Трамптың Сириядан кету шешімі салдарынан Сириядағы тепе-теңдіктер өзгеруі мүмкін

Күн тәртібі-52

1115735
Трамптың Сириядан кету шешімі салдарынан Сириядағы тепе-теңдіктер өзгеруі мүмкін

 

2018 жылы 19 желтоқсанда Америка Құрама Штаттары президент Дональд Трамп Америка әскерлерінің Сириядан кетуін жариялауымен бірге Сириядағы тепе-теңдік қайтадан қалыптаса бастады. Трамптың Сириядан кететінін жариялауынан кейін  Түркияның Сирия тақырыбындағы табанды тұғыры назар аударуда. Президент Режеп Тайып Ердоғанның Евфраттың шығысына бағытталатын әскери операциясын жариялауынан кейін Түрік қарулы күштері және Түркия Сирияда бірге әрекет жасаған Ұлттық армиясы операция үшін дайындықтарын тездетті. Түрік әуе күштері Ирактағы PKK-лық террористерге әуе операция жасады. Сирия-Ирак шекарасына жақын Синджар тауымен бірге Махмур лагеріндегі Каракажак тауындағы террор ұяларының бомбалануы Түркияның табандылығын көрсетуде.

2018 жылы 14 желтоқсан күні президент Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Телефондағы әңгімелерде АҚШ президенті Дональд Трамп Америка әскерлерін Сириядан шегеру шешімін жасады. Телефондағы әңгімелер барысында Дональд Трамп президент Ердоғаннан ДАИШ-ке қарсы күрестің Түркия тарапынан жалғасуын талап етеді, сондай-ақ Ердоған осы талапты қабылдайды.

Америка Құрама Штаттарының Сириядан кету шешімінің жариялануы АҚШ органдарында, Сирияда және барша әлемде үлкен жаңғырық жаратты. Осыған орай АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис пен АҚШ-тың террор ұйымы ДАИШ-пен күрес арнайы өкілі Бретт Макгурк отставкаға кетті. Америка Құрама Штаттарының Сириядан кету шешімін YPG/PKK мүшелері  сынға тартып «Арқамыздан оқ атты» деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Сириядан кету шешімі салдарынан Сириядағы тепе-теңдіктер өзгеруі мүмкін. Америка әскерлерінің Сириядан кетуімен бірге пайда болатын  олқылықты кімнің толтыратыны Сирияның болашағы үшін өте маңызды болмақ. Америка әскерлерінің шегінуі Түркияның YPG/PKK-ға қарсы операция жасауларының мүмкіншілігі туады. Сонымен қатар Ресей және Иран қолдауындағы Асад режимінің YPG-мен келісіп, Америка әскерлері босатқан аймақтарға орналасуы мүмкін.

PKK құрылғаннан бері Асад режимімен қою байланыстарының болуымен қатар Сириядағы соғыс басталған кезде Асад режимі Түркия шекарасында үш аймақты YPG-ге тапсырып берген. Енді бір жағынан екі тарап арасында өткізілген кездесуде YPG-нің алаңдарды басып алуы арқылы автономиялық жүйесін құруды талап етті және осы талаптары Асад режимі тарапынан қабылданбады. Америка әскерлерінің шегінуімен қатар Асад режимінің YPG-ге бағытталған талаптары артады. Сондай-ақ Ресей және Иранның YPG мен Асад режимі арасындағы бір келісімге қалай қарайтыны өте маңызды болады.

Мүмкін бір YPG-Режим келісімін болдырмау үшін Түркияның Америка Құрама Штаттарымен Америка әскерлерінің Сириядан кетуін координация етуі керек. Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Америка әскерлерінің Сириядан кетуінің ақырын болатынын және Түркиямен координация ететінін айтты. Бұл сөздер босатылатын алаңның басқа күштер тарапынан толтыруына тосқауыл жасауы тұрғысынан өте маңызды.



Ұқсас жаңалықтар