Әлемдегі бор элементі резервінің 73%-ының Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 59

1578930
Әлемдегі бор элементі резервінің 73%-ының Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Әлемдегі бор элементі резервтерінің 73 пайызының Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

 

Әлемде 4 мың жылдық болмысымен бордың Түркияда қашан ашылғаны туралы нақты мәліметтер болмаса да, бормен байланысты зерттеу тарихы 1800 жылдардан басталады.

Бірі-бірінен бөлек ондаған өнеркәсіптік саланың 400-ден астам түрінде пайдаланатын бор элементі Түркияның ең маңызды минералды байлығы болып табылады.

Қорғаныс өнеркәсібінен әйнек өнеркәсібіне, керамикадан ауыл шаруашылығы мен тазарту өнімдеріне дейін көптеген салада қолданылады. Тіпті ядролық реакторларда қолданылатын кейбір материалдардың шикізаты бордан өндіріледі.

Осы себепті бор «болашақтың кені» деп аталады. Бордың пайдасы санаумен аяқталмайды. Өнеркәсіптің көптеген саласында қолданылуына қоса экологиялық тұрғыдан таза болуы бордың маңыздылығын арттырады.

АҚШ пен Ресейде бор өндірілсе де, Түркияның резервтері әлемнің шамамен 400-500 жылдық қажеттігін қамтамасыз ете алатын деңгейде. Бұл ешбір елде таптырмас бір байлық.



Ұқсас жаңалықтар