Ататүрікті еске алу апталығы

10 қараша - Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болған күні.

844201
Ататүрікті еске алу апталығы

10 қараша -  Түркия Республикасы мемлекетінің құрушысы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болған күні.  Оны тағы бір рет құрметпен еске аламыз. Чанаккале шайқасы барысында табысымен назар аударған Мұстафа Кемал 1-ші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде Османлы Империясының жеңілді деп есептелуінен және ел территориясын бөлісе бастауынан кейін түрік ұлтына көсемдік қылып, Ұлт Азаттық күресті бастады. Осы күрес табыспен аяқталып,  Лозаннада өткен Бейбітшілік келіссөзі нәтижесінде Түркия Республикасы құрылды.  Мұстафа Кемал де тұңғыш президент болды.  Артынан Ататүрік деген текті таңдаған көсем түрлі төңкерістермен заманауи қоғамның қалыптасуына үлкен үлес қосты. 



Ұқсас жаңалықтар