Түркия мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынас

Түрік әлемінен жаңалықтар-4

664181
Түркия мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынас

 

Бүгінгі бағдарламамызды Әзірбайжанмен бастаймыз. Түркия мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға биыл 25 жыл болды.

1991 жылы 30 тамыз күні Әзірбайжан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Түркия 1991 жылы 9 қараша күні бірінші ел болып Әзірбайжан Республикасын таныды. Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 14 қаңтар  күні құрылды және Бакуде бас консульдық ретінде міндет атқарған миссия  елшілік деңгейіне көтерілді. Әзірбайжанда сонымен қатар Нахичеван және Гәнжә бас консульдықтары жұмыс атқаруда. Әзірбайжанның болса Анкарада елшілік, Стамбул мен Карста да бас консульдықтары бар.

Түркияның Әзірбайжанмен қарым-қатынастары әрі жан-жақты, әрі стратегиялық деңгейде. Үнемі жалғасқан өзара сапарлар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың күшеюінде дәнекер болды. Екі ел мемлекет лауазымдарының үнемі кездесулері және өзара сапарлары бір дәстүрге айналды.

Әзірбайжан Президенті Илхам Алиев Түркия мен Әзірбайжан арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың 25-ші жылдығына орай Президент Режеп Тайып Ердоғанға құттықтау жолдама жіберді.

Президент Алиев жолдамасында мына сөздерге орын берді: «1992 жылы 14 қаңтар күні Әзірбайжан мен Түркия арасында дипломатиялық қарым-қатынастар құрылған күні болып табылады.  Осы маңызды оқиғаға орай сізді құттықтаймын. Сондай-ақ дос және бауырлас түрік халқына деген шын ниетім мен тілектерімді білдіремін. Тәуелсіз Әзірбайжанның тарихында бауырлас Түркия-  дипломатиялық қарым-қатынас құрған алғашқы ел. Халқымыз бен мемлекетіміз арасындағы байланыстар көне тарихқа барып тіреледі. Өткен жылдар ішінде «бір ұлт, екі мемлекет» принцибі әлемде теңдессіз Әзірбайжан-Түркия қарым-қатынастарының барлық салаларын қамтуда. Достық және бауырластық негізінде құрылған байланысымыз бүгін ортақ талпыныстармен стратегиялық деңгейге көтерілді. Әзірбайжан-Түркия ортақтығы халқымыздың байлығына, мемлекетіміздің өркендеуіне, аймақта тыныштық пен тұрақтылықтың орнығуына үлес қосады. Түркия-Әзірбайжан береке-бірлік және селбесуінің бұдан кейін де халқымыздың мүддесі аясында күшейетініне және кеңейетініне кәміл сенемін.»

Ендігі жаңалығымыз Түрікменстаннан. Түрікменстанда инвестициялар 2017 жылы да жалғасады.

2016 жылы инвестиция бюджетінің маңызды бөлімін Ашхабадта салынған Олимпиадалық стадиондар үшін босатқан Түрікменстан 2017 жылы 873 жаңа спорт алаңын салуды жоспарлауда.

Қыркүйекте өткізілетін 5-ші Азия олимпиадасы үшін астана Ашхабадтағы Олимпиадалық стадиондар түрік мердігерлер фирмасы тарапынан салынды.

Түрікменстанның 2017 бюджетінде де құрылыс секторы инвестициялары үшін 42 миллиард 700 миллион манат бөлінді. Инвестиция бюджетінің  34 миллиард 900 миллион манаты өндіріс мақсатындағы орындар және 7 миллиард 800 миллион манаты болса әлеуметтік мақсатты  орындардың құрылысы үшін жұмсалады.

Түрікменстан экономикасы жөнінде жасалған мәлімделерде Түрікменстан жеке секторының өндірісіндегі үлесінің 2016 жылы 40 пайызға жеткені білдірілді.

2016 жылы Түрікменстан жеке секторы тарапынан керамика, кірпіш, құбыр, кабель сынды өндіріс орындарымен қатар көптеген кілем және үй жиһазы өнімдері фабрикалары ашылды. 2016 жылы жұмысқа қосылған жұмыс орындары арқылы  9 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

2016 жылы таза ұлттық кіріс  6,2 пайыз артты. 2017 жылғы нысана болса экономиканы 6,5 пайыз деңгейінде үлкейту болып табылады.

Кезекте Өзбекстан туралы жаңалық бар. Өзбекстанның әйгілі Ақсарай резиденциясы Ислам Каримовтің мұражайы ретінде жұмысқа қосылады.

Өзбекстанның бірінші Президенті Ислам Каримов мұражайы Ташкенттегі Ақсарай резиденциясы тармағында болады.

Мұражайдың беташар рәсімі Ислам Каримовтің дүниеге келген күні болған 30 қаңтарда өтеді.

Алынған мағлұматтарға қарағанда Сарайда соңғы күндерде қарбалас жұмыс істеліп жатыр.

Ақсарайды мұражайға айналдыру хабары өткен айда баспасөзде де орын алған еді.

Өзбекстанның жаңа президенті Шавкат Мирзиеев болса жұмысын Тәуелсіздік алаңындағы сенаттың екінші қабатында істеуде. Сонымен қатар шетелдік қонақтарды да осы жерде қабылдауда.

Екі жыл ішінде жаңа Президенттік сарайдың салынатыны жөнінде хабар жарияланған болатын. Алайда сарайдың қай жерде болатыны әлі белгілі емес.

Соңғы жаңалықтарымыз Қазақстанмен байланысты. Қазақстан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына дайындалуда.

2017 Универсиада қысқы ойындары 29 қаңтар мен 8 ақпан күндері аралығында Қазақстанның Алматы қаласында өтеді. 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарында спортшылар 12 салада бағын сынайды.

Дайындықтарының соңғы сатысына келген Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының ресми билет сату офисі ашылды. Билет сату офисінің ашылуына қазақстандық спортшылар, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының елшілері, өнерпаздар, журналисттер және саясатшылар қатысты.

2017 Универсиада қысқы ойындары билет сату офисінің ерекшелігі бұл жерде ақшалай қиыншылығы бар азаматтарға билеттердің сатылуы. Мысалы, ардагерлер, мүгедектер және студенттерге арзан бағада билет сатылады. Қазір Универсиада қысқы ойындарының барлық жарыстарына билет сатылады. Алматы қаласының 8 түйінінде өткізілетін 117 жарыс үшін билеттерді  оңай алуға болады.

Қазақстанда Универсиада қысқы ойындары алауын қолға ұстайтындар да белгілі болды. Осы үшін ел көлемінде спорт, ғылым, мәдениет саласының алдыңғы қатардағы 1000 азаматы таңдалды. Алматы қаласында болса алау тобы 100 адамнан құралады. Қазақстан мемлекеттік ұлттық университетінің студенті, Рио 2016 да Қазақстанға алғашқы медаль жеңіп алған Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин болса ойындардың ресми елшісі болып сайланды.

Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматы қаласында Универсиада қысқы ойындары барысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. 20 қаңтар күнінен бастап Алматы  театрлары, концерт залдары, мұражайлар мен кітапханаларда әлемге әйгілі ойындар, ән-билер, көрмелер және конференциялар болады.

1955 жылынан бастап, халықаралық деңгейде өткізілген ең жоғарғы деңгейдегі спорт іс-шаралары саналған Универсиада қысқы ойындарына Қазақстан тұңғыш рет 1993 жылы қатысты.

ТМД елдері ішінде Универсиада қысқы ойындарын өз жерінде ұйымдастырған алғашқы ел болған Қазақстанға 50 елден 2000 спортшы келмекші.

Халықаралық бәсеке тікелей эфирде беріледі. Осы ойындарды 80 елде 1 миллиард адам экраннан  тамашалай алады.

 



Ұқсас жаңалықтар