Мехмед Мухйиддин Эфенди (Үфтаде)

Анатолының дана - ғұламалары 15

950255
Мехмед Мухйиддин Эфенди (Үфтаде)

Әзірет Дәуіт пайғамбардың керемет бір дауысы болғаны айтылады. Дауысының кереметтігі соншалықты тәңір сөзі мезмурлардан (сүре) оқыған кезде, дауысы баршаны өзіне тартып, айналасында тебіренбеген ешкім қалмайды екен. Оның құрметіне мыңдаған жылдан бері керемет дауысы барлар «Дәуиди» деп аталады.

16-шы ғасырда Бурса қаласында өмір сүрген жас азаншы Мехмед Мухйиддиннің де керемет дауысы болған. Осы жігіт еш ақша алмай, мешіттерде азан шақырып, ерікті муәззиндік жасап отырған. Әсіресе киелі кітаптардан аяттар оқығанда, дауысындағы жыламсыраған мұңды әуен бурсалықтарға қатты әсер етеді екен. Бір күні Ұлы мешіттің қызметкерлерінің бірі істеген осы жұмысы үшін өзіне еңбекақы берілетінін білдірген.

Міне, осы жас азаншы сол күні өзін терең толқытқан бір түс көреді. Түсінде біреудің оған «Мәртебеңнен үфтаде болдың, яғни алшақтадың» дегенін естіген. Ақша алған істерінің өзі үшін құнсыз болатынын түсінді..

Мехмед Мухйиддин Эфенди Алланың разылығынан айырылып жұмыс істегені үшін қатты ұялып, сол сәт муәззиндікті тастайды. Және «ғаріп, бейшара» деген мағынаға келетін «үфтаде» сөзін өзін лақап етіп алады. Ол бурсалықтар жақсы көрген «Үфтаде Әзірет» болу жолында тұңғыш қадамын осылай басады. Кейін ғаріптер мен бейшаралардың қорғаушысы және кедейлік қақпасының рухани сарбаздарының біріне айналады.

Сіздерге бүгін осы ұлы дана - ғұлама яғни, бурсалық Мехмед Мухйиддин Үфтаде жайлы баяндап береміз.

1490 жылы дүниеге келген Мехмед Мухйиддин Үфтаде нәресте кезінде шешесі бір түс көреді. Баласының бір сүт теңізінде жүзіп жүргенін көрген жас ана мен түсін айтып берген жұбайы сүттің исламда «киелі» деп қабылдаған бір сусын екенін біліп, мына қызық бір пайымды жасаған екен: «Бұл бала ғылым теңізінен несібесін алып, ғылымның жоғары бір мәртебесіне көтеріледі».

Мехмед Мухйиддиннің әкесінің жорамалы орынды шығып, баласы өте ынталы бір ғылым үміткері, артынан білімді бір дәруішке айналды. Алдында Үфтаде жібек сатқан бір дүкенде жұмыс істеп бастайды, дегенмен бұл жұмыс оған ұнамайды. Бірақ бұл дүкенде танысқан Хызыр Деде атты бір ұстаз оның тіршілігіне бағыт береді. Оған шәкірт болған Мехмед Мухйиддин ұстазының қасында көңілін тазарта бастайды. Үлкен бір белсенділік көрсетіп, әрі ғылым үйренеді, әрі нәпсімен шайқасып, оны жеңудің жолдарын іздейді. Ізгі ниетінің арқасында бұл тақырыпта да әжептеуір табысқа жетеді. Еңбекқорлығы, адамгершілігі және ақиқат ғылымындағы қабілеті оны қысқа мерзімнің ішінде шәкірттіктен ұстаздыққа көтереді. Мінез-құлқын да кішігірім бір меншілдік қалдырмағаны үшін қалада да барша оны жақсы көреді.

Айтуға қарағанда онымен тұңғыш рет кездескендер өте тайыз кісі біреу ретінде ойлайтын болған. Сыпайылығы себепті білімін көрсетпегендіктен алғашқы танысқанда ешкім оның тереңдігін байқамаған. Дегенмен жақыннан таныған сайын оған неге «білімпаздардың сұлтаны, ғашықтардың періштесі» делінгенін барша түсінетін. Үфтаде Эфенди терең білімі және мықты адамгершілігімен адамдар қасында тәрбиесіздік жасауға ұялатын даналардың бірі болатын. Рухани мінезінен тараған әдептілік сезімі оны таныған баршаға әсерін тигізетін.

Бес жүз жыл бұрын қалай болса, қазір де бұл жағдай өзгерген емес.

Адамның жетілуі біздің мәдениетімізде көңіл көзінің ашылуымен түсіндіріледі. Көңіл көзі ашылған адам әдеттегі көз көре алмаған көп нәрсені көре бастайды.

Жетілмеген адамның көзінде перде болады. Бұрынғы адамдар символикалық түрде «жетпіс мың перде» деп атаған осы перделер себепті шындықтарды толық көре алмайды. Бірақ өзін жетілдіріп, білімі мен мәнерін арттырған сайын көрініс тұнықталады. Басқалар жете алмаған қашықтықтарға қол жеткізеді.

Міне, Мехмед Мухйиддин Эфенди нәпсімен күресе отырып, көз алдындағы осы жетпіс мың пердені алып тастаған бір тұлға. Әлем жемістерінің тұрақты емес екенін, тұрақтылықтың тек қана Аллаға деген махаббат екенін өзінде сезінген.

Өзі қатты ұнатқан және дәрістерінде шәкірттеріне кітаптарын оқытқан Мәулана сияқты ол да Алла сүйіспеншілігімен жанып тұрған. Бұл себепті дәріс беруден, адамдарға қызмет етуден немесе ғибадаттардан уақыт тапқан кезде осы махаббатқа өлең жазған:

Әй, ақиқат дәруіштері,

Дос елінің жетекшілері,

Үміткерлердің сыр иелері

Достан хабар беріңдер маған.

 

Барып үлгерейін,

Ол жерде жүзін көрейін,

Айнымай жолыңды табайын

Достан хабар беріңдер маған.

Жоғарыдағы секілді Үфтаде әзірет достың жолын күтеді. Дос дегені әрине Алла Тағаланың өзі. Өйткені оның атының бірі де Уәли яғни, дос болып табылады. Жалғыз дос, жалғыз нағыз дос.

Бұл досқа жетудің жолы естен, көңілден және тілден алыстатпау. Көңілінен рухани махаббатты алып тастамау тапқырлықтың ең тазасы ғой. Мехмед Үфтаде тағы бір өлеңінде осыған тоқталады:

Хаққа ғашық болғандар,

Зікірден қаша ала ма?

Біліктілік бұлағын,

Тегіс жерге шаша ма?

 

Келсін тапқыр болған,

Сөзімде жоқ жалған,

Дүниеге құл болған,

Жақсылық пен жамандықты таңдай ма?

Қаншама адам құтылудың жолы ретінде жалғыздықты таңдайды. Оларға қарағанда жалғыздық адамның ішкі күшін ортаға шығару үшін бірден-бір жол. Бұл себепті адамдармен онша араласпай, ойлау және ғылыммен уақытын өткізеді.

Үфтаде Эфенди болса жалғыздық емес, желветті яғни халықпен бүтіндесу, олармен бірге өмір сүруді таңдағандардың бірі. Ол жайлы айтылған барлық әңгімелер оның қаншама кішіпейіл және әлеуметтік бір мінезі бар екенін ортаға қояды. Ішкі дүниесіндегі есептесудің артынан білімі мен тәжірибесін басқаларға ұсынудан ешқашан бас тартпаған. Сондай-ақ таныстарына емес, еш танымайтын адамдарға да қызыға қараған. Бурса көшелерінде түнде жолынан адасып қалған мастарға, жанұясындағы мәселелерге  мазасызданғандарға, материалды қиыншылықтарға тап болғандарға... Үфтаде Эфенди жәрдемге мұқтаж кім болса қол ұшын берген.

Есігінен ешкімді кері қайтармағаны үшін қалада барша оны жақсы көретін. Дегенмен оның осыған мәжбүр екенін ешкім білмейтін. Өйткені Үфтадеге Эфендиге қарағанда болмыстағы барлық нәрсе махаббатымен өртеніп жатқан Алланың ғаламшардағы көрінісі болатын. Табиғаттың үндескен бірлік сезімінің негізінде де осы бар. Және басқа жандыларға мейірімділікті тастап тек қана өз нәпсілеріміздің артынан жүгіру осы бірлік сезіміне үлкен зиян келтіреді. Сонда адамзатқа қызмет ету, болмыстың бірлігіне яғни, шындықтың дәл өзіне қызмет ету деген сөз.

Бурсалық Мехмед Мухйиддин Үфтаде міне, осы пікірлермен өмірі бойынша бірлік жолының жұмысшысы, қызмет жолының сарбаздарынан болған. Оны бүгін қайырымдылықпен еске алған анадолылықтар Үфтаде Эфенди қалдырған терең рухани мұраны әрқашан ескеріп отырады.



Ұқсас жаңалықтар