Күн тәртібі

Әлемдегі жаңа тәртіп

641043
Күн тәртібі

Сирия,  Ирак және соңында Таяу Шығыста жермен-жексен болған барлық нәрсе үшін 20 қаңтар,  яғни сайланған АҚШ президентінің Ақ үйге орналасатын күнін күтуде.

Әрине,  өңірдің барлық теңгерімі үшін шешім элементі ретінде АҚШ-тың пайдалы болып болмайтыны енді көп дау-дамай болатын тақырып, бірақ наурыз-сәуір айларына дейін Вашингтонның Дональд Трамп және командасының не ойлайтыны,  қалай қозғалатыны белгілі болады.

Сол уақытқа дейін арасында Түркия да бар барлық актерлер үстелде орындарын кеңейту,  мүмкіндігінше қолдарында артықшылықтарды жинау үшін жылдам қозғалатын болады.

Қазіргі соңғы ахуал дәл осындай.

Сирияда Түркия,  Ресей және Иран арасында келісілген бітімге орай «келісім» сонымен бірге аймақты тамұққа айналдырғандардың да алаңнан шеттетілуі деген мағынаға келеді.

РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рыбаков «Ресей, Иран және Түркияның Сирия тақырыбында жасырын мәселесі жоқ.  Батыс Сирия келісіміне құрмет көрсетуі тиіс.  Келісімдегі әрбір бап АҚШ және ЕО-дағы кейбіреулерге ұнамауы мүмкін.  Бірақ өмір осы.  Үйренісу керек» деді.

Путиннің өзі айтқан әлемнің ең ірі және тіпті жалғыз супер державасы Америка Құрама Штаттарының жағдайына қараңызшы.

«Ресей президенті Владимир Путин Петербург қаласында өткен Халықаралық экономикалық форумда «АҚШ – ірі күш. Қазір әлемнің жалғыз супер державасы. Біз бұны қабылдаймыз.  АҚШ-пен жұмыс істеуге дайынбыз» деген болатын.

Обама мен командасының алты ай бұрынғы осы ұсынысты кері қайтаруы Вашингтонда қатты сыналуда.  

Бұл ұсыныс АҚШ-тың алдына енді қайтып келмейді.  Бірақ АҚШ алдағы айларда осы ұсынысты қайта қарайды.

Бірақ қалай?

«Америка Ресей-Түркия және Иранның Сирияда бір билік/тәртіп құрылуын қабылдауы мүмкін. Алайда Түркияның батыс одағымен қарым-қатынасының әлсіреуіне,  Түркиядан айрылып қалуға еш жол бермеу керек».

Обама әкімшілігі арқылы Америка «орныққан тәртібі» АҚШ-қа өте нашар саяси мұра қалдырды. Бірақ қызығы болашақ биліктің сыртқы саясатта қателерді түзетуі және Ресей-Анкара желісіне де кедергі келтіретін «Анти-Ресей/Путин» пікірін мұра қалдыруға тырысуда.

Мен мынаны жиі қолданамын: Түркияда арнайы «маңызды уақыттарды реттеу институты» бар.

Мысалы орыс елшісіне қастандық Түркия-Ресей-Иран арасындағы кездесудің қарсаңында болды.  Естеріңізде болса,  Бешикташ шабуылы да президент Ердоғанның Қазақстанға жоспарлаған сапарынан бұрын болған болатын.  Сол сапар кейінге қалдырылды. Қастандық болған күні орыс-түрік-қазақ басшылар жаңа кездесу үшін келісіп жатқан еді.

Болуы мүмкін келісімнің баптарының бірі де PYD/PKK-ға қарсы Иран-Ресей үкіметтері мен тіпті Дамаск үкіметтерінің бірігіп күресуі болатын.

Басқа бір маңызды жайтты премьер-министр Бинали Йылдырымның қастандықтан кейінгі мәлімдемесінде көруге болады: «Негізінде бұл көрме Ресей мен Түркия қарым-қатынастарының өткені, бүгінгі күні және болашағын баяндайтын маңызды шара болатын»

Көрменің тақырыбының «Калининградтан Камчаткаға» екенін де ұмытпаңыздар.

Ресейдің мәлімдемесі Президенттік сарай мен Кремльдің қастандықты және оның артында жатқандарға бірдей көзқарастан қарағанын көрсетеді.

Бір супер державаның елшісінің өлтірілуі – әрқашан үлкен дерт. Бірақ осындай ірі дағдарыстың бірнеше сағат ішінде шешілуі - маңызды.  Осында президент Ердоғанның келісімге келтіру үрдісінің үлесі зор.

Ресей осы тақырыпты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жылдам жеткізіп, айыптау шешімін шығарды.

Ресей қастандыққа тек өңірлік тұрғыдан қарамады.

  Желтоқсан айына қайта көз жүгіртетін болсақ:

16 желтоқсан: АҚШ Сыртқы істер министрлігі мен CIA террор ұйымы ДАИШ-пен мұнай саудасы жасады деген сөзі үшін Түркиядан кешірім сұрады. Ресейдің осыған байланысты кешірім сұрамағаны да еске салынды.

18 желтоқсан: Обама: «Түркияның керемет армиясы бар,  бірақ Сирияда уақытында тәртіп орната алмады» деді.

19 желтоқсан: Сібірде 39 адам тасыған орыс әскери ұшағы құлады.

19 желтоқсан: Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларын созды.

19 желтоқсан: Ресей Түрік ағыны жобасының Думада бекітілетінін мәлімдеді.

19 желтоқсан: Ресейдің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карлов Анкарада өлтірілді.

19 желтоқсан: Мәскеуде бір дипломат өз үйінде өлі күйінде табылды.

21 желтоқсан: Кремль: «АҚШ пен Ресей арасындағы байланыс каналдарының тоқтатылғанын» хабарлады.

24 желтоқсан: НАТО бақылаушысы Ивс Канделон Бельгияда көлігінде өлтірілген күйінде табылды.

25 желтоқсан: 93 адамды тасыған Ту-154 типті орыс ұшағы Сочиден көтерілгеннен кейін Қаратеңізге құлады.

26 желтоқсан: Мәскеуде бомба дабылы соғылды.  3 метро стансасында мыңдаған адам эвакуацияланды.

26 желтоқсан: Роснефть басшысы Игорь Сечиннің оң қолы Олег Еровинкин көлігінде өлі күйінде табылды.  Еровинкин 1976 жылдан бері КГБ-ге қызмет еткен ФСБ генералы болатын.

26 желтоқсан: Мәскеуде Иран өкілетті елшілігі ғимаратында мәдениет атташесі Хайдар Жабар өлі табылды.

23 желтоқсан күні өткізілген жылдың қорытынды баспасөз мәслихатында Владимир Путин «Ресей, Түркия және Ираннан тұратын үштік формат Сирия тақырыбында ықпалды екенін дәлелдеді. Осы форматты жалғастыру қажет. АҚШ-ты да Ресей, Түркия және Иранның ынтасына қосылуға шақырамыз» деді.

24 желтоқсан күні президент Ердоған да былай деді: «20 қаңтардан кейін Америкада жаңа президент отырады.  Олармен де сөйлесеміз.  Әл-Бабта жұмыстың бір бөлімі аяқталды,  енді кезекте Мүнбич бар.  Мүнбичтен кейін Америкамен біріге алсақ Ракка келеді»  

Өкілетті және төтенше елші Андрей Карлов қастандығына байланысты орыс басшылығының маңызды екі мәлімдемесі бар.

Путин «Ашық айту керек болса, ұшағымызды түрік әкімшілігінің бұйрығынсыз,  Ресей мен Түркия қатынастарына зиян келтіруді ойлаған адамдар құлатты дегенге күдікпен қарап келіп едім. Бірақ өкілетті елшімізге полиция қызметкерінің қастандығынан кейін пікірім өзгере бастады» деді.

Кремль баспасөз хатшысы Песков: «Мәскеу ортақ тергеу комитетінің қорытындыларын күту керек деп ойлайды.  Президент Путин айтқандай тергеу аяқталғанға дейін қастандықтың арғы жағындағыларға байланысты пайым жасалмайды» деді.

Ресей қастандықтың Түркия мен Ресей қарым-қатынасына тұзақ екеніне сенеді,  бірақ Ресей мен Америка қатынастарын, Мәскеу мен Трамп қатынастарын нысана алғанын да біледі.  

Мәскеудің «тергеу қорытындылары нақтыланғанға дейін» деген сөзінің аудармасы – «АҚШ-тың жаңа президентімен ақылдасқанға дейін» деген сөз.

Қастандық пен артындағылар қазір Сирия/Таяу Шығыста мықты болып тұрған Ресей-Түркия+ Иран үштігіне Америка Құрама Штаттарының қосылмауын мақсат еткендіктен, екі супер держава бірге Фетуллахшы террор ұйымын да өшіруге күші жетеді.

20 қаңтар күні президенттік міндетін қабылдап алатын Трамптың қазірге дейін Ресей және басқа да елдермен жүргізген жасырын дипломатиясы екі супер держава қарым-қатынасы жаңаланады деген сенім оятады.



Ұқсас жаңалықтар