Ирандағы түріктердің тіл мәселесі

Джемил Доғач Ипектің мақаласы

807150
Ирандағы түріктердің тіл мәселесі

Иранда жақында парсы тілін дұрыс сөйлей алмайтын және парсы емес ұлттардың мұғалім болып жұмыс жасауына кедергі болатын қағида жарияланды.  Біз де бүгін осы шешім мен Ирандағы түріктерді қолға аламыз.

Ататүрік атындағы Университеттің Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Доц. Др. Джемил Доғач Ипектің анализін ұсынамыз.

**

    Иранның Білім беру министрлігі бір қағида жариялады.  Осыған орай парсы тілін акцентпен сөйлейтін,  парсы емес ұлттардың мұғалім болуына мүмкіндік жоқ. Халықаралық медиаға да шыққан хабарларға қарағанда, Иран Білім беру министрлігі тарапынан жарияланған мәтінде «Ч, Г, Ж және Қ секілді парсы әріптерін шығара алмайтын және түзету мүмкін емес акценттері бар азаматтар мұғалім, әсіресе парсы тілі мен әдебиеті мұғалімі болуына тыйым салынады» деген сөздері орын алған.  Осында аталған әріптерді Иранда тұратын халықтардың арасынан тек түріктер қолданады.  Басқа халықтардан гөрі түріктер мен арабтарды нысанаға алған осы ереже бойынша айырықша бедеу әйелдердің де мұғалімдік қызмет атқаруға болмайтыны айтылған. Иран түріктері және араб текті халықтар осы ережеге наразылық білдіріп отыр.  Ирандағы түріктер әлеуметтік желіде «Мен түрікпін және менің өз тілім бар» деп жазып, өз пікірлерін білдіруде.

Мен осы тақырыпта Иран түріктерімен сөйлесіп көрдім. Иран түріктерінің осы мәселеге байланысты көзқарастары екі топқа бөлінеді. Түріктердің кейбірі шешімге наразылық білдіре отырып, парсы тілінің маңызды ақын мен жазушыларының түріктердің арасынан шыққанын атап көрсетеді.  Мысалы Мәулана Джелаледдин Руми үлгі ретінде көрсетіледі. Иран түріктерінің көпшілігі бұл шешімнің өте маңызды еместігін,  себебі Иранда тұратын түріктердің негізгі талабының түрік тілінде білім алу екенін атап айтады.

Бүгінгі таңда Иран түріктері 30 миллион санымен Ирандағы парсылардан кейінгі ең мықты халық. Түріктер геосаяси тұғыр, әлеуметтік-мәдени құрылым,  экономикалық күш және саны жағынан Ирандағы саяси өзгерістерде маңызды рол ойнайды.

10 және 11-ғасырларда түрік Селчук билігі астында оғыздар Әзірбайжанға көшкен кезде аймақта түрік халқының негізін қалады. 15-ғасырға дейін кезегімен Елхан,  Қарақоюун, Аққоюун мемлекеттерінің билігі кезінде де Орталық Азиядан аймаққа көш жалғасты. Әзірбайжан түріктерінің парсы мәдениеті және әдебиетімен танысуы да осы кезеңге дөп келеді. Алайда түріктердің исламдануы үрдісі аяқталған осы кезеңде әсіресе Иран-Әзірбайжан территориясы шиіттердің бақылауына кірмегендіктен Әзірбайжан мәзхабтық жағынан да тұтастық ішінде болатын. 1501 жылы Сафеви мемлекеті құрылғаннан кейін аймақ халқының куәлігі үлкен өзгеріске ұшырады. Әзірбайжанда құрылған осы билік Иранға өте үлкен аймақтық күш берді.  Айырықша көпшілігі сүннит болып келетін халықтарға шиіт мәзхабын қабылдаттырды.  Аймаққа кейін билік құрған Авшар мен Качар әулеттері кезінде де түріктік санасы мен шиіт мәзхабы өз маңыздылығын сақтап қалды.

Аймақта тұратын түріктер ғасырлар бойы елдің сыртқа ашылған қақпасы болды,  шетелдерде ел атынан өкілдік жасады және батыс университеттеріне алғаш барған студенттерді арасынан шығарды.  Бұнда Әзірбайжан территориясының Иран, Османлы және Патшалық Ресей секілді үш ұлы империяның табысқан жерінде орын алған болуы ықпалды болды. Осы арқылы аймақтағы түріктер үш мемлекеттің мәдени жетістіктерінен хабардар болу және оны өз қоғамдарына жеткізу мүмкіндігі болды.

Иранда ғасырлар бойы билік құрған түрік әулетінің басқарушылығы 20-ғасырдың басында аяқталды.  Орнына парсы тектес Пехлевилер дәуірі басталды.  Осы өзгеріс Иран түріктері тұрғысынан өте маңызды.  Осы дәуірде түріктер түрлі шектемелерге душар болды.  Пехлеви дәуірінде қабылданған парсы идеологиясы аймақта өмір сүретін түріктер үшін өз ұлттық санасын қайта ояту және билікке түсіндіру қажеттігін тудырды.  Шах құлаған кезде ықпалды болған түріктер Ислам төңкеріс қозғалысын бастаған топтар арасында орын алды.    

    Бүгінгі күні түріктер Иранда саясатта және экономикада беделді тұғырда.  Алайда түрік тілінің ресми тіл болмауы, түрік тілінде оқу мүмкіндігі болмауы сынды себептермен Иран әкімшілігімен проблемалар болып жатады.

Ирандағы түріктерді бір елдегі азшылық деп қарау мүмкін емес.  Себебі шамамен мың жылдан бері Иран территориясының саяси тарихында оқиғалардың пішінденуінде түріктердің беделді ролі болды. Парсы мәдениеті мен түрік мәдениеті әрі Иранда,  әрі Иран тысында өзара ықпалдасқан,  араласып кеткен. Осы көне мәдениеттер бір-бірімен жіті араласып, кей жерлерде сіңісіп кеткен.  Иран – басқару дәстүрі бар тәжірибелі мемлекет. Ана тілде білім және баспасөз еркіндігі бүгінгі күні негізгі адам құқықтары арасында деп саналады.

Иран мемлекетінің түрік тілінде білім алу және түрік тілінде басылымдарға рұқсат беру секілді халықтың талаптарына оң жауап беруі пайдалы болады.  Бұл әрі Иран, әрі аймақтың тұрақтылығы үшін маңызды.

   



Ұқсас жаңалықтар