​​​​​​​«Симавдың тоқыма кілемі»

«Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері» - 24

2151033
​​​​​​​«Симавдың тоқыма кілемі»

Тіркелген уақыты: 01.09.1996

Түркияның Эгей аймағында орналасқан Күтахия қаласына қарасты Симав ауданының атымен аталған «Симавдың тоқыма кілемі» 1996 жылы аудан әкімшілігінің ұсынысымен Түркияның географиялық белгісі бар өнімдерінің қатарына енген алғаш өнімдердің бірі болып табылады. Өңірдегі тоқыма станоктары мен кілем өндірісінде жыл санап өзгерістер орын алғанымен, аудан орталығы мен ауылдарда кілем тоқу маңызды сала мәртебесін сақтап келеді. Симав тоқыма кілемдерінің өрімі мақтадан, ал ілмекті жіптер қой жүнінен жасалады. Бұрын қолданылған жүн иірімдері өсімдіктермен боялса, қазіргі таңда кілемнің өлшеміне қарай химиялық бояғыштар да қолданылады. Әсіресе сары, көк және қоңыр түстер көбірек таңдалады. Симав кілемдерінде ең көп қолданылатын ою-өрнектер жапырақтар, гүлдер және құстар болса, кілемдерге әсіресе «леблеби шекері», «бұрышты қарынды» сияқты жергілікті атаулар беріледі. Ағаш тоқыма станоктарында бір шаршы метрден 85 шаршы метрге дейін әртүрлі мөлшерде тоқуға болатын Симав кілемдерін шығаруда шеберліктің маңызы зор және кілем өндірісінің басым бөлігін әйелдер жасайды. Симав кілемдері үйде күнделікті қолданумен қатар, жұмыс орындары, ресми мекемелер мен мешіттерге арналған үлкен өлшемдерде де тоқылады және сонымен қатар Симав ауданының ең танымал экспорттық өнімі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар