Ұшқышсыз әуе аппараттары мен Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары

Қорғаныс өнеркәсібінде Түркия санаулы ел қатарына енді.

1049735
Ұшқышсыз әуе аппараттары мен Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары

Қорғаныс өнеркәсібінде өндірілген ұлттық және оригинал ұшқышсыз әуе аппараттары мен қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары осы салада Түркияның әлемнің санаулы ел қатарына енуін қамдады.

Ардақты тыңдаушылар.  Түрік Харб-Иш кәсіподағының Оқу басқармасы директоры Таркан Зенгиннің анализін ұсынамыз.

**

Түркия бір жағынан қорғаныс саласында өте маңызды стратегиялық өнімдер өндіре отырып,  бір жағынан жаһандық бәсекеде елімізге артықшылық қамдайтын қорғаныс өнімдерін отандық және ұлттық мүмкіндіктермен өндіріп,  болашаққа сенімді қадаммен жылжуда. Түркия осы салада жүзеге асырғандарымен тәуелсіз саясат жүргізумен қатар сатқан өнімдерімен экономикаға да үлкен табыс келтіріп отыр. Түркияның ұшқышсыз әуе кемелерін өндіру хикаясы да бір жағынан тәуелділіктен құртылу және экономикаға жаңа үлес қамдаудың хикаясы. Түркияның инвентарына 1990 жылдары енген тұңғыш ұшқышсыз әуе аппараттары Израильдің Heron-дары мен Америка Құрама Штаттарының GNAT модельдері болатын. GNAT-тың жетілген варианттары болып саналатын Predator және Repaer ұшу кемелерінің 2000 жылдары Түркияға сатылуына АҚШ Конгресі рұқсат бермеді.  Осыдан кейін Түркия отандық ұшқышсыз әуе аппараттарын өндірісі процесін бастады.  Бүгінгі таңда Түркияда отандық және ұлттық әуе кемелері Анка мен Байрактар қолданылуда.

Қорғаныс өнеркәсібінде өндірілген İHA (Ұшқышсыз әуе аппараттары) және SİHA (Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары) осы салада Түркияның әлемнің санаулы елдері қатарына енуін қамдады.  Түркия бүгін ұлттық технология саласында жұмыс істейтін жұмыс күшіне ие. Мүмкіндік берілгенде жастарымыздың не тындыра алатынына куә болып отырмыз.  Қорғаныс - ұзын мерзімді мақсат қойып,  сабырмен жалғастырылатын еңбек нәтижесінде қорытынды алынатын бір сала. Бүгінгі ұлттық әуе кемелерінде соңғы 10 жылда жеткен жетістіктер ұзын мерзімді стратегиялық нысаналарды орындаудың нәтижесі.

Ұшқышсыз әуе аппараттары мен Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын өндіруде маңызды жұмыстарға қолтаңба басқан «Байкар» тобынан Селчук Байрактар ұшқышсыз әуе кемелерінің өндіру хикаясын былай баяндайды: «Түркияның ұшқышсыз әуе кемелерінің хикаясы қолмен ұшырылатын шағын әуе көліктерімен басталды.  Шағын әуе көліктерінен бастап біздің топ алаңда әскерлермен бірге ұшақтар ұшатын жерлерде жұмыстандық. Шағын ұшқышсыз әуе көліктерінде көрген сәтте көріністерді тікелей бірлестіріп,  карта жасау ерекшелігі болатын.  Бұл ерекшелік әлемдегі ешбір ұшқышсыз әуе аппаратында жоқ еді.  Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарында әлемдегі ешбір ұшқышсыз әуе көліктерінде кездеспейтін ерекшеліктер бар. Кейбір ерекшеліктер Африн әскери операциясындағы ұзын тәжірибелерден кейін ойластырылды.  Соңғы бір жылдан бері әсіресе Евфрат қалқаны операциясында әуе көліктеріміз көптеген жаңа шарттар көрді»

БАЙРАКТАР ШАҒЫН ҰШҚЫШСЫЗ ӘУЕ АППАРАТЫ МЕН БАЙРАКТАР ТАКТИКАЛЫҚ ҰШҚЫШСЫЗ ӘУЕ АППАРАТЫ

2007 жылы Түрік Қарулы күштерінің қызметіне берілген отандық әуе аппараты жүйесі- Шағын ұшқышсыз әуе аппараттарын Байкар тобы өндірген болатын. Кейіннен Тактикалық ұшқышсыз әуе аппараттарын да жетілтірген осы топ өнімдерінің ерекшеліктерін былай түсіндіреді: Байрактар Шағын ұшқышсыз әуе көлігі жүйесі толығымен оригинал және отандық өнім ретінде жетілдірілген электроникалық,  компьютерлік бағдарлама және құрылымдық қондырғыларымен бірге Түркияның тұңғыш шағын робот әуе көлігі жүйесі болып табылады.  Бүгінге дейін 100 мыңнан астам операциялық ұшу рейсін жүзеге асырды. Жүйені жағрафияның және метеорологияның қиын шарттарында да қолдануға әбден мүмкін.

Орта биіктік және ұзын қашықтық (MALE) сыныбы Ұшқышсыз әуе аппараттары концептіне сай жетілдірілген Тактикалық ұшқышсыз әуе аппараттары жүйесі отандық және оригинал толық автоматтандырылған ұшу бақылау ерекшеліктеріне (такси, көтерілу, ұшу, қону және паркировка) ие. Қосымша үш ұшу бақылау жүйесі, оригиналды навигация және  сенсор бірлестіру әдістерімен әлемдік көлемде ең жоғары технологиялық деңгейде жетілдірілген барлау және бақылау көлігі. Оның ұшу сынақтары 2009 жылдың қыркүйек пен қазан айларында ресми делегация алдында табыспен жүзеге асырылды.

ӘСКЕРИ ТІКҰШАҚТАРДЫ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛДЫ

Түркияның ел ішінде және шетелде жүргізген терроризммен күрес операцияларының табысында ұшқышсыз әуе аппараттары мен Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының өте маңызды үлес болды.  Байрактар TB2 ұшқышсыз әуе аппараттары 2015 жылдан бері терроризм операцияларында қолданылып келеді. TB2 ұшқышсыз әуе аппараттары дауыс шығармай,  өзі көрінбей,  өте биікте тамаша көріністер алу ерекшелігіне ие. Әсіресе Евфрат қалқаны және Зәйтүн бұтағы операцияларында бақылауда,  барлауда және атуда үлкен үлес қосты. Байрактар TB2 ұшқышсыз әуе аппараттары бүгінге дейін көптеген террористтің анықталуы және ықпалсыз жағдайға келтірілуінде қолданылды.  Зәйтүн бұтағы операциясы бойы жылжыған әскери жасақтардың алдындағы қауіп және террористтер баспана ретінде қолданған көптеген үңгір мен туннельдерді осы ұшқышсыз әуе аппараттары анықтады.  Анықталған көптеген қауіп пен террористті Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары залалсыздандырды.

Ұшқышсыз әуе аппараттары мен Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының ықпалдылығын арттыратын жаңа технологиялар да өндірілуде. Байкар топ пен ортақтары мобильдік тікелей эфир бағдарламасы Kuzgun-ды да жетілдіріп шығарды.  Бірінші рет Эфес-2018 Біріккен іс жүзінде ататын жаттығуда қолданылды. Kuzgun құрылғысы ұшқышсыз әуе көліктерінен келген тікелей көріністерді мобильдік жиһаздар арқылы тамашалауды қамдайды.  Қазіргі таңда әскери жасақтарға көруге болатын ұшқышсыз әуе көліктері немесе қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының көріністері Kuzgun арқылы аймақта қызмет атқаратын жасақтардағы мобильдік жиһаздарға жүктеледі. Осылайша аймақтағы қауіпсіздік қызметкерлеріне сол сәттегі көріністер жеткізіліп,  терроризммен күресте маңызды артықшылықтар қамдалады.  Ұшқышсыз әуе кемелері технологиясында әлемнің санаулы елдері қатарына енген Түркияның осы саладағы жаңа нысанасы – ұшқышсыз реактивті ұшақ.  Қысқа уақытта ұшқышсыз әуе көліктерінде табысқа жеткен Түркия осы жаңа мақсатына жететін әлеуетке ие.

 



Ұқсас жаңалықтар