Ислам Каримовтың дүниеге көз жұмуы және елдің болашағы

Еуразия тынысы 37

570289
Ислам Каримовтың дүниеге көз жұмуы және елдің болашағы

Өзбекстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі көңілсіз өтті. Ел көлемінде өткізілетін тәуелсіздіктің 25 жылдығы мереке іс-шаралары белгілі бір уақытпен шектелді. Өйткені 27 тамыз күні миына қан құйылуы себепті ауруханаға түскен Өзбекстан Республикасы президенті Ислам Каримовтың денсаулық жағдайы нашарлаған еді. Президент Ислам Каримов 2 қыркүйек күні дүниеге көз жұмды. Жаназасы 3 қыркүйек күні отбасы зияратына жерленді.

Самарканд қаласындағы әйгілі Регистан алаңында ұйымдастырылған жаназа рәсіміне Ауғанстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттеріне қоса Беларусия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден премьер-министрлер, Әзірбайжан Мәжіліс төрағасы, Армения Мәжіліс төрағасының орынбасары, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия және Украинадан вице-премьерлер, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония мен Ираннан болса министрлер қатысты. Өзбекстанның тұңғыш президентін соңғы сапарына Ташкент пен Самаркандта жүз мыңдаған адам шығарып салды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы, Америка Құрама Штаттары, Ресей, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекет басшылары алғаш болып көңіл айту жеделхаты жолдады. Тіпті Түркия Республикасы премьер-министрі Бинали Йылдырымның көңіл айту мәлімдемесі Өзбекстанның Каримовтың дүниеге көз жұмғаны жайлы ресми мәлімдемесінен бұрын жарияланды. Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың жаназа рәсіміне қатыспауы назар аударды.

Президент Каримовтың жаназа рәсімін премьер-министр Шавкат Мирзиёев басшылығындағы 22 адамнан тұратын делегация басқарды. Каримовтың қайтыс болуына байланысты 3 қыркүйек күні Өзбекстанда 3 күндік аза тұту жарияланды. Заң бойынша жаңа президент сайланғанша президенттің міндеттерін сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев атқарады. Өзбекстанда 3 айдың ішінде президенттік сайлау өткізуді жоспарлайды. 78 жаста дүниеге көз жұмған Ислам Каримов 1989 жылдан бері Өзбекстанды үздіксіз басқарып келеді. Экономика мен инженерлік дипломдарын алған Каримов іскерлік әлеміне 1960 жылы кірді және 1983 жылы Өзбекстан Қаржы министрі міндетіне тағайындалды. 1989 маусым күні Өзбекстан Коммунистік партиясы бас хатшысы болған Каримов 1990 жылы 24 наурыз күні Өзбекстан Социалистік Республикасының президенті сайланды. Сол жылдың 29 желтоқсан күні Каримов Өзбекстанның тұңғыш президенті аталды. Ислам Каримов 1991, 2000, 2007 және 2015 жылдарындағы президенттік сайлауда дауыстардың көпшілігін жинап, президент ретінде сайланды. 1995 жылы өткен референдуммен Каримовтың президенттік міндеті 2000 жылына дейін созылған болатын.

Ислам Каримовтың дүниеге көз жұмуымен Өзбекстанда бір дәуір аяқталды. Ширек ғасырдан бері елді басқарып келген Каримов Өзбекстанның 25 жылына қолтаңба қалдырды. Каримов әкімшілігіндегі Өзбекстан ешбір жаққа бет алмай, өз білген тура жолын жалғастырды. «Елдің мүддесі үшін қажетті» деген кезде әрі батыс, әрі шығыспен ынтымақтастықты жетілдірді. Террормен күресте радикал топтармен аямай күресті. Елінде «Өзбек әдісі» бір саясат жүргізді. Андижан оқиғалары ол үшін минус болып айтылса да, жалпы алғанда Каримовтың табысты бір билеуші екенін және елінің өркендеуі үшін барлық күшін жұмсағанын айтуға болады.

Қазір барша Каримовтың орнын кімнің алатынын және Өзбекстанның қай жолмен жүретінін ойлауда. Жаңалықтарға қарап, Өзбекстанда президенттік сайлаудың 3 айдың ішінде өткізілетінін және жаңа президенттің өзбек элитасының ортақ келісімімен сайланатынын айтуға болады. Баршаға мәлім Өзбекстан әкімшілігінде Ташкент, Самарканд және Ферғана ағымы ықпалды.

Ферғана ру тайпалары соңғы жылдары одан әлсіз көрінеді. Самарканд пен Ташкент ру тайпаларының ұстанымы елдің жаңа басшысын сайлаған кезде маңызды рол атқарады.

Өзбекстанның жаңа президент үміткерлері арасында қазіргі премьер-министр Шавкат Мирзиёев пен вице-премьер Рустам Азимовтар аталады.

 Президенттің міндетін уақытша атқарған Сенат төрағасы Нигматилла Юлдашевтің де бұл жердегі ықпалын естен шығармау керек. Қазіргі шарттарда 2003 жылдан бері премьер-министрлік міндетін атқарып келген Шавкат Мирзиёевтың қалғандарға қарағанда шансының жоғары екенін айтуға болады. Шавкат Мирзиёев оған қоса Каримов отбасына жақындығымен белгілі. Әрі президенттің жаназа рәсімін басқарып, жаназа үшін елге келген басшылар мен үкімет өкілдеріне қонақжайлық жасады. Кеңес үкіметінен мұра қалған дәстүр бойынша әсіресе бұл міндетке келген тұлға жаңа басшы ретінде алға шығады.

Өзбекстанның жаңа мемлекет басшысы кім болса да, елді табысты түрде басқаратыны күдіксіз. Өйткені Өзбекстанның қалыптасқан мемлекеттік дәстүрі және шетелдік интервенцияға рұқсат бермейтін мықты құрылымы бар. Сондай-ақ Өзбекстан тұрақтылығы аймақтың тұрақтылығы деген мағынаға келеді. Жаңа кезеңде Өзбекстанның Түрік Кеңесінен бастап, ТүрікПА және Түріксой сияқты түркітілдес елдердің маңызды ұйымдарымен белсенді жұмыстануына тілектеспіз.



Ұқсас жаңалықтар