Түркияның Мосул жайлы сезімталдығын түсіну

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 43

603919
Түркияның Мосул жайлы сезімталдығын түсіну

Анкара мен Бағдат арасында «Ирактағы түрік әскерінің болмысы мен Мосул операциясында алар орны» тақырыбында бір дағдарыс пайда болды. Соңғы сатыда тараптардың екі жақты ұстанымдарын өзгерткені байқалды. Бұл қазір уақытша бір келіссөз үшін жағдай жасады. Соңғы мағлұматтарға қарағанда түрік әскері Мосулға кірмейтін болды. Бағдат әкімшілігі де Түркияның аймақтағы болмысын мәселеге айналдырмайды. Сондай-ақ Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибадидің мәлімдемесіне қарағанда, сүннит халық арасында наразылық туғызған Хашди Шааби күштері Мосул операциясынан кері шегінді. Ал Түркия жаттықтырған және Мосул уәлаяты халқынан құрылған Хашди Ватани күштерінің операцияға қосылуы мақұлданды.

Түркия мен Ирак арасында құрылған делегациялар өзара келіссөзін жалғастыруда. Премьер-министр Бинали Йылдырымның мәлімдемесіне қарағанда түрік соғыс ұшақтарының Мосул операциясына қолдау беруі қабылданды. Түркия Парижде ұйымдастырылатын Мосул жиналысына да шақырылды.

Түркияның Мосул операциясынан тыс қалмау үшін басқан қадамдарын кейбір орталар қасақана түрде қате пайымдады. Оқиғаның Түркияның Османлы мемлекетінің мұрагері ретінде аймақта билік орнату ізденісімен ешқандай байланысы жоқ. Ирак пен Сириядағы ішкі соғыс алдында Түркияның әрі гуманитарлық, әрі қауіпсіздік тұрғысынан қимылсыз қарап отыруы да мүмкін емес. Екі елмен де ұзын шекаралары болғандықтан Түркия осы мемлекеттердің болашағы тақырыбында өзін ұстаным көрсетуге мәжбүр деп сезінеді. Міне осы ұстаным Түркия мемлекетін Мосул операциясында алаңға шығуға итермелейді.

Мына бір жайтты қабылдау керек: Мосул Түркия тұрғысынан аса маңызды ерекшелікке ие. Таяу Шығыс қайта реттелген бір кезеңде Түркия Мосулдың келешегі тақырыбында сезімтал болуға тиісті. Мосул операциясынан кейін шығуы ықтимал күш күресі тақырыбында Анкараның уайымдары бар. Мосулда әкімшілік пен қауіпсіздікке жауапты күш ретінде кімнің билігінің орнайтыны мәселесі де Түркия үшін аса маңызды. Сондай-ақ 1980 жылдан бері Түркияның қауіпсіздік мәселесінде роль ойнаған ПКК террор ұйымына алаң ашуға қарсы қимылсыз қалуы мүмкін емес болатын.

Түркияны алаңдататын мынадай бір тақырып назар аудару керек. ПКК Мосулдың батысындағы Синжарда әскери бір басшылық құрып отыр. Террористік ұйым Синжарда өмір сүретін жергілікті халықты қуып, Ирактан Сириядағы ПЙД-нің бақылауындағы жерлерге дейін созылатын бір күш алаңы құруға тырысады. Түркияның негізгі уайымы - Иракта пайда болатын күш кеңістігін ПКК және ДАИШ-ке ұқсас басқа террор ұйымдарының толтыруы. Синжардың орталығы ДАИШ-тен құтқарылғанмен, Бағдат әкімшілігі осында әлі билігін орната алмады. ДАИШ-тен құтқарылған басқа аймақтардағы жағдайды да назарға алған Түркия ұқсас бір жағдайдың Мосулда ортаға шығуын қаламайды. Мосулдағы қоғамдық құрылым және саяси теңгерімді қолдан келгенше қорғағысы келеді. Нури Әл-Малики кезеңінің қате және қысымшыл саясатының сүнниттер үстіндегі ықпалы басқа қалаларда болғандай, Мосулда да ДАИШ-тің күшеюіне үлес қосқан еді. Осы себептен Түркия Хашди Шааби жасақтарының Мосулды құтқарған соң қалаға кіретін күштер арасында болуына қарсы шықты. Бұл жағдай қазіргі дағдарысты одан да күшейтер еді. Мосулда шығатын этникалық және мәзхабтық жаңа қақтығыстар Ирак пен аймақтағы қазіргі мәселелерді одан да шатаққа айналдырады.

Мосул операциясын аса маңызды қылатын тағы бір тақырып болса Иранның Иракта артып отырған ықпалы. Бұл Бағдат әкімшілігінің саясатына дейін сіңген. Бұл жағдай Анкараны аймақтық теңгерімді қорғаушы қадамдар басуға итермелейді. Осының нәтижесі ретінде ортақ уайымдар Түркия – Солтүстік Ирак Аймақтық Күрд әкімшілігі – сүннит арабтар арасында жаңа бір ортақтықтың есігін ашады.

Өкінішке орай 2003 жылғы басқыншылықтың артынан АҚШ-тың қате саясаттарының нәтижесінде сүннит пен шиіттер арасында пайда болған шиеленіс қазір Иракта жоғары деңгейде. Бұл жағдайда Мосулдың кім тарапынан құтқарылатыны аса маңызды болып табылады. Осы себептен Хашди Шааби күштері құрамындағы радикал топтар бұрын басқа қалаларда жасағандарын назарға алу керек еді. Президент Ердоған осы тақырыпты заңды түрде атап көрсетті.

Хашди Шаабидің ДАИШ-тен құтқару үшін қоршауға алынған қалаларды тастап кеткен жазықсыз адамдарға бағытталған шабуылдары күн тәртібіне жиі келеді. Адам құқықтарын бақылау комитеті 9 маусым күні жариялаған рапортында Хашди Шааби күштерінің соттамай адам өлтіру, жәбірлеу, дене мүшелері бөлшектенген мәйіттер және жоғалған адамдарға жауапты екені ашық түрде көрсетілген. Адам құқықтарын бақылау комитеті бұл құрылымның Мосул операциясында жауапкершілік алмауын да талап етті. 18 шілде күні болса Халықаралық амнистия ұйымы шиіт қарулы күштерін соғыс қылмысы жасаумен айыптаған 70 беттен тұратын бір рапортты жариялады.

ДАИШ-тен құтқарылуы керек қалаларда халық сарбаздармен араласқысы келмеді. Қазіргі жағдайды елемеу аймақтағы дағдарыстың күрделенуін қамтамасыз етеді.

Операцияның артынан ДАИШ-тің Мосулдан тазалануын әскери бір табыс ретінде қабылдау және осыған риза болу шешім емес. Табысты болудың өлшемі мен көлемі саяси болуға тиісті. Әл-Фаллуджа халқы үшін орталық үкіметтің қаланы ДАИШ-тен тазалауы шын мағынада бір құтқару ретінде қалай қабылданбаса, бұл жағдай Мосул халқының көпшілігі үшін де сондай.

Осы орайда Мосул құтқарылғаннан кейін мосулдықтардың өздерін қауіпсіз сезінуі үшін қауіпсіздіктің жауапкершілігін жергілікті мекемелерге тапсырудан басқа амал жоқ. Ирак орталық үкіметі мен одақтастарының алдында тұрған сынақ тек қана Мосулды құтқару емес. Бағдат әкімшілігінің 2003 жылдан бері жүзеге асыра алмаған нәрсесін орындауы міндетті. Ол - Мосул халқының ризашылығын алу.



Ұқсас жаңалықтар