Түрік республикаларындағы соңғы маңызды жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі –24

2152627
Түрік республикаларындағы соңғы маңызды жаңалықтар

2024 жылдың 3 маусымында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жапония Сыртқы істер министрінің орынбасары Киото Цудзиді қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас пен Орталық Азия-Жапония саммиті талқыланды.

***

Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала өткен аптада Қазақстанға, Өзбекстанға және Әзербайжанға барды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 3 маусымда Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаланы қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның аталған ұйыммен ынтымақтастығы талқыланды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеалаға «Достық» медалін табыс етті. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 14-15 мамырда Алматыда 13-ші Орталық Азия сауда форумы өткен еді.

***

2024 жылдың 5 маусымында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен 6 маусымда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаланы қабылдады. Бұл келіссөздердің негізгі тақырыбы Өзбекстан мен Әзербайжанның аталған ұйымға толыққанды мүше болу процесі болды.

***

Мысыр Араб Республикасы Сенатының төрағасы Абдулвахаб Абдулразик Өзбекстаннан кейін Қазақстанға барды. Астанада Абдулвахаб Абдулразик қазақстандық әріптесімен кездесті. 2024 жылғы 4 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Араб Республикасы Сенатының төрағасы Абдулвахаб Абдулразикті қабылдады.

***

2024 жылғы 6 маусымда Бейжіңде Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстан көлік министрлері Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолын салу туралы келісімге қол қойды.

***

2024 жылы 5-6 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркияға ресми сапармен келді. Түркия-Өзбекстан жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 3-ші отырысы 6 маусым күні Анкарада өтті. Кездесу соңында екі ел арасында 18 келісімге қол қойылды. Президенттер баспасөз мәслихатын өткізді. Президент Режеп Тайып Ердоған президент Мирзиеевті Түркия Республикасының Мемлекеттік орденімен марапаттады. Сапар аясында Түркия-Өзбекстан бизнес форумы өтті. Президент Режеп Тайып Ердоған президент Мирзиеевті әуежайдан өзі шығарып салды.

***

2024 жылдың 7 маусымында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ислам даму банкінің президенті Мохаммед әл-Джасерді қабылдады. Кездесу барысында Ислам даму банкінің Қырғызстандағы қызметі талқыланды.

***

Әзербайжан мен Венгрия Сыртқы істер министрлерінің 2-ші Стратегиялық диалог кездесуі 2024 жылы 5 маусымда Бакуде өтті. Кездесу соңында екі елдің министрліктері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға және кездесу хаттамасына қол қойылды.

***

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында 2024 жылдың 6 маусымында Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағына барды. Министр Фидан Үрімжі және Қашқар қалаларын аралады.

***

2024 жылғы 7-8 маусымда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Мысыр Араб Республикасына ресми сапармен барды. Президент Әлиев Мысыр президенті Абдель Фаттах әл-Сисимен кездесті. Кездесулер соңында екі ел арасында 7 келісімге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар