Ресей мен Батыстың қарым-қатынасы нашарлады

Еуразия күн тәртібі – 17

1751866
Ресей мен Батыстың қарым-қатынасы нашарлады

Бүгінгі бағдарламамызда Ресей мен Батыстың қарым-қатынастарына тоқталамыз.

Ресей президентінің информация қауіпсіздігі саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жауапты өкілі және Ресей Сыртқы істер министрлігі Халықаралық Информация қауіпсіздігі басқармасының төрағасы Андрей Круцких 2021 жылы 16 желтоқсанда «Соғыс бар және тығыз жалғасуда. Кибер саладағы соғыс шынында толық күшімен ілгерлеуде. Медиа мұның Үшінші Дүниежүзілік соғыс екенін тура айтуда. Қазіргі мәселе - бұл соғыста кімнің жеңіске жететінін және кімнің жеңілетінін белгілеу» деген мәлімдеме жасады.

Соңғы кезеңде шынында Ресей-Батыс қарым-қатынастарындағы дағдарыс асқынды. Қарашада Украина Ресейдің қыс айларында өздеріне шабуыл жасауға дайындалғанын жариялады. Артынан НАТО «Украинаның қасындамыз», Батыс елдері «Ресейге теңдесі жоқ санкциялар атқарамыз» деген мәлімдемелер жасады. Қарашада Еуропа Одағы Wagner тобына санкция жасағанын білдірді. Украина Парламенті шетелдік әскери қызметкерлердің 2022 жылы еліне кіруін мақұлдады. Дипломаттарды «ұнатылмайтын адам» деп жариялау әрекеті жалғасуда. 2021 жылы 15 желтоқсанда Германия екі орыс дипломаттың елден кетуін сұрады. 17 желтоқсанда Еуропа Парламенті Ресейді Украина шекарасынан әскерлерін шегіндіруге шақырды.

Батыстың осы әрекеттеріне қарымжы ретінде Ресей НАТО-ның елін қоршауды тоқтатуы керектігін, қызыл сызықтан өтсе, нәтижесі ауыр болатынын ескертті. Ресей «НАТО-ның шығысқа беталып кеңеймеуге кепілдік беруін» сұрауда. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның кеңеюді жалғастыратынын хабарлады. Америка Құрама Штаттарының артынан Ресей де 2021 жылы 18 желтоқсаннан бастап «Ашық аспан келісімінен» шегінгенін жариялады.

Мәселелерді шешу мақсатымен дипломатиялық байланыстар артты. 2021 жылы 7 желтоқсанда Владимир Путин мен Джо Байден интернет арқылы кездесті. Кездесуден кейін Ресей еліне бағытталған қауіпсіздік кепілдіктерін қамтыған ұсынысты АҚШ өкілдеріне жеткізді. Путин 13 желтоқсанда Ұлыбритания премьер-министрімен, 14 желтоқсанда Франция мен Финляндия президенттерімен телефонда сөйлесті. 17 желтоқсанда Венеция Папасымен де телефонда сөйлесті.

Владимир Путин 15 желтоқсанда Си Цзиньпинмен видеоконференция арқылы кездесті. Кездесуде Путин Батыс дипломатиялық бойкот жариялаған Пекин Қыс Олимпиадаларына қатысатынын білдірді. Ресей мен Қытай Батыстың қысымына бірге қарсы тұруға келісті.

20-шы ғасырда болған Қырғи қабақ соғыс Ресей мен Батыстың білек сыбануы салдарынан туылды. Қазір де осындай жағдай болуда. Ресей мен Батыс Шығыс Еуропа және Кавказда күресуге білек сыбанып отыр. Бір жағында Ресей мен Қытай, екінші жағында АҚШ пен одақтастары жаһандық саясаттың беталысын белгілеу үшін әрекетке келуде. Қазіргі шарттарда әлемде бөлінудің тереңдейтінін, тағы бір Қырғи қабақ соғыс кезеңінің қайта оралу мүмкіндігі артқанын айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар