Хүркуш (Еркін құс) ұшақтары

Веджихи Хүркуштан "Хүркуш" ұшақтарына...

1058415
Хүркуш (Еркін құс) ұшақтары

Стамбул қалалық муниципалитеті және Т3 фонды тарапынан Түркияда бірінші рет ұйымдастырылған Авиация,  ғарыш және технология фестивалі Технофест Стамбул 20-23 қыркүйек күндері арасында болып өтті.  Т3 фонды өкілетті кеңес төрағасы Селчук Байрактар фестивальді таныстыру жиынында сөйлеген сөзінде фестивальдің ұлттық технология бастамасы үшін өте маңызды екенін айтты.  Фестиваль бойынша атқарылған қойылымдар,  байқаулар, семинар мен шеберлік сағаттары осы сөзді дәлелдейтін түрде болды.

  Түрік Харб-Иш кәсіподағының Оқу басқармасы директоры Таркан Зенгиннің анализін ұсынамыз.

Фестивальде көрмеге қойылған Хүркуш сонымен бірге авиа шоу жасады. Хүркуш ұшақтарын тамашалай отырып еліміздің авиация тарихында маңызды орны бар Веджихи Зүркуштың өмірбаяны есіме түсті.  Жас кезінде маңызды істер атқарған Веджихи Хүркуш секілді сезінетін жастардың көріністері еліміздің болашағы үшін үміт отын жағады.  Веджихи Хүркуш үшін берілмеген мемлекеттік қолдау бұл жолы жас өнертапқыштардың жолын ашады. Веджихи Хүркуш та осы жағдайды былай түсіндірген еді: Шетелдерде авиацияны қалай бастағандарын, шеберханада қалай жұмыс істегендерін өте жақсы білетін едім. Барлық нәрседен бұрын ұлттық сенім мен ынталандыру осы жолдағы табыстың – жалғыз амалы.  Мен де табысты болу үшін осыған мұқтажбын. Қолымыздан тартып алынбайтын жалғыз еркіндік – ұстанымымызды таңдау еркіндігі. Мен Веджихи Хүркуш еліме қызмет ету арқылы фамилияма лайықты болдым.  Менің еркіндігім ұлттық тәуелсіздік жолының отандық өндіріс екеніне деген сенімге өмірді арнау болатын.  Себебі басқаларының қанатымен ұшуға талпынғандар Хүркуш (Еркін құс) бола алмайды»

Бүгінгі күні Түркия қорғаныс саласында өз қанаттарымен ұшу үшін болашаққа үлкен сеніммен жылжуда.

Веджихи Хүркуш 1896 жылы Стамбулда дүниеге келеді.  Әкесінен жас кезінде айрылып қалады. Ол еліміздің авиация тарихының ең маңызды тұлғаларының бірі болумен қатар басынан өткендерімен қайғылы хикаяның да қаһарманы. Оның авиация тарихына атын жаздырған көптеген табысы бар.  Мысалы Кавказ майданында міндет атқарып жүрген кезде 1917 жылы жаудың ұшағын құлатқан тұңғыш түрік ұшқышы. Өз атындағы ұшақтарды өндірген тұңғыш ұшақ жобалаушы. Түркиядағы тұңғыш ұшу мектебін құрды.  Бірінші рет әйел ұшқыш дайындаған ұстаз. Тұңғыш азаматтық авиация мектебін құрушы. Түркияның тұңғыш азаматтық авиакомпаниясы Хүркуш авиакомпаниясының құрушысы.  Веджихи Хүркуш 102 түрлі модел әскери және азаматтық ұшақпен ұшқан тұңғыш ұшқыш. 1916-1967 жылдары арасындағы 30 мың сағаттық ұшу рейсімен маңызды рекордтардың иесі. Азаттық соғысына өз еркімен қатысады. Соғыс барысында табысты барлау аясында бір грек ұшағын құлатады.  Табыстары үшін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі оны медальмен марапаттайды.

Веджихи Хүркуш бірінші ұшағы K VI –ны өндіріп шығарды және бірінші рейсін 1925 жылы жүзеге асырды. 29 жасар бір жас жігіт өзінің шектеулі мүмкіндіктерімен тұңғыш ұшағымызды жасап шығарды. Бірақ Веджихи Хүркушқа табысына орай сыйлық берудің орнына оған жаза берілді. Рұқсатсыз ұшты деген сылтаумен айлығының жартысы қысқартылды және 10 күн үйде қамауда қалды.  Осы жаза салдарынан армиядан қуылды. Осы жағдай жөнінде 1925 жылы жарияланған мақаласында «Біз әскер екенімізді ұмытыппыз, бұйрыққа қарсы шыққан едік» дейді. 1954 жылы Түркияның тұңғыш азаматтық авиакомпаниясын құрғанда да осыған ұқсас жағдайлар болады.  Түрік Әуе жолдары компаниясының қолданыстан шыққан ұшақтарын жөндеп,  бір флот құрған еді.  Рейстері еш сылтау көрсетілместен тоқтатылып, ұшақтарына кедергі жасалды,  осылайша табысты болуының алды алынды.

Веджихи Хүркуш Кадыкөйде бір ағаш шеберінің шеберханасын жалдап алып, үш айда Vecihi XIV ұшағын жасап шығарды. Осы ұшақпен бірінші рет 1930 жылы ұшты. Өз ұшақтары үшін лицензия алу мақсатымен сол кездегі Экономика министрлігіне өтінім береді.  Министрлік «ұшақтың техникалық ерекшеліктерін анықтайтын маман болмағандықтан қажетті құжат берілмейді» деп жауап қайтарады. Осы жауап негізінен отандық өндіріске қандай себептермен кедергі жасалғанын көрсетеді.

Тұңғыш отандық әуе көлігі: Хүркуш

Хүркуш - TUSAŞ (Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі ) тарапынан оригинал түрде жетілдірілген Түркияның тұңғыш отандық әуе көлігі. Жаңа буын оқу-жаттығу ұшағы Хүркуш жобасы 2006 жылдың наурыз айында Қорғаныс өнеркәсібі мен TAI арасында қол қойылған келісім арқылы басталған болатын. Жоба Әуе Күштері қолбасшылығының мұқтаждығына жауап беретін және әлем нарығына ене алатын бір оқу ұшағының жетілдірілуі мақсатымен басталған еді.  

2013 жылдың 26 қыркүйек күнгі келісім арқылы Хүркуш ұшақтарының жаппай өндірілуіне шешім берілген болатын. 26 желтоқсан күні Хүркуш-В келісіміне қол қойылды. Хүркуш А - EASA және CS-23 қажеттіліктеріне қарай сертификаттандырылған негізгі конфигурация. Хүркуш В – авиациялық электроникамен (авионика) бірлестіріп жасалған конфигурация. Хүркуш С болса ұшқыш дайындаумен қоса жеңіл шабуыл және қарулы барлау міндеттерінің арзан және жоғары сезімталдықпен жүргізілуі үшін жетілдірілді.

Бұдан бұрын сынақ рейстері сәтті аяқталған Хүркуштың қараша айында Әуе күштеріне тапсырылуы жоспарлануда. Бірінші ұшақ тапсырылғаннан кейін Әуе күштері ұшқыштары тарапынан қолданылып, үш ай түрлі сынақтар жалғастырылады. Осы үрдісте келетін сұраныстар қабылданып,  ұшақ жетілдіріле түседі. 2019 жылдың бірінші жартысына дейін Әуе күштеріне 15 ұшақтың тапсырылуы жоспарланды.

EASA-ден типтік сертификат алған тұңғыш түрік ұшағы

Ұшақ жөнінде TAI берген мәліметтер мыналар: Ұшақ сынақтарымен бірге өндірілген екі бөлек құрылымдық ұшақта ұшақтың төзімділігі мен зиянға шыдау сынақтары сәтті аяқталды.  Жоба аясында EASA (Еуропа Азаматтық авиация агенттігі) және SHGM-ге (Азаматтық авиация дирекциясы) жолдану мақсатында 545 құжат дайындалды.  Айырықша күтім және орнына алмастыруға бағытталған  құжаттар да дайындалды.  Осы жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылдың 11 шілде күні Хүркуш Жаңа буын оқу-жаттығу ұшағы үшін ТТ32 Ұшақ типті сертификаты берілді. Сол күні EASA да «EASA жарамды типті сертификатымен» Азаматтық авиация дирекциясының аталмыш сертификаты бүкіл Еуропа елдерінде өтетін болды. Осылайша Хүркуш Еуропа азаматтық авиация агенттігінен типтік сертификат алған тұңғыш түрік ұшағы болып саналады.  Хүркуш ұшақтарының табысты болуы еліміз үшін әрине өте маңызды. Алайда 1925 жылдардың шарттарында және 29 жасар кезінде түрлі кедергілерге қарамастан ұшақ жасап шығарған Веджихи Хүркушқа деген парыздың өтелуі тұрғысынан аспанда ұшуы да өте маңызды.

 



Ұқсас жаңалықтар