Түркия мен АҚШ арасындағы келіспеушілік

Джан Аджунның анализі

1036941
Түркия мен АҚШ арасындағы келіспеушілік

                Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында болған дағдарыстың әрі жүйелік, әрі коньюктуралық себептерінің болғанын байқаудамыз. Жүйелік мағынада Америка Құрама Штаттары 1952 жылғы НАТО мүшелігінен бастап, Түркиямен тығыз байланыста болды.  Алайда Түркияның әсіресе Әділет және даму партиясының билік басына келуімен бірге тәуелсіз сыртқы саясат ұстануы, Түркияның мүдделерін қорғайтын саясат жүргізуі АҚШ-тың ойынан шықпады.

                Коньюктуралық тұрғыдан болса Америка Құрама Штаттарының параллельді мемлекет құрылымы FETÖ-нің басшысы Фетуллах Гүленді қайтармауы, заңдық процесті бастамауы және Пенсильванияда емін-еркін өмір сүруіне мүмкіндік жасауы екі ел қарым-қатынастарының маңызды тақырыптары болып табылады. Америка Құрама Штаттарының сонымен қатар Сирияда террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы болған YPG-мен бірге әрекет жасауы, сондай-ақ оларды жергілікті одақтас ретінде көруі, әскери машықтану және қару жағынан көмек беруі Түркия үшін қабылдауға болатын бір жағдай емес. Мысалы террор ұйымы PKK-ның Түркияның оңтүстік шекарасында кең қанат жаюы - Түркия тұрғысынан ұлттық бір қауіп. Екі ел арасындағы осы дағдарыстарға қоса соңғы кезеңде дін қызметкері Брунсон мен F-35 дағдарысы да асқынуда.

                Америка Құрама Штаттары депутаттары соңғы кезеңде Түркияға қарсы Брунсонның түрмеде болуы және Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйелерін сатып  алуын күн тәртіпке әкелді.  Депуттардың Брунсонның еркін жіберілуі жөніндегі талаптарын Ақ Үй де қайталады. Мысалы Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп президент Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген кездесуде дін қызметкері Брунсонның еркін жіберілуін талап етті. Сонымен қатар АҚШ президенті Брунсонның еркін жіберілуі талабын Твиттер арқылы жариялады.  Түркияда өмір сүрген дін қызметкері Брунсон 15 шілде күнгі FETÖ төңкеріс әрекетінен кейін FETÖ және PKK террор ұйымдарымен байланысы болғаны себепті сотталуда. Американдық дін қызметкері, евангелист Андреу Брунсонның және Түркияға санкция жасауы үшін барлық күшін жұмсаған АҚШ президент орынбасары Майк Пенстің бірдей діннің мүшелері екені айтылуда. Америка қауымында, саясатта, бюрократияда евангелисттердің қатты ықпалды екені байқалуда. АҚШ-та 90 миллион евангелисттің болғаны, бұдан бұрынғы бірқатар президенттің де евангелист болғаны баршаға аян. Сондықтан Брунсон оқиғасының Түркиямен емес, АҚШ және Евангелизммен байланысты екені көрілуде.

                АҚШ президент орынбасары Майк Пенс жасаған мәлімдемесінде Түркиядан Брунсонның еркін жіберілуін талап етті және Түркияны санкция жасаумен қорқытты. Одан кейін Трамп орынбасары Пенстің мәлімдемесіне қолдау көрсетті және Түркияға қарсы санкция жасайтынын айтты. Түркия Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ болса АҚШ-тың санкция қысымын қабылдамайтындарын және Түркиядағы сот процесінің тәуелсіз түрде жалғасқанын айтты. Чавушоғлұ сонымен қатар Америка Құрама Штаттарының талаптарын соттың тәуелсіздігіне қайшы екенін білдірді.

                Америка Құрама Штаттары Түркияға қарсы жасаған санкция шешімдері арқылы Әділет және Ішкі істер министрлерін санкция тізіміне қосты. Түркияға бірқатар несие шектемесін жасады. Осы шешім арқылы Америка Құрама Штаттарының Түркияға қарсы экономикалық соғысы басталды.  АҚШ түрік нарықтары және валюта бағамдарына қол сұқты және Түркия экономикасына шабуыл жасады. Түркияға жасалған экономикалық шабуылдарға орай Түрік Орталық Банкі маңызды шешім жасады және Түрік Лирасының құнын жоғалтуына кедергі болды.  Осы шараларға орай Түрік Лирасы доллар алдында құнын сақтады. Мысалы 7-нің үстінде болған доллар бағамы 6-ға төмендеді.

                Түркияға қарсы экономикалық шабуылдар шоғырланған күндер және сағаттарда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Түркияның жаңа экономикалық үлгілерінің принциптерін жариялады. Түркияның жаңа экономикалық үлгісі жарияланған кезде Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Түркияға қарсы алюминий және темір импорттарына қосымша салық салатынын жариялады. Трамптың мәлімдемесі валюта бағамына болымсыз ықпал жасағанымен Түрік Лирасының құны қайта көтерілді. Трамптың Түркияға қарсы санкция жасаған кезде бірдей уақытта Қытаймен де бір экономикалық соғысы жалғасып жатқан еді. Мысалы Трамптың Түркияға қарсы қосымша салық салуын жариялағаннан кейін Қытай Түркия және Ресейден жергілікті ақша бірліктері арқылы алюминий мен темір импорт ететінін жариялады. Түркия Америка Құрама Штаттарының  экономикалық шабуылына душар болған соң Ресей мен Иран Түркияны қолдайтыны жөнінде мәлімдеме жасады. 

                Алайда Түркия тұрғысынан экономикалық жақтан ең маңызды нарық болған Еуропа Одағының тұғыры өте маңызды еді. Еуропа Одағы және әсіресе Германия Түркияның экономикалық мағынада әлсіреуін және дағдарыс болуын қаламағандарын, сондай-ақ Түркиямен қарым-қатынастарын жалғастырғысы келгендерін жариялады. Түркияда дағдарыс болған жағдайда Еуропа Одағы елдері де бұл дағдарыстан болымсыз ықпал көреді. Мысалы Түрік Лирасы құнын жойған сәтте Еуропа биржалары әлсіреген еді.

             

                      



Ұқсас жаңалықтар