Олег Урускийдің Түркия сапарына тоқталамыз

Еуразия күн тәртібі – 36

1483765
Олег Урускийдің Түркия сапарына тоқталамыз

Бүгінгі бағдарламамызда Украина премьер-министрінің орынбасары Олег Уруский төрағалығындағы делегацияның Түркия сапарына және екі ел қарым-қатынасына тоқталамыз.

 2020 жылы 26 тамызда Украина Республикасы премьер-министрінің орынбасары және Стратегиялық өнеркәсіпке жауапты министрі Олег Уруский Түркияға сапармен келді. Олег Уруский астана Анкарада Қорғаныс өнеркәсібінің төрағасы Исмайл Демирмен кездесті және тараптар ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Олег Уруский артынан Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Өнеркәсіп және Технология министрі Мұстафа Варанкпен жеке-жеке кездесті. Кездесулерде қорғаныс, авиация, ғарыш, кеме жасау, қорғаныс өнеркәсібі сияқты стратегиялық салалардағы ынтымақтастық талқыланды. 2020 жылы 27 тамызда Украина премьер-министрінің орынбасары Олег Уруский президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан қабылданды. Президент Ердоған 2020 жылы 23 тамызда Украина президенті Владимир Зеленскиймен екі жақтылы қарым-қатынастарда күн тәртіптегі тақырыптарды телефонда сөйлескен болатын.

Түркия Өнеркәсіп және Технология министрі Мұстафа Варанк Олег Урускиймен кездесуінде Украинаны Түрік қарулы адамсыз әуе көліктерімен қамдайтынын жариялады. Ескерте кетейік, өткен жылы Түркия Украинаға адамсыз әуе көліктерін берген болатын. Екі елдің осы саладағы ынтымақтастығы жоғары өреде жалғасып келеді. Украина делегациясының сапары аясында 29 тамызда Қарулы адамсыз әуе көліктері Стамбұл (Түркия) мен Украина Авиация ұйымы UKRAVİAPROM арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Украина делегациясы Түркия Авиация және Ғарыш өнеркәсібі фирмасы, Аселсан, Рокетсан-ды қамтыған осы саладағы түрік фирмаларының жұмыстарын орнында зерттеді. Сапарға байланысты шыққан хабарларда Түркия мен Украинаның Антонов ұшағын бірігіп өндіру тақырыбында техникалық кездесулердің басталғаны білдірілді.

Олег Урускийдің Түркия сапары алдында Украина президенті Зеленский Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын және Түрік Қорғаныс және Авиация фирмасы Байкар Қорғаныстың Бас директоры Халук Байрактарға Украина мемлекеттік орденін беретін заңға қол қойды.

Пандемия кезеңінде ортаға шыққан кедергілерге қарамай Түркия мен Украина қарым-қатынастары дамып келеді. Түркия украиналық туристерге алдымен есігін ашты және қазірге дейін 200 мыңнан астам украиналық Түркияда демалды. 2020 жылдың алғашқы жартысында екі елдің сауда мөлшері өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 1.7 пайыз артып, 2.27 миллиард долларға жетті. 21 тамызда екі елдің экономика министрлері интернет арқылы кездесулерінде тілге тиек еткеніндей Түркия-Украина Еркін сауда келісіміне жақында қол қойылса, екі елдің сауда мөлшері нысанаға алынған 10 миллиард долларға көп өтпей жететін болады.

«Стратегиялық» деп бағаланған Түркия-Украина қарым-қатынастары жан-жақты дамып келеді. Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Эмине Джаббар 23 тамызда елінің Түрік Кеңесіне бақылаушы ретінде қатысу талабын жариялады. Түркия аталмыш талапты ұйымның күн тәртібіне әкеледі.

Олег Урускийдің Түркия сапары қорғаныс өнеркәсібі саласында екі ел қарым-қатынастарын жаңа өреге көтереді.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар