Ресей-Украина соғысының ТМД елдеріне әсері

Еуразия күн тәртібі – 31

1805825
Ресей-Украина соғысының ТМД елдеріне әсері

Бүгінгі бағдарламамызда Ресей мен Украина соғысының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне жасайтын әсеріне тоқталамыз.

Ресейдің Украинаға шабуыл жасағанына бір айдан асты. Соғысты аяқтату жайлы тараптар арасында өткізілген кездесулерден нәтиже шықпады. Ресей мен Украина соғысы күллі әлемге нашар әсерін тигізуде. Алайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер аталмыш соғыстың әсеріне ауыр ұшырауда.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Ресей-Украина соғысына қаратқан көзқарасы Кремльмен қарым-қатынасына қарай өзгеруде. Ресеймен тұтасу процесін бастаған Беларусь Кремльдің шабуылшы саясатын ашық қолдауда. Еуразия Экономикалық Ұйымына мүше өзге елдер әкімшіліктерінің Ресейдің Украинадағы «әскери операциясына» яғни шабуылына қарсы айқын тұғыр көрсетуін күту қиын. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесіндегі Украина үшін дауыс беруде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің кейбіреуі қалыс қалды, кейбіреуі дауыс беруге қатыспады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерден Өзбекстан ғана Украинаның территория тұтастығын қолдайтынын және ауыз жүзіндегі Луганск пен Донецк Республикаларын мойындамайтынын білдірді.

Ресейдің Украинаға шабуылы батыс елдерінің Ресейге санкция жасауына себеп болды. Бұл санкциялар Ресеймен көптеген салада тығыз ынтымақтастық ішіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерге тікелей әсер жасайды. Кейбір елдердің жоғары дәрежелі лауазымдылары осы дағдарысты орайға айналдырып, елдерінің Ресейге эспортын арттыратынын білдіруде. Дағдарыстың орайға қалай айналатыны Ресей мен Украина соғысының беталысы мен жаһандық актерлердің тұғырына байланысты болмақ. Соғыс соңында әлемде бөлінудің артуы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің тарап таңдауға мәжбүр қалуы, аталмыш елдердің экономикалық және басқа жағдайларына нашар әсер етуі де мүмкін.

Соғыс басталғаннан бері Ресей мен Украина өздерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамдау үшін көптеген өнімнің экспортын шектеді. Бұл жағдай Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерде азық-түлік бағасының артуына себеп болды. Азық-түлік қауіпсіздігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы географиясындағы елдердің басты күн тәртібіне айналды. Соғыста шығын болатыны сөзсіз. Украина да, Ресей де бір айдан бері жалғасқан соғыста өздерінің әскери жан шығыны мыңнан асқанын, дұшпан шығынының 15 мыңнан асқанын жариялады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерден Ресейге көшкен және Ресей азаматы әскерлердің өлім хабарлары медиада берілуде. Қазірге дейін Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан текті орыс әскерлердің Украинада қаза тапқан хабарлары жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 24 ақпаннан бері Украинадан кеткен адам саны 3.8 миллионға жеткенін хабарлады. Ел ішінде үйінен кетуге мәжбүр қалған украиналықтардың саны 10 миллионнан асты. Ресейден басқа елдерге көшкендер де бар. Көптеген орыс маман отбасымен бірге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерге көшуде. Осы ресейліктер жергілікті экономиканың және басқа салалардың дамуына есе қосуы мүмкін. Алайда соғыстың жалғасуы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерге нашар әсер етеді.



Ұқсас жаңалықтар