2016 жылы Түркия мен түркітілдес елдерде қалай өтті?

Түркия және Еуразия тынысы 02

650753
2016 жылы Түркия мен түркітілдес елдерде қалай өтті?

2016 жылы Түркия мен түркітілдес мемлекеттер көптеген оқиғаның куәгері болды. Бүгінгі бағдарламада аймақтағы маңызды жаңалықтар жайлы баяндап береміз.

2016 жыл Түркия және Орталық Азиядағы түркітілдес елдер үшін қиын өтті. Террор және жаһандық экономикалық тапшылықтар алдынғы күн тәртібі болды.

Алдымен Түркияға көз жүгіртейік.

Түркия 2015 жылы 1 қараша күнгі сайлау нәтижесінде саяси тұрақтылықты қамтамасыз еткеніне қарамастан 2016 жылы көптеген маңызды мәселемен бетпе-бет қалды.

Мемлекеттік мекемелерге заңсыз түрде дендеп енгені себепті Түркия Республикасы тарапынан аса қауіпті болып тіркелген ФЕТӨ (Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллельді құрылымы) 15 шілде түні әскери төңкеріс әрекеті жасады. Төңкеріс әрекетінің танктардың алдына шыққан түрік ұлтының батылдығы және президент Режеп Тайып Ердоғанның тұрақты басшылығымен тойтарылуы Түркия үшін тарихи бір кезең болды.

Сириядағы дағдарыстан күш алған ПКК және ДАИШ террор ұйымдары Түркияда терактілер жасады. Жасаған лаңкестіктерімен бір-бірін коректендірген және жасырын ынтымақтасқан осы екі террор ұйымы Стамбұл, Анкара, Адана, Кайсери, Газиантеп және Диярбакыр қалаларында қырғын жасады. Түркия бұл террор ұйымдарын Сирияда ұялаған жерлерінде жою үшін Евфрат қалқаны операциясын бастады. Түрік Қарулы күштері (ТҚК) және ТҚК қолдау берген Еркін Сирия армиясының (ЕСА) Азез-Джераблус желісін ДАИШ-тен тазалауы болса әрі ДАИШ, әрі ПКК-мен күресте маңызды бір қадам болды. Түркияның экономикасы жаһандық экономикадағы құлдырау мен лаңкестік шабуылдарға қарамастан 2016 жылдың алғашқы жартысында маңызды бір өсу көрсеткішіне қол жеткізді. Төңкеріс әрекеті жасалған үшінші ширекте түрік экономикасы аздап тарылды.

Қазақстан Республикасына қарайтын болсақ, ел экономикасы көбінесе мұнай экспортына сүйенеді. Сондықтан жаһандық деңгейдегі мұнай бағаларының арзандауы Қазақстанның ұлттық валютасы теңгеге болымсыз ықпал етті және теңге әдеуір құнсызданды. Барлық болымсыздықтарға қарамастан Қазақстан экономикасы Назарбаев билігінің тұрақты саясаттарының арқасында бұл кезеңнен қатты шайқалмай өтті.

Қазақстанда 20 наурыз күні болып өткен депутаттық сайлауда парламентке үш партия кірді. Дауыстардың 82,15 пайызын жинаған Нұр Отан партиясы 83, Ақжол партиясы 7,18 пайызбен 8 және Коммунистік партия 7,14 пайызбен 7 депутатын парламентке жолдады.

Маусым айында Ақтөбе қаласында радикалды бір топ адам қарулы шабуыл жасады. Шабуылда 7 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды. Шабуылды жасаған террорист Руслан Куликбаевке Қазақстанда бұрын-соңды орындалмаған өлім жазасы берілді.

2016 жылы қазан айында іске қосылған Қашаған мұнай алаңында 8-9 миллион тонна мұнай және 5 миллиард текшеметр табиғи газ өндірілмек. 2017 жылы мұнайдың баррель бағасы 50 доллар ретінде есептегенде ел бюджетіне 135 миллион доллар табыс түсіреді.

Түрікменстанға қарайтын болсақ, басты табыс көзі табиғи газ бағаларының 3 жыл бұрынғымен салыстырғанда жартылай арзандауы 2016 жылы Түрікменстан экономикасына кері әсер етті. Түрікменстан бұл проблеманы шешу үшін бір жоба жетілдірді. Қытайдың қолдауымен түрікмен газын Қытайға тасымалдайтын бір құбыр желісі құрылысын бастады. Бұл жобамен Түрікменстанның Қытайға 30 миллиард текшеметр табиғи газ экспорттауы жоспарлануда.

Табиғи газ саласындағы құлдырау себепті бұл салада жұмыс істейтін түрікмендердің (болжамдарға қарағанда) 50 пайызы уақытша жұмыссыз қалды. Бұл жағдай түрікмен экономикасына болымсыз ықпал етті және ұн, қант, май сияқты негізгі азық-түлік материалдары сұранысында проблемалар туғызды.

Түрікменстан «тұрақты бейтарап мемлекет мәртебесі» себепті халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттерден жәрдем сұраудан бастартады. Бірақ бұл кезеңде Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі (Түрік Кеңесі) мүшелерінен (Түркиядан бастап) жәрдем алуы проблеманың одан қысқа уақытта шешіміне көмектесуі мүмкін. Түрікменстанның Түрік Кеңесімен ынтымақтастық жетілдіруі өзіне жан-жақты (экономикалық, саяси, мәдени сияқты) пайда әкеледі.

Өзбекістан Республикасы үшін жылдың ең маңызды жаңалығы күдіксіз президент Ислам Каримовтың дүниеден озуы болды. Каримовтан кейін президент болып Шавкат Мирзиёев сайланды. Мирзиёев кезеңі - Өзбекістан үшін жаңа бір кезеңнің бастамасы. Каримов Түрік Кеңесінен бастап, аймақтық ынтымақтастық организацияларына шек қойған басшы болатын. Бұл саясаттың өзгеруі аймақтағы барлық актерлер мен Өзбекістан табысты болатын бір кезеңнің есігін ашуы мүмкін.

Қырғызстанға келетін болсақ, елдің мұнай мен табиғи газ тұтынушысы болуы 2016 жылы арзандаған бағалар себепті жағдайын жақсартты. Қырғызстанның кен саласындағы (әсіресе алтын) дағдарысы шетелдік инвестор тапшылығы тұрғысынан 2016 жылы да жалғасты. 2017 жылдың соңында жоспарланған президенттік сайлау келесі жылы Қырғызстанның ең маңызды күн тәртіптерінің бірі болмақ.

Әзірбайжанда да мұнай мен табиғи газ бағаларындағы құлдырау маңызды өндірушілердің бірі ретінде Әзірбайжанның экономикасына 2016 жылы болымсыз ықпал етті. Мұнай мен табиғи газ Әзірбайжанның жалпы ішкі өнімдік табысының 30 пайызын құрайды. Әзірбайжан 2017 жылмен бірге табиғи газ және мұнайдан толығымен тәуелсіз бір өркендеу моделін жетілдіруді мақсат етеді. Бұл үшін күн тәртібінде Халықаралық валюта қоры «IMF» қолдау берген бір реформа пакеті бар. Әзірбайжан 2017 жылдан бастап ауылшаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм сияқты мұнайдан тыс салаларды жетілдіруді нысанаға алып отыр.

Әзірбайжанның (Арменияның басқыншылығындағы) Таулы Қарабах аймағында Әзірбайжан мен Армения арасында 1994 жылғы бітім іске қосылғаннан бері ең қарқынды қақтығыстар болды. 2016 жылы 2-5 сәуір күндері арасында болған оқиғалар тарихқа төрт күндік соғыс ретінде қолтаңба қалдырды. Соғыс сондай-ақ 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейтін алайда қазірге дейін табыссыз болғаны себепті әсіресе Әзірбайжан тарапынан жиі сынға алынған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобының қаншама ықпалсыз екені шындығын ортаға қойды.



Ұқсас жаңалықтар