Мұхаммед Бухариді (Сары Салтук)

Анатолының дана - ғұламалары 51

1112052
Мұхаммед Бухариді (Сары Салтук)

Бір кездері Анатолыда киіз үйлерде өмір сүрген көшпенді адамдар бар болатын. Соғыс және кедейлікпен күрескен бұл елді-мекендерде дұрыс және қарапайым өмір сүруге тырысатын. Осы қиыншылықтар болып жатқанда, тарихи бір кезең қысқа уақыттың ішінде оларды әлемнің егемендігін қолына алған бір ұлтқа айналдырды. Еңбекқор, ер жүрек, берілген болатын. Осылайша даңқтары тарады және барлық әлемде османлықтар ретінде танылды.

Османдықтарға аз уақытта көп жетістіктер әкелген тек қана батылдықтары емес, сондай-ақ біліктілікке және ғылымға сүйенген бір тіршілік пәлсапасына ие болуы еді. Бұл түсінікпен соғысқан және «алперен» (дәруіш) делінген ардагерлер әрі жаңа жерлерде, әрі көңілдерде жеңіске жететін. Олар ұстанымдары, мінез-құлықтарымен мәдениет ғимаратымыздың тұңғыш іргетастарын қалады. Өткен апта осы тұлғалардың бірін, Баттал Газиді сіздерге түсіндірген болатынбыз. Бүгін сіздерге Мұхаммед Бухариді яғни Сары Салтукты таныстырамыз.

Сары Салтук Азияға жарық түсірген Әзірет Ахмед Яссауидің дәруіші және бір алып / гази ретінде XIII ғасырға қолтаңба қалдырған тарихи бір тұлға ретінде назар аударады.

Өзі жайлы мағлұматтар онша нақты емес және көбінесе аңыздарға сіңген. Кейбір көздер негізгі атын Шериф Хызыр десе, кейбірлері Мұхаммед Бухари деп атайды. Кішкентай кезде ата-анасы қайтыс болады дегенмен білімді және мықты бір жауынгер ретінде тәрбиеленеді.

Қолдағы мағлұматтар Әзірет Ахмед Яссауиге бағынғанын және оны тапсырмасымен Түркістаннан батысқа қарай жолға аттанғанын жазады. Қасындағы он екі мың тұрғынмен Анатолыға жеткенде де «Яссауидің» жолын ұстанған Әзірет Хажы Бекташ-ы Велидің разылығын алады.

Хажы Бекташ-ы Вели оған «Тоқтама жүр, сені Ұрымға жібердік» деген соң Балканға өтеді. Кейбірлері Салтук атының осынан шыққанын, кейбіреулер болса «мықты және жігіт» деген мағынаға келгенін айтады. Сары Салтук Балкан аймағының ислам дінін қабылдау кезеңінде маңызды роль атқарып барған елді-мекендерде мықты мінезімен іздер қалдырған. Сондай-ақ қайтыс болғанынан қысқа уақыт өтсе де ол жайлы хикаялар айтылып, аңыздар жайыла бастаған.

Ақыры 15-ші ғасырда Фатих Сұлтан Мехмет Ханның баласы ханзада Джем Сұлтан Әбу Хайыр атты бір жазушыға осы хикаяларды жинақтауды бұйырады. Және оның ұзақ уақыт жұмыстануының арқасында «Салтукнаме»  деп аталған өте құнды бір шығарма ортаға шығады.

Салтукнаме - Азиядан алған нәрімен Анатолы және Балканда бой көтере бастаған бір мәдениеттің аяқ ізі іспеттес. Халықтың құқын қорғайтын, қорлық көргеннің қолынан ұстаған, зұлымдыққа қылыш сермеген Сары Салтуктың жеңістерін түсіндіріп, сан алуан ұрпаққа жол көрсетеді. Арадан жүздеген жыл өткеніне қарамастан Яхия Кемал жазған мына өлең жолдары осы шындықты ортаға қояды:

«Келген едік бір кездері Сары Салтукпен Азиядан

Біртіндеп Ұрым еліне тарадық Сакариядан»

Балканның христиан халықтары арасында айтыла келген өте көп Сары Салтук аңызы бар. Бұлардың бірінде Добруджа қаласының биі Сары Салтукты өз елді-мекеніне келген кезде оны құрметпен күткен және бір өтініш жасаған. Аймақ халқын мазасыздандырған, жалықтырған дәу бір айдаһарды өлтіруін сұраған. Егер Салтук оны өлтіріп, кепілдікке алған ханшайымды да құтқаратын болса оған бағынуға уәде берген. Сары Салтук Добруджа биінің бұл тілегін орындаған. Ханшайымға қоса айдаһардың қолындағы христиан балаларды да құтқарып, жанұяларына қауыштырған. Міне, бұл қуанышты оқиғаға орай Сары Салтук христиан жамағаты арасында да бір Әзіз сияқты құрметтеледі.

Мұсылман халықтың арасында осы аңыздың басқа бір нұсқасын кездестіреміз. Осы нұсқаға қарағанда Әзірет Хажы Бекташ-ы Вели Сары Салтукқа тақтайдан жасалған бір қылыш беріп, оны Каликра қаласына жіберген және ол да осындағы айдаһармен қиян-кескі бір күреске кірген. Ақыры оны жеңіп, Каликрада тыныштық пен сенімді орнатқан.

Аңызға қарағанда 27 шынтақ бойы ұзындығындағы жеті басты айдаһарды тақтай бір қылышпен өлтіруі қатты назар аударады. Өйткені тақтай қылыш Анатолы дәруіштерінің белдеріне байлаған даналық қаруы болып табылады. Онымен адамды өлтірмейді, қырғын жасамайды, қазіргі жаппай жою қарулары сияқты қорлық көрген жандарға қимайды. Тақтай қылыштар жүректерімізге орналасқан меншілдік жануарына сермеледі, оларды өлтіріп, рухымызды құтқарады.

Анатолы және әлбетте Балканда жеңіске жеткендер бұл тақтай қылыштарға ие көңіл дәруіштері болып табылады.

Сары Салтук ұлы бір жауынгер болатын. Дегенмен ол жайлы жазбаларда мінезінің таң қалдыратындай бейбітшіл екені жазылды. Сондай-ақ ең қиян-кескі соғыстарын Византиямен жасағанына қарамастан мұсылман емес халық оны қатты жақсы көрген. Бұл тұрғыдан мейірімді, қорғаушы және сөзі өткір болған.

Сары Салтук өз дәуірінде өте ауқымды бір территорияда құрметтелген. Көз жұмған соң да тайпалар, тіпті ұлттар оған ие шығып, руханиятынан пайдалану үшін бір-бірімен жарысқан. Өзінің өсиетімен денесін 12 бөлек табытқа қойып жерлеген. Әрбір табыт оны жақсы көрген әртүрлі аймақтарға жіберілген. Босниялықтар, чектерге, татарларға, венгрлерге, орыстарға, поляктарға, швецтерге, ұрымдарға, молдавандарға, албандарға, хорваттарға және бұлғарларға. Осы себепті қазіргі таңда Сары Салтуктың атымен аталған көптеген қабір назар аударады.

Анатолының әртүрлі жерлерінде де Салтукқа тән екені алға тартылған орындар бар. Халықтың өзіне деген сүйіспеншілігін көрсеткен осы қабірлер Стамбұл, Тунжели, Бабаески, Бор, Диярбақыр сияқты бір-бірінен бөлек қалаларда орын алады. Оның қаншама адамға құшақ жайған бір мінезі бар екенін басқа еш нәрсе осыншама түсіндіре алмайтын шығар. Ол өмір сүрген территорияның әрбір аймағы оны иеленіп, өзіне баураған.

Сары Салтук тек қана бір әскер болмаған. Салтукнамеде оның терең ілімі бар екені де атап көрсетіледі. Мысалы дінтану тақырыптарын жақсы игергені және шіркеу мүшелерімен терең метафизикалық пікірталастарға түскені жайлы әңгімелер айтылады. Басқа салаларға көңіл бөлуі ғылыммен шұғылдануына кедергі жасамаған. Сары Салтук осыған қоса жұмысын жақсы білген бір маман болған. Хорасанда үйренген бозашылығында (жүгеріден жасалған сусын) қабілеті себепті бүгін бозашылардың пірі ретінде қабылданады.

Яғни қорытып айтқанда, бұл ұлы алып ғылымы және мамандығымен Анатолы даналығының екі маңызды ережесін ортаға қояды: ғылымға үміткер болуды және өз күн көрісін ең киелі нан ретінде қабылдауды.



Ұқсас жаңалықтар