Ауғанстан тәуелсіздігінің 98 жылдығы

Др. Джемил Догач Ипектің мақаласы

802750
Ауғанстан тәуелсіздігінің 98 жылдығы

Террорлық лаңкестіктерге байланысты Еуразияда күн тәртібінен түспеген Ауғанстан тәуелсіздігінің 98 жылдығын тойлап отыр.  Біз де бүгін бағдарламамызда Ауғанстандағы жағдай мен Түркия және Ауғанстан қарым-қатынастарына тоқталамыз.

Ататүрік атындағы Университет Халықаралық байланыстар кафедрасының оқытушысы Др. Джемил Догач Ипектің тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.

**

1919 жылдың 19 тамыз күні тәуелсіздігін алған Ауғанстан құрылған күннен бері терроризм секілді көптеген проблемамен арпалысып келеді.  Елде географиялық жағдайдың қиындығы себебімен орталықтан басқару өте қиын.  Сондықтан ел террориториясы халықаралық қылмыстық ұйымдар және террор лаңкестіктеріне ашық. 2001 жылдан бергі НАТО елдерінің терроризмді жою ынталары нәтиже бермей, Ауғанстанда террор қауіпі бара-бара артуда.  Елде террор лаңкестіктері,  жанкешті жарылыстар,  қантөгістер әрдайым болып тұрады.  Ел көлемінде 15 аймақта Талибан содырлары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар жалғасуда.

Ауғанстанда артып отырған жоқшылық, сауатсыздық және жұмыссыздық – дамудың алдындағы үлкен кедергі. 2015 жылдан бұрын Ауғанстан халқының 35 пайызы жұмыссыз болатын.  Осы көрсеткіш 2016 жылы 40 пайызға шықты.  Жұмыссыздық көрсеткіштері жоғары болып табылатын қалалар арасында Кабул, Герат, Нангархар, Кандахар және Мазар-ы Шариф бар. Жұмыссыздардың көбін жастар қалыптастырады. Шамамен 35 миллион халық тұратын Ауғанстанда 20 миллион адам күніне орташа есеппен 1,5 доллармен күн көреді.

    Ауғанстан -  әлемдегі есірткі ең көп өндірілетін ел. Үкімет 2001 жылғы АҚШ басқыншылығынан бері есірткімен күрес үшін көп қаражат жұмсады, алайда өндіріс жыл сайын артып отыр.  Бұл жағдай болса саяси және экономикалық тұрақсыздыққа себеп болуда.  Ауғанстан Есірткімен күрес министрлігінің деректеріне қарағанда 2016 жылы 201 мың гектар жерге егілген көкнәрден шамамен 4 мың 800 тонна есірткі жасалса,  биыл осы өндірістің өткен жылмен салыстырғанда екі есе артатыны болжалып отыр.         Ауғанстанның тұрғын санының 3 миллионнан астамы есірткіге тәуелді. Елде есірткі тәуелділерінің шамамен 40 пайызын әйелдер мен балалар қалыптастырады. Осы көрсеткішпен Ауғанстан әлемде ең көп есірткі қолданатын елдердің басында келеді.

Саяси және экономикалық тұрақсыздықпен қоса Ауғанстанның өз көршісі Пәкістанмен де көптеген проблемасы бар. Екі ел арасындағы проблемалардың басында 19-ғасырда ағылшындар дайындаған Ауғанстан-Пәкістан шекара желісі келеді. Түркия екі елмен де қатынастары жақсы болғандықтан, екі ел қарым-қатынастарында маңызды рол ойнайды.

Түркия мен Ауғанстанның жақсы қарым-қатынастары көптеген жылдан бері жалғасып келеді.  Екі ел арасында дипломатиялық қатынастар 1921 жылы құрылды.  Түркия өкілетті елшілігі – Кабулда ашылған тұңғыш дипломатиялық миссия. Түркия 1920-1960 жылдар арасындағы кезеңде Ауғанстанның модернизациялық жұмыстарына әрдайым қолдау берді.  Ауғанстанда әкімшілік, әскери, мәдени, білім беру және медицина секілді негізгі мемлекеттік мекемелердің дамуында маңызды рол алды. 1932-1960 жылдар арасында Түркия Ауғанстанға 212 мұғалім, дәрігер, офицер және басқа да мамандар жолдады. Жақын достық және ынтымақтастық қатынастары Ауғанстанды Кеңес Одағы басып алғанға дейін жалғасты.  Кеңес басқыншылығы 1989 жылы аяқталғаннан кейін Түркия Ауғанстандағы оқиғаларды жіті бақылауын жалғастырды,  әрі сыртқы актерлер,  әрі елдегі барлық топтармен байланысқа өтіп,  Ауғанстанға тұрақтылық пен бейбітшілік орнату үшін қолдау беруге тырысты. Түркия бүгінгі күні де Ауғанстанның қауіпсіздік және даму саласындағы жұмыстарына белсенді түрде қолдау беріп келеді.

    Түркияның Ауғанстан саясатында 4 фактор алға шығады. Бұлар Ауғанстанның бірлік пен тұтастығының сақталуы,  қауіпсіздік және тұрақтылықтың орнауы,  елде халық қолдайтын және ауқымды саяси құрылымның нығайтылуы және Ауғанстанның терроризм және радикализмнен тазаланып,  халықтың тыныштыққа жетуі. Осы мақсаттар аясында Түркия әрі екі жақты деңгейде,  әрі БҰҰ және НАТО-ның жұмыстарына қолдау беру арқылы Ауғанстанға молынан көмек беріп келеді. Ауғанстанның көршілерімен байланыстарының дамуы – Түркияның Ауғанстан саясатының маңызды факторларының бірі.

 Осы мақсатпен 2007 жылы Түркия-Ауғанстан-Пәкістан үштік саммит үдерісі мен 2011 жылы Азияның жүрегі аймағы елдерінің қатысуымен Стамбул үдерісі басталды. 2004 жылдан бері Түркия жүргізген даму бағдарламасы (шамамен 1 миллиард доллар құнында 850-ден астам жоба) Түркияның бүгінге дейін осы елге жүзеге асырған көмектері арасында келеді.

Брюссельде 2016 жылдың 4-5 қазан күндері арасында өткен Ауғанстан конференциясында Түркия 2018-2020 кезеңі үшін даму көмегіне байланысты уәдесін 150 миллион доллар деп жариялады.  Варшавада 2016 жылдың 8-9 шілде күндері болған НАТО саммитінде болса Түркия Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне үлес ретінде 2018-2020 жылдар үшін 60 миллион доллар беруге уәде берді.



Ұқсас жаңалықтар