Таяу Шығыста ұлттық биліктің дұшпаны төңкерістер

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 30

540688
Таяу Шығыста ұлттық биліктің дұшпаны төңкерістер

"Таяу Шығыста ұлттық биліктің дұшпаны төңкерістер: Мысыр мен Түркия тәжірибелері".

«Араб көктемі» деп аталған оқиғалардан кейін Таяу Шығыс аймағында жағдай тынышталған жоқ. Қар көшкіні сияқты саяси тұрақсыздық барлық аймақ елдерінің шындығына айналған. Сирия, Ливия және Йеменде ішкі соғыс күн тәртібінде. Оның үстіне соңғы 3 жылда 2013 жылы шілде айында жүзеге асырылған Мысыр төңкерісі мен 2016 жылы 15 шілде күнгі Түркиядағы төңкеріс бастамасына куә болдық.

Мысыр және Түркиядағы жаңалықтарды қысқаша атап өтейік:

1. 2011 жылы қаңтар айында халық көтерілісінің артынан бұрынғы елбасы Хүснү Мүбарек төңкеріліп, Мысырда демократия кезеңі әскери билік ретінде іске асты. Сондай-ақ әскери билікке сот қамқоршылық жасады.

Түркияда болса Әділет және даму партиясы билікке келген 2002 жылынан бері үздіксіз әскердің саяси режим ішіндегі салмағы жеңілдеді. Тіпті, әскери биліктің толығымен жойылғанын айтуға болады. Сол кезеңде сот биліктің азайту үшін де қадам басылды. Маңызды мәселе ретінде алдымен әскери билікті жою назарға алынғаны үшін заң органдарын реформалау тақырыбы сәл кешікті. Бірақ органдардың жалғыз өзінің жүйені тоқтату күшінің алды алынды.

2. Мысырдың бұрынғы елбасы Мұхаммед Мурси әкімшілігі 1 жылдай қысқа уақытта Мысырдағы бұрынғы тәртіпке қарсы қажетті күшті жинай алмады. Тек қана армия емес, полиция ұйымы, іскер әлемі және медиа да оған толығымен қарсы шықты. Мурсидің жалғыз күші Ұлттық билікке өкілдік жасауы болды. Төңкерісшілер болса төңкеріс алдында алғашқы жұмыс ретінде оның заңдылығын жоятын бір жоспарды жүзеге асырды. Бұл жоспармен Мысыр қоғамының маңызды көпшілігінде Мысыр әкімшілігіне қарсы саяси бір ұстаным қамтамасыз етілді.

Түркияда болса төңкеріс үшін жолға шыққандар халық қолдауынан мақұрым болатын. Бастамалары қоғамда орын таппады. Керісінше алдарында әрбір сайлаудан дауыстарын арттырып шыққан саяси бір қозғалыстың ерекше қасиетке ие басшысын көрді. Миллиондаған Түркия Республикасы азаматы бірден көшелерге шығып, ұлттық билікті қорғады.

3. Мысырда армия сайланғандарға қарсы бірігіп қозғалды. Армия басшысы Абдүлфеттах әл-Сиси Мурси әкімшілігінің қорғаныс министрі болатын. Сондай-ақ Мысырдың өте мықты полиция ұйымы да толығымен армиямен бірге қозғалды.

Түркияда 15 шілде күні қозғалған төңкерісші топ болса бұйрыққа бағыну ережесінен тыс қозғалды. Ешбір армия қолбасшысына бағынбады және бастамаға қатысқандар арасында армия қолбасшысы немесе генерал лейтенант дәрежесінде ешкім болмады. Төңкерісшілер көбінесе мемлекетке сіңген сыртқы байланыстары бар діни көріністегі Фетуллахшы террор ұйымы мүшелері болатын. Армияның маңызды жерлерінде қызмет атқарғандарына қарамастан армия олардың бақылауында емес еді. Сондай-ақ қауіпсіздік ұйымының басқа маңызды күші полиция да алдарына шықты.

Ал, халықаралық қоғам Мысыр мен Түркия тәжірибелері тақырыбында қандай сынақтан өтті? Төңкеріс бастамасының тойтарылуының артынан әрі АҚШ, әрі Еуроодақ Түркияға өлім жазасының қайта келуі және тергеуге алынғандарға қарсы қандай ұстаным ортаға қою керектігі тақырыптарында ескертулер жасады. Былайша екі жақ Мысыр төңкерісінің артынан сынақтан өте нашар өткен болатын. Бұл төңкеріске қолдау бергендей болды. Дегенмен бұл құрылымдардың Түркия үкіметіне төңкеріс бастамасының артынан не істейтінін айтуы тақырыбында ескертулер жасауы толығымен жауапкершіліктің бір көрсеткіші. Олар түсінбеген нәрсе елімізде бұрыннан келе жатқан батысқа қарсы тарихи сенімсіздік сезімі осы жауапкерсіз ұстанымдармен одан да арта түседі. Оған қоса түрік халқының бұл төңкеріс бастамасын Фетуллах Гүлен террор ұйымы жасағанына күмәні жоқ.

Лауазымдылар төңкеріс бастамасына тойтарыс берілгенін, бірақ қауіптің толығымен жойылмағанын атап көрсетуде.



Ұқсас жаңалықтар