Террор барлық жерде

Ердоған «терроризм шырмауы бір күні келіп, сізге де соққы енгізеді» деп ескертіп келеді.

770775
Террор барлық жерде

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған батыстық елдердің PKK, FETÖ және басқа да солшыл террор ұйымдарына қолдау беруін әрдайым сынады. Тіпті ДАИШ террор ұйымымен күрестің басында көптеген батыс елдерінің ақпарат бөлісуде қызғаншақ болуы және өз азаматтарының осы ұйымға қосылуын қамдайтын жолдарға кедергі болмауы Түркияның лидері Ердоғанды ашуландырды.  Сол күннен бері Ердоған «терроризм шырмауы бір күні келіп, сізге де соққы енгізеді» деп ескертіп келеді.

ДАИШ басқарушыларының көпшілігінің батыс елдерінің төлқұжатына ие болғанына қарамастан,  Түркияның сонымен бірге сауда,  әскери және саяси салада одақтасы болып табылатын осы елдер достарынан келген осы ескертуге құлақ аспады. Түркия ДАИШ-пен өз жерінде,  Сирия және Иракпен қоса әскери кеңесшілік қызметін берген барлық елдерде аянбай күресуде. ДАИШ террорына жүздеген азамат пен әскерін шейіт қып берді.

Өкінішке орай батыстық достары Түркияны осы терроризммен күресінде көп уақыт бойы жалғыз қалдырды.  Бұл жетпеген секілді ДАИШ-тың жасырын түрі секілді болған Халықаралық Фетуллахшы террор ұйымының жалған хабарларымен Түркияның ДАИШ-ке қарсы пассив болғанына сенді.  Тіпті кейде батыстық әріптестеріміз медиа органдарында Түркияның осы террор ұйымына қолдау бергені жөнінде жала жауып, түрлі хабарлар жазды.

Батыстық журналист әріптестеріміз кәсібіміздің қара дағы болып табылатын осы хабарларды жазған кезде ДАИШ террор ұйымы да Түркияның елді мекендеріне,  қалаларына бомбалар жаудырып жатты.  Тек Фетуллахшы террор ұйымының үгіт-насихат органдарынан жалған дерек  алып, жала жапқан хабарларды,  мақалаларды жазған, радио және теледидарларда бағдарламалар жүргізген әріптестеріміз осы террорлық ұйым өлтірген жүздеген жазықсыз түрік азаматына байланысты ар-ұжданы сыздай ма екен?

Лондонда,  Парижде, Брюссель және басқа да батыс қалаларында осы қанды ұйым шабуыл жасаған кезде біз түркиялықтардың жүрегі сыздады.  Түркиялық журналист және жазушылар осы террор лаңкестіктерін айыптайтын мақалалар жазып,  бағдарламалар жарияладық. Мынаны білу қызық болар еді: қанша неміс,  голландиялық,  бельгиялық немесе француз әріптесіміз ДАИШ, Фетуллахшы террор ұйымы немесе PKK террор ұйымы қырған мыңдаған түрік азаматы үшін аза тұтты? Немесе қырғындарды сынайтын,  қарсы шыққан мақала жазды? Бір қолдың саусағынан аспайтындай мақала көрдім десем қателеспеймін.

Бірақ ең қызығы,  ондаған бастықтық әріптесімізді PKK-ның террорист дайындайтын лагерьлерінде,  Фетуллахшы террор үйымының басшысының сарайында немесе өз елдеріндегі кеңселерінде көрдік сол медиа органдары арқылы.  Тек батыстық журналист әріптестеріміз емес,  НАТО-да,  Еуропа Кеден одағында және батысқа да зиян келтірген террорист ұйымдарға қарсы ортақ күрес жүргізген елдердің үкімет және мемлекет басшыларының осы ұйымдарға сүйіспеншілікпен қарап, мейірім көрсеткенін көріп отырмыз.

Осы саясат қайраткерлері түрік мемлекет қайраткерлерімен қол алысып, бір үстелде отырғаннан кейін осы террористтермен бас қосады.  Осы екі жүзді саясаттарын жүргізе отырып,  түрік мемлекет қайраткерлерімен оңаша кездескеннен кейін түрік азаматтары,  түрік әскерлері мен полиция қызметкерлерін өлтірген террористтермен бас қосқандарына еш өкіне ме?

Германияны алып қарайық.  Неміс канцлері Меркель басына қиын сәт түскен кезде Түркияға, Түркия басшысы Ердоғанға келіп, қолдауын алады.  Сол канцлер Меркель он мыңдаған сәби, қариялар, әскер және полицияны өлтірген PKK террор ұйымына қолдау беріп отыр.  Одақтасы болып табылатын Түрік президент Ердоғанның өз азаматтарымен бас қосуына рұқсат бермейді.  Бірақ сонымен бірге он мыңдаған түрік азаматының жендеті PKK үшін елінің көптеген қаласында митинг,  жиналу және үгіт-насихат жүргізу рұқсатын береді.

Тіпті өткен апта Германияда жүзеге асырылған Үлкен 20 саммиті болған ғимаратқа бірнеше метр қашықтықта шамамен 10 мыңдаған түрік азаматын өлтіруге бұйрық берген, соңғы ғасырдың ең үлкен терроризм басшыларының бірі Абдуллах Өджаланның суретінің ілінуіне және террорге қолдау беретін митингтің өткізілуіне рұқсат берді.

Неміс барлау қызметінің өзі террор ұйымы PKK-ның он миллиондаған евролық көмекті өз елдерінде жинағанын білдірді.

2016 жылдың 15 шілде күні 250 түрік азаматын өлтірген және мыңдаған адамды жаралаған Фетуллахшы террор ұйымына мүше төңкерісшіл офицерлерге құшақ ашты.  Оларға Германияда тамаша тұрмыс ұсынды.

Бүгін Германия өз еккенін орып отыр.

Гамбургта болып өткен Үлкен 20 саммитіне қарсы шығу сылтауымен PKK-лықтар, Фетуллахшылар мен басқа да террорлық ұйымдар қаланың барлық жерін өртеп, қиратты. AntiFa деп аталатын террорлық ұйым Сирияда, Иракта ДАИШ және PKK-мен ортақ қозғала отырып,  Германияның бас қаласында мемлекеттің қол астында терроризм жасап отыр.

Түркия Республикасының лидері Ердоғанның айтқанындай террор шырмауы енді Еуропаның барлық жерінде. Ертең Еуропа полициясы осы террористтерге қарсы қалай күресетіндерін білгіміз келеді. Барлық жерде болғанындай осы террористтер Еуропадағы жазықсыз адамдарға зиян келтіреді.

AntiFa бастаған PKK, Фетуллахшы террор ұйымы және ДАИШ террор ұйымдары өкінішке орай Еуропаның да шындығы болды. Еуропалық саясат қайраткерлерінің осы қате ұстанымы салдарынан еуропалық азаматтар ауыр зиян көреді. Ең ауыры  осы азаматтар да біз секілді терроризммен бірге өмір сүруге мәжбүр болады.

Ердал Шимшек



Ұқсас жаңалықтар