Түркия-Қытай дипломатиялық қарым-қатынастарының 47-ші жылдығы

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 32

1030862
Түркия-Қытай дипломатиялық қарым-қатынастарының 47-ші жылдығы

Түркия мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1971 жылы құрылды. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық шетелге ашыла бастағандары, экономикалық және саяси тұрғыдан биіктеген 1980 жылдардан бастап, тығыздана бастады.

2010 жылы Түркиямен Қытай арасында стратегиялық келісімге қол қойылды. 2010 жылы «Стратегиялық ынтымақтастық» деңгейіне көтерілген қарым-қатынастар соңғы кезеңде екі жақты жоғары деңгейдегі сапарлардың да үлесімен жылдам жетілуде. Бірақ ынтымақтастықтың стратегиялық бір жоспарлау аясында жалғасқанын айта аламймыз. Түркия мен Қытай Халық Республикасы арасында артып отырған экономикалық ынтымақтастықтың Түркия экономикасына болымды ықпалы бар. Бірақ Түркияның Қытайға қарсы сыртқы сауда тапшылығы жыл сайын артуда. Түркия 2016 жылы Қытайдан 25,4 миллиард долларлық импорт, Қытайға 2,4 миллиард долларлық экспорт жасады. Бұл жағдай жалғастырылатындай емес. Түркия мен Қытай экономикалық ынтымақтастығының күшейтілуі және жалғастырыла аларлықтай болуы үшін Қытайдан Түркияға жасалатын тікелей инвестициялар артуға тиісті. Бұл аяда 2017 жылы Түркия Республикасы президенті Ердоған және қасындағы делегацияның ресми байланыстары кезінде Түрік және қыталық фирмалар ортақ технология жетілдіруге бағытталған келісімдерге қол қойды.

Соңғы жылдары екі ел арасында тығыз бір қатынас бар. Қытайлық және түрік мемлекет қайраткерлері бір-біріне жиі барып келуде. Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған 2017 жылы мамыр айында Қытайда болып өткен «Бір белбеу – бір жол» саммитіне қатысты. Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса 2017 жылы тамыз айы басында ASEAN саммиті жиналысының дәл алдында Қытайға барып қайтты. Тағы өткен күндерде Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған «Ислам ынтымақтастық ұйымы саммит кезекті басшысы» мәртебесімен арнайы шақырылған 10-шы BRICS (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка) саммитіне қатысты. Ердоған Оңтүстік Африкада қатысқан саммит аясында Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен оңаша кездесті.

Қазір Түркия Республикасы сыртқы саясатта альтернативаларын арттырғысы келеді. Бұл тұғырда түрік басшылар Қытаймен ынтымақтастығын жетілдіруге аса мән береді. Қытайлық басшылар болса Түркияны Таяу Шығыста бір күш орталығы және «Бір белдеу – бір жол» жобасы тұрғысынан маңызды бір ел ретінде көреді. Түрік лауазымдылар Түркияның «Орта коридор» бастамасының Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» жобасымен керемет ұйқасқанын атап көрсетуде. Әйтсе де екі ел бұрынғы Жібек жолын жандандыруды мақсат етеді. Түркия Қытайдың Еуропа нарықтары бағытында орын алады. Түркияның Қытай және Еуропа нарықтарын бір-бірімен байланыстырған жаһандық қамдаушы алқаларының түйіншегі/орталығына айналуы оған үлкен пайда әкеледі.

Қытай Түркия үшін Германияның артынан әлемде екінші, Таяу Шығыста болса ең үлкен сауда ортағы болып табылады. Қытай 2016 жылы Түркияның экспорт жасаған елдер тізімінде 19-шы орында, Түркияның импорт жасаған елдері арасында болса 1-ші орында. Әрине осында екі ел арасында бір импорт/экспорт теңсіздігі де назар аударады. Жақын келешекте бұл жағдайдың реттелуі бұл ынтымақтастықты одан ілгері сатыларға жеткізуі мүмкін.

Алдағы кезеңде Қытайдың өзіне одан да сенетін және байсалды бір сыртқы саясат жүргізуі сюрприз болмайды. Әйтсе де Си Цзиньпин 2017 жылы 18 қазан күнгі ұзын баяндамасында Қытайдың «Үлкен күш» екенін қайта қайта айтты. Сондай-ақ Қытайдың қорланған күндерді артта қалдырғанын және Қытайдың өркениеті бар бір күш ретінде қайтадан тірілу уақытының келгенін атап көрсетті. Қытай Қытай коммунистік партиясының 19-шы құрылтайында қабылданған шешімдермен үлкен бір өзгеріске дайындалуда. Жаңа кезеңде салауатты өмір деңгейі көтерілген әлемге одан ашық, мықты және бай елдермен жарысатын тіпті, көпшілігінен асқан аймақтық-жаһандық рөлі және ықпалы артқан бір Қытай көруіміз мүмкін.

Түркия болса батыстық одақтастары Америка Құрама Штаттары және Еуроодақпен әртүрлі мәселелер бастан кешіп жатқанда, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүшелерімен ынтымақтастығын жетілдіруде. Бұл орайда Қытайдың жаһандық саясат пен экономикада салмағын арттыру саясатын жалғастыруы Түркия-Қытай ынтымақтастық жобаларын арттыруға үлес қоса алады.

Батыстық одақтастарымен қарым-қатынастарында әртүрлі мәселелер болып жатқанда Қытаймен экономикалық, саяси және әскери ынтымақтастығын күшейту Түркия үшін қызық бір альтернатива. Түркияның Қытаймен ынтымақтастығын күшейту талпыныстары ортаға шығып, көп полярлы ғасырға үйренуді мақсат етеді. Түркияның осы күйі жаһандық саясатта альтернативаларын арттыру ниетін көрсетуде. Қытай мен Түркия арасындағы маңызды бір тақырып болса Қытайда өмір сүрген Ұйғыр түріктері. Қытай үлкен бір мемлекет болудың қажеттілігі ретінде Түркиямен жетілдірген ынтымақтастық негізінде Ұйғыр түріктеріне қарсы қысымды енді жеңілдетуге тиісті. Қытай мұны жасаған жағдайда, еі жақты ынтымақтастық одан да жылдам жетіледі. Және Ұйғыр түріктері екі ел арасындағы ынтымақтастықта маңызды рөл ойнай алады.



Ұқсас жаңалықтар