Трамптың жеңісі Таяу Шығыс үшін қандай мағынаға келеді?

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 46

617826
Трамптың жеңісі Таяу Шығыс үшін қандай мағынаға келеді?

2016 жылы 8 қараша күні өткен АҚШ президенттік сайлауында Республикашыл үміткер және іскер Дональд Трамп жеңіске жетті. Трамптың сайлау науқаны кезінде Таяу Шығыс тұрғысынан жасаған мәлімдемелері оның әдеттегіден тыс саясат жүргізетінін көрсетеді. Сондықтан АҚШ-тың «Таяу Шығыс саясатында бірқатар жаңалықтар болады» деп айта аламыз.

Трамп жалпы демократ Обаманың либералды халықаралық сыртқы саясат түсінігіне қарсы бір ұстаным ортаға қойып отыр. Трамптың айтуынша халықаралық қоғаммен АҚШ-тың ынтымақтастық жетілдіруі өзінің қалауында емес.

Халықаралық ұйымдар және одақтардағы болмысы да сондай. Маңыздысы ынтымақтастықтың шығыны. Егер ынтымақтастық шығыны қол жеткізілгеннен асатын болса, бір нәрселерді дұрыс жасамайды деген мағынаға келеді. Жұмыс тобында радикал оңшылдар болғанына қарамастан Обамадан бұрынғы Буш кезеңі саясаттармен де арасына шек қойып отыр. Режим өзгерістері, демократия экспорттау және ұлттарға бағыт бағдар беру бастамаларына Трамп қарсы шығады. Адам құқықтары әңгімелері де Трамптың сыртқы саясатында орын алмайды. Тіпті жәбірлеуді қолдаушы бір ұстанымға көшуден де шегінбейді. Жәбірлеуді неліктен қолдағанына қарағанда Трамптың Таяу Шығыс саясатының маңызды мәселелерінің бірі алдымызға шыға келеді: «Террормен күрес».

Нәтижесі қалай болса да террорға қарсы күрес бірнеше тұрғыдан маңызды.

Біріншіден, бұл мәселенің Исламофобиялық бір шығу тегі бар. Террор исламның қоғамдық өмірдегі көрінісімен теңестірілген. Тек қана Трамп емес, жұмыс тобында орын алған тұлғалар да осындай пікірлерімен танымал. Бұл тұрғыдан тек қана ДАИШ емес, сириялық оппозиция, тіпті Мұсылман бауырлар қозғалысы да террорист болып қабылданады.

Екіншіден, террор тақырыбындағы жай ұстанымы және шамамен 20 жылдан бері реформалау талабымен сыртқы қысымдарға ұшыраған аймақтардағы үстемшіл режимдер тыныс алғанға ұқсайды. Бұл тұрғыдан Трампқа телефон шалып тұңғыш құттықтаған басшының Мысыр басшысы Абдүлфеттах Әл-Сиси болуы маңызды. Террорға қарсы күресте ынтымақтастық артқан сайын елдерінде кімді жоятыны Трампты қызықтырмайтын сияқты.

Үшіншіден, Обама әкімшілігінің аймақта соңғы 5 жылда жүргізген қате саясаты Ресей, Иран, ирактық шиіттер, ПЙД және Хизбуллах сияқты ел мен құрылымдардың маңызды жетістіктерге қол жеткізуін қамтамасыз етті. Трамптың Таяу Шығыс саясаты және террорға қарсы ұстанымы бұл жетістіктерді бекітетін болады. Трамптың террорды сүннит әлеміндегі радикализммен теңегенін байқаймыз. Осы аяда осындай шындықпен аймақтағы болмысын заңдастыруға тырысқан Ресеймен ортақ бір тұғырда тоғысады. Міне осы тоғысу нүктесінде Трамп билігінің Сирияда Асад режиміне қозғалу алаңы ашатынын байқаймыз. Маңызды бөлігі исламшыл ұстанымдағы сириялық оппозиционерлерді Трамп террорист ретінде қабылдайды. Бұл көзқарас әрине Асадты «жаманның ең жақсысы» болып көрсетеді.

Асадты террорға қарсы одақтас ретінде қабылдаған Трамппен бірге Сирияда «Асадсыз шешім» ізденісін толығымен ұмытатын шығармыз. Бірақ қақтығыстардың жалғасуы ел-жұртынан көшкен жазықсыз адамдарға не болмақ? деген сұрақты еске түсіреді. Бұл тақырыпта Трамптың ұсынысы аралық аймақ құрып, үйлерін тастауға мәжбүр қалғандарды сол аймақта асырау. Осында Трамптың ойы әрине бұл адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету емес. Мұсылмандарды қауіп ретінде қабылдаған Трамп Сириядан батысқа босқын көшін бақылауға алғысы келеді. Сириялықтар тұрғысынан Трамп үміт есіктерін құлыптайтын тұлға.

Сириялықтарға қоса Трамп кезеңі Таяу Шығыс саясатынан қатты зардап шегетін елдердің бірі де күдіксіз Палестина. Қазірге дейінгі АҚШ сайлау науқандарында Трамп ең қатал ұстаным ортаға қойған адам болды. Енді Израильге келіссөз кезеңі үшін АҚШ әкімшілігінің қысым жасауын күту мүмкін емес. Трамптың еврей тұрғын аймақтары тақырыбында ешбір пайымы жоқ. Мәселені күрделендіретін тағы бір нәрсе - Трамптың Иерусалимді Израильдің мәңгі астанасы ретінде тануға жылы қарауы.

Трамптың Обама кезеңінде жасалған ядролық келісімдерге қарсы екені баршаға мәлім. Дегенмен бұл жағдайдың Иран-АҚШ ынтымақтастығына жағымсыз әсер ететінін айту қателік болар. Керісінше бұл жағдай – Иранда келісімді қаламаған радикалдарды прагматикалық Хасан Рухани мен Джевад Зарифке қарсы күшейтетін бір жағдай. Сондықтан әсіресе Иранның ішкі саясатына ықпал етуі мүмкін. Трамптың жалпы Таяу Шығыс саясаты тұрғысынан қарағанда Иран басымдылығын жалғастыруда. Бәрінен бұрын Трамптың терроризмді әсіресе радикалды сүнниттермен теңеп, Асад режимі және Ресеймен ынтымақтастыққа ашық болуы Иранның мүддесіне. Сондай-ақ Трамптың Сауд Арабиясын радикал ұйымдарға қарсы қажетті қатал ұстанымды көрсетпегені үшін айыптауы және Сауд мұнайын импорттауды тоқтатамын деп қорқытуы Иран тарапынан ризашылықпен қарсы алынды. Трамптың ядролық келісімді қайта талқылауға ашатыны тек қана ел ішіндегі прагматикалық күш орталықтарын шаршататын бір жаңалық ретінде көрінеді.

Қысқаша айтқанда Трамп кезеңінде жүргізілетін Таяу Шығыс саясаты аймақты одан да тыныштандыратындай көрінбейді. Сонымен бірге қазіргі күш теңдігі онша түрленбейді.



Ұқсас жаңалықтар