Түрікменстанда президенттік сайлау жақындады.

Түрік әлемінен жаңалықтар-5

664174
Түрікменстанда президенттік сайлау жақындады.

      

Бүгінгі жаңалықтарымызды алдымен Түрікменстаннан бастайық.

Түрікменстанда президенттік сайлау жақындады. Түрікменстанда мөлшермен екі аптадан кейін 12 ақпанда өткізілетін президенттік сайлауы үшін үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.

9 үміткердің ішінде күдіксіз ең күштісі-Президент Құрбанқұлы Бердімұхамедов. Үміткерлер мемлекеттік теледидарда және провинциялардағы жабық залдарда өздерін таныстырды. Tүрікмен лидері Бердімұхаммедов та осы аяда провинцияларды аралауда. Өткен апта Балкан провинциясынан кейін оңтүстіктегі Марыға барған Бердімұхамедов ең соң Лебапқа барды. Лебап сапары аясында Койтендаг ауданындағы Гарлық кен ошағы мен тыңайтқыш фабрикасындағы жұмыстарды тексерді.

Лебап аймағының ең үлкен инвестициялардың бірі болған базаларға темір жолы да қатынауда. Түрікмен лидері осы маңызды база тамамдалғанда, жылына 1 миллион 400 мың тонна тыңайтқыш өндіретінін және өндірістің маңызды бөлімін экспорт ететінін, сондай-ақ 1700 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететінін білдірді.

Түрікмен Президенті Лебап провинция сапары аясында Орталық Азияның ең үлкен өзені Амудәрия үстінде автожол және темір жолы өткелі үшін аймақта салынатын көпір жобасын да тексерді.

Аталмыш көпірдің аяқталуымен түрік экспорт фирмалары үшін де альтернатив қатынас мүмкіндіктерінің жарыққа шығуы және Иран арқылы Түрікменстанға кіретін түрік камаздары да осы көпірлерді қолданады. Өзбекстанға және сол жерден басқа Орталық Азия нарықтарына оңай жете алады.

Ендігі жаңалықтарымыз Қазақстан туралы. Қазақстанның елордасы Астана әлем деңгейінде маңызды кездесулерге үй иелігін жасады. 23-24 қаңтар күндері аралығында Астанада өткен Сирия кездесулері үлкен маңызға ие болды.

Астанада Сирия келіссөздерінің кепілгер мемлекеттері ретінде Түркия, Ресей және Иран Сирияда оқ атуды тоқтатуды қадағалау үшін үштік бір механизм құруға шешім қабылдады.

Жаңалықтарымызды Қазақстанның басқа қаласымен жалғастарамыз. Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Қазақстанның Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданды.

Тұрақты Кеңестің 35-ші отырысының үйлестірушісі болу Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігіне жүктеліп, оның отырысы 2017 жылдың соңына қарай Түркістанда өтетін болып белгіленді.

Осы шешім аясында Түркістанда жасалатын іс-шараларды белгілеу мақсатымен Шымкентте бір қол қою рәсімі өткізілді. Рәсімге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстан Мәдениет және көркемөнер басқармасы басшысы қатысты.

«Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында Түркістанда наурыз айында тілшілерге ТҮРКСОЙ тарапынан сыйлық рәсімі және Наурыз мерекесінің тойлануы, сондай-ақ көптеген іс-шаралардың өткізілетіні білдірілді.

Жаңалықтарымызды Түркі әлемімен жалғастырамыз. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу үшін құрылған жұмыс тобының 48-ші жиналысы Бакуде өтті.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі орынбасары Халеф Халепов басшылығындағы жиналысқа Ресей, Иран, Түрікменстан және Қазақстанның лауазымдары мен мамандары қатысты.

Халепов  жасаған баяндамасында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу үшін осы таңға дейін маңызды жұмыстар істегендерін баяндады.

Мемлекет басшыларының қатысуымен бүгінге дейін Ашхабад, Тегеран, Баку және Астраханьда 4 жиналыс ұйымдастырылғанын еске салған Халепов Баку және Астрахан жиналысында мемлекеттерге тән құрлық шекараларының және Каспийдегі ынтымақтастық принциптерінің белгіленгенін айтты.

Халепов бұдан кейінгі жиналыста нақтылы мәртебенің белгіленетінін баяндап, «Осы себепті жағажай елдердің Каспий теңізінен басқа теңіздерге және мұхитқа еркін шығуы, әскери кемелердің басқа елдерге тиесілі құрлықтарға өту және құбыр желістерінің төселуі, Каспий теңізінің түбінің бөлінуі сынды тақырыптар жөнінде тезірек келісімге баруы керек» деді.

Мемлекеттердің қауіпсіздігіне зиян тигізбейтін және аймақта тұрақтылықтың күшейтілуіне үлес қосатын бір мәртебе жөнінде келісу керектігін түсіндірген Халепов қарулы қақтығыстардың және жаулаушы саясаттардың тосылуы үшін талпыныстардың бірлестірілуі керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтарымыз Татарстаннан. Туризмде Татарстанға деген қызығушылық артуда. Қазанда ұшақ рейстері айқын түрде көбейе бастады. 2016 жылы Халықаралық Қазан әуежайы 1,9 миллион жолаушы күтіп алып, алғаш рет 2 миллион шегіне жетті. Бұл санақ 2015 жылымен салыстырғанда жеті пайыз көбейді.

Өткен жылы Татарстанның астанасы әуежайынан Ресей іші және халықаралық болып, жиыны 60 түйінге ұшақ барады.

Ресей ішкі желіде Екатеринбург рейстері 2015 жылымен салыстарғанда 133 пайыз, Қазан-Уфа-Сургут бағытындағы рейстер  90,3 пайыз артты.

Ресейдің демалыс орталықтары болған Симферополь, Анара және Сочи қалаларына рейстер артты.

Халықаралық Қазан әуежайынан әлемнің туризм орталығына рейстер бар. Ең көп Оңтүстік Кипрдің Ларнака, Гоа және Пхукеті, Вьетнамның Камраны, Грекияның Родосы болды. Тунистің Монасту қаласына рейстер бес есе көбейді.

Халықаралық Қазан әуежайы 2016 жылы жиыны 1,9 миллион жолаушыға қызмет берді. Бұл санақ  2015 жылымен салыстырғанда жеті пайыз көп.

 



Ұқсас жаңалықтар