Түркия-Израиль ынтымақтастығы тұрғысынан Палестина шындығы

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 28

530072
Түркия-Израиль ынтымақтастығы тұрғысынан Палестина шындығы

Екі апта бұрын Түркия мен Израиль арасында жасалған келісіммен алты жылдан бері жалғасқан саяси келісімсіздік кезеңі жойылды. Бұл келісім әрине Газада өмір сүрген палестиналықтар тұрғысынан бір қатар нәтижелерге жол ашты. Енді Газа секторына белгілі шектеулер жалғасқанмен Түркия тарапынан гуманитарлық көмектер одан көп жеткізілетін болды. Дегенмен бұл келісім Түркия мен Израиль тұрғысынан аса маңызды болатын. Сондықтан бұл келісім жалпы алғанда Палестина мәселесінің шешімі келісімі емес. Палестина мәселесі бұл келісімнің құрамына сыймайтындай күрделі бір ерекшелікке ие. Бұл аяда Газа мен Батыс Шерияның Израильдің бақылауына өткен 1967 Араб-Израиль соғысының 49-шы жылдығында Палестина шындығын бағалаған жөн.

Шығыс Иерусалимге қоса, Батыс Шерия және Газа секторы 1967 жылдан бері Израиль әскерінің бақылауында. Бұл жерлердің Израиль басқыншылығының артынан 300 мың палестиналық елді мекендерінен кетуге мәжбүр болды және көпшілігі кері оралмады. 1967 жылы Израиль бірқатар тұрғын аймақтарын палестиналықтардан тазалап жойды. Израильдік лауазымдылардың Шығыс Иерусалимде алғаш жасаған жұмыстарының бірі Муграби аумағындағы 135 тұрғын үйді қиратып, 600 аумақ тұрғынын жерлерінен көшіру болды. Құлаған үйлердің орнына Батыс қабырғасы салынды.

Батыс Шериядағы алғашқы заңсыз тұрғын аймағы Жұмысшы партиясы үкіметінің қолдауымен 1967 жылы қыркүйек айында салынды. Бұл және бұдан кейін салынған және 1949 жылғы шекараларда тыс қалған барлық тұрғын аймақтар халықаралық заңдарға қарама-қайшы және 4-ші Женева келісімінің бұзылғаны деген мағынаға келеді. Бір жасырын меморандуммен Израиль үкіметінің құқық кеңесшісінің де бұл заңсыздықты қабылдағаны байқалады.

1974-1975 жылдарда Израиль Иерусалимнің шығысында Батыс Шерия жерлерінде қазір үлкен тұрғын аймақ болу ерекшелігін сақтаған Маале Адимумды салды. Бүгін Батыс Шерия және Шығыс Иерусалимде үкімет тарапынан бекітілген 125 дана тұрғын аймағы бар. Үкімет бекітпеген 100-ге жақын тұрғын аймағы бар. Бұл тұрғын аймақтарының барлығында шамамен 600 мың заңсыз тұрғын өмір сүруде. Соңғы 10 жылда БҰҰ көрсеткіштеріне қарағанда израильдік тұрғындар тарапынан палестиналықтарға бағытталған 2 мың 598 қақтығыс тіркелді.

1980 жылдарының ортасына дейін Батыс Шерияда палестиналықтарға тиесілі егістік жерлердің көлемі 40 пайыз көлемінде азайды. 1991 жылдан бастап Израиль басқыншылық астындағы жерлерде өмір сүрген палестиналықтардың Израильге кірісін жеке рұқсатқа бағындырды.

Батыс Шерияда палестиналықтардың қозғалу еркіндігін шектейтін 500-ден астам бақылау бекеті немесе басқа да физикалық кедергілер бар. 2003 жылы Израиль Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалим арасында «Бөлшектену қабырғасын» салған болатын. 2004 жылы болса БҰҰ-ның Халықаралық соты бұл қабырғалардың халықаралық келісімдерге қарама-қайшы екені тақырыбында көзқарас білдірді. Газа секторында шамамен 1.8 миллион палестиналық өмір сүруде. Бұлардың 70 пайызы БҰҰ-на тіркеулі босқын ережесіне ие және 1948 жылғы соғыста елді-мекендерінен алыстатылған палестиналықтардан тұрады. 2000 жылы Газа секторындағы қоныстану және қауіпсіздік бөлімшелері жойылса да, аймақтың физикалық тұрғыдан басқыншылығы жалғасуда.

1967 жылы Израиль Иерусалим қаласының шекараларын кеңейткенін жариялады және 1967 жылғы соғыстың артынан бақылауға алынған жерлердің бөлігін қаланың шекараларына қосты. Бұл ашық түрде аннекциялау деген мағынаға келеді. Халықаралық қоғам тарапынан да қабылданбады. Аннекциялаған бұл жерлердің үштен бір бөлігі экспроприацияланып, 47 мың адамдан тұратын тұрғын аймағы құрылды. Иерусалимде өмір сүрген палестиналықтардың көпшілігінің азаматтық ережесі жоқ. Белгілі шарттарға бағындырылған үздіксіз ықтияр хаттары бар. Израиль мекемелері кейде шарттардың орындалмағанын алға тартып, бұл рұқсаттарды жоюда және сол адамдарды Иерусалимнен алыстатуда. 2014 жылы бұл жағдайға 107 адам душар болды.

Сондай-ақ израильдік лауазымдылар палестиналықтарға бағыттап бөлшектеуші су саясаты да жүргізеді. 1967 жылғы соғыстан кейін бақылауға алынған жерлерде екі түрлі сот жүйесі жүргізуде. 600 мың израильдік тұрғынға азаматтық соттар қызмет көрсетсе, тұрғын саны 4,5 миллион адамға жақындаған палестиналықтардың соттарына әскери соттар қарауда. Әскери соттар айыпталушылардың 99,74 пайызын соттаған. Израильдік лауазымдылар бұл аймақта тергеуге алған палестиналықты ешбір қылмыс жасамаса да соттамай 6 айға қамауға құқылы. Алты айлық мерзім аяқталған соң қажет десе, бұл мерзімді тағы алты айға дейін соза алады. Бүгін 7 мыңнан астам палестиналық тұтқынның 715-і осындай сылтаумен қамауға алынғандардан тұрады.

1967 жылдан бері Израиль мекемелері коллективті бір жазалау әдісі ретінде палестиналықтарға тиесілі жүздеген үйді құлатты. Палестиналықтардың үйлері «рұқсат алынбаған» деген сылтаумен қиратылады. Басқа жағынан құрылыс үшін рұқсат алуға арыз берген палестиналықтардың 95 пайызының талаптары кері қайтарылған. 2016 жылдың алғашқы 5 айында үйі Израиль мекемелері тарапынан құлатылған палестиналықтың саны 625 адам.

Бірінші көтеріліс (интифада 1987-93) кезінде 20 пайызы бала барлығы мыңнан астам адам қаза тапты. 2006-2014 жылдары арасында Израильдің жалпы Газаға жасаған алты шабуылында мың 97 бала қаза тапты.

1990 жылдардың ортасында қол қойылған Осло келісімінің артынан Палестина әкімшілігі құрылды. Бұл әкімшілік 1967 жылдан кейін Израиль бақылауына өткен Палестина тұрғын аймақтарының бір бөлігінде белгілі тақырыптарда Палестина халқына қызмет береді. Бұл келісімдерге қарағанда Израиль бақылауы астындағы жерлер «A», «B» және «C» деп аталған 3 аймаққа бөлінді. «A» және «B» аймақтары бір-бірімен бітеспейді. 227 бөлек алаңнан тұрады және әртүрлі мәртебелерде Палестина әкімшілігінің бақылауы астында. Бірақ Батыс Шерияның 60 пайызы толығымен азаматтық және әскери тұрғыдан Израиль бақылауында. Әрі адам құқықтары бақылау комитеті сияқты әртүрлі адам құқықтары мекемесі, әрі кейбір БҰҰ комитеттері мұны Израильдің палестиналықтарға бағытталған саясаттарын «ұлттық тегіне бағытталған бөлшектенушілік» деп бағалайды. Қорыта айтқанда, күрделі Палестина мәселесінің шешімі халықаралық қоғамның тақырыпты «маңызды» деп қолға алуы және заңды механизмдерді тұрақты түрде іске қосуымен мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар