. Киниктер деп аталатын осы жолды қуушылар адамның табиғи және қарапайым өмірді таңдауы, өз өзіне жетуі керектігін айтады. Бәлкім сіз бұл ағымның атын естімеген болуыңыз мүмкін.  Бірақ Ұлы Ескендірдің «Менен не тілесең тіле, орындаймын» деген сөзіне жауап ретінде «Былайырақ тұршы, Күннің сәулесін жауып тұрсың ғой» деп айтқанын естіген боларсыз. Міне,  сол сөзді айтқан кісі  - Синоптық Диоген. Бүгін соның еліне барамыз.

Синоптың тарихы біздің уақыттан шамамен бес мың жыл бұрынға созылады. Қала ежелгі дәуірлерден бастап теңіз саудасының орталығында болған.  Сондықтан ғасырлар бойы көптеген өркениетке мекен болған.  Фригия, парсы, Рим, Византия, Селчук және Османлы елдерінің билігінде болған. Себебі Қаратеңізге билік құрғысы келгендер алдымен Синопты алған.

Синоп – бір түбек секілді теңізге созылған бір қала.  Яғни үш жағы теңізбен қоршалған. Ең шығыс жағынан бастап аралаймыз қаланы.  Бір-бірінен тамаша шығанақтары және құмдықтарын көрсетемін сізге. Қайығымызды Синоп портына тастап, уақыт жоғалтпай осы көркем қаланы аралап бастайық. Саяхатымызды портта бізді қарсы алған Синоп қамалынан басталық.

Қамалдың бірінші рет қашан салынғаны анықталмаса да, Понтус патшасының театр, гимназия және сарай салғызғаны, қаланың төңірегін қорғанмен қоршағаны белгілі.  Рим, Византия, Селчук және Османлы кезеңдерінде қамал сақталып қалады. Енді барлығымыз бірге қамалдың тік баспалдақтарымен жайымен көтерілейік және Синоп қаласының панорамасын тамашалайық.

**

Қамалдан кейінгі аялдамамыз – Алааддин мешіті. Мешіт Анадолы Селчук сұлтаны Алааддин Кейкубат тарапынан салғызылған. 800 жылдан астам уақыттан бері тұрған мешіт – Синоптағы ең байырғы ғимараттардың бірі.  Мешіттің артқы көшесінде Перване медресесі бар.  Бұл медресе мәрмәр кіре берісі, әшекейлері және бөлмелерімен назар аударады.  Бір кездері оқу ошағы болған медресе бүгінгі күні өңірге тән қолөнер бұйымдары сатылатын жер ретінде қызмет атқаруда.

Енді Синоп қала орталығында өте маңызды және туристер көп келетін бір жерге барамыз.  Ішкі қамал деп аталатын осы жердегі ғимарат Тарихи Синоп түрме мұражайы.  Синоп деген кезде еске түсетін нәрселердің бірі Диоген болса,  екіншісі осы түрме.  Бір кездері «Анадолының Алькатрасы» деп аталған. Кедір-бұдыр жері, екі жақты қорған қақпасы және теңіз себебімен қашып кетуге мүмкіндік жоқ жер деп сипатталады.  Сондықтан да атақты Алькатрасқа ұқсайды.  Ішкі қамал алдымен кеме жасау зауыды ретінде салынады.  Бірнеше ғасырдан кейін түрмеге айналдырылады.  Бір кездері әдебиет және өнер әлемінің маңызды тұлғалары осы түрмеде отырады.  Түрме бүгінгі күні ашық ауа мұражайы болып тұр. Тарихта іздер әкелген түрме сол дәуір туралы телесериал және фильмдерді түсіру үшін жиі таңдалады. Тарихи түрменің бөлмелері, биік қабырғалары, зынданы сол қалпында сақталған. Қазіргі күні туристердің көбі осы жерге келеді.

Адамға қатты әсер ететін осы ғимараттың дәл қасында жоғарыда аты аталған атақты ойшыл Диогеннің мүсіні бар.  Киник философияның алдынғы қатарлы тұлғаларының бірі болған Диоген бақытты ең қарапайым түрде өмір сүру арқылы табуға болатынын айтады. Ол өз өмірін бір бөшкеде өткізеді. Диоген күндіз уақыты қолында шаммен жүргенде, өзінен сұрағандарға «адам іздеп жүрмін» деген екен. Енді оның бөшке үстінде қолында шаммен бейнеленген мүсіні ойларын сипаттап тұрғандай.

**

Синоп орталығынан шығып,  қаланың табиғи сұлулықтарына қарай жол тартамыз.  Бұл саяхатқа келесі бағдарламамызда шығамыз.  Жаңа жерлер көру, жаңа әңгімелер тыңдау үшін қайығымызда сізге де әрдайым орын бар.  Келесі апта осы күні және осы сағатта бізден алыстамаңыз.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар