Бакуде Сыртқы істер министрлері үштік саммиті

Еуразия тынысы 16

486475
Бакуде Сыртқы істер министрлері үштік саммиті
7432.jpg

7 сәуір күні Әзірбайжанның астанасы Бакуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Иран сыртқы істер министрі Жевад Зариф және Әзірбайжан сыртқы істер министрі Элмар Мемедяров қатысқан үштік саммит жүзеге асты. Таулы Қарабах оқиғалары күн тәртіпте болған күндерде өткен жиналыста аймақтық мәселелер және үш елге қатысты тақырыптар қолға алынды. Жиналыстың артынан ортақ декларация жарияланды.

Декларацияда тараптар бір-бірін құрметтеу және ішкі істеріне араласпау ережесі негізінде ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру жөнінде келіскендерін, аймақтағы қақтығыстарды жеңілдету жөнінде табандылық ортаға қоятындарын, тұрақты екендерін, террор, бөлшектеушілік, халықаралық қылмыстар және есірткі саудасымен одан ықпалды күрес жүргізуге дайын екендерін атап көрсетті.

Тараптар сондай-ақ энергия, экономика, қатынас, инфрақұрылым, мәдениет, туризм, консулдық қызметі және кеден салаларында үштік ынтымақтастықты жетілдіріп, үш елдің аймақтары мен уәлаяттары арасында байланыстарды ынталандыру тақырыбында келісім жасағандарын, Каспийді бейбітшілік және ынтымақтастық теңізі ретінде қалдыру туралы талпыныстарды жалғастыруға шешім қабылдағандарын және Каспийдің құқықтық мәртебесін қысқа уақытта белгілеу тақырыбында ортақ түйінге келгендерін білдірді.

Министрлер жиналыста Солтүстік-Оңтүстік қатынас коридорын жетілдіру жобаларын одан көп ынталандырып, қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ министрлер мемлекет басшыларының тұңғыш үштік жиналысына дайындық келіссөздерін бастау тақырыбында да келісті. Осылайша аймақтағы үштік жиналыстар керуеніне Ресей де қосылды.

Әзірбайжан мен Түркияның аймақ мемлекеттерімен бастаған үштік сыртқы істері министрлері жиналыстары қазір басқа елдер де қолданған ықпалды бір механизм ретінде қолданыла бастады.

Бакуде жүзеге асқан  Әзірбайжан-Иран-Ресей Сыртқы істер министрлері саммиті мұның ашық дәлелі. Аймақтағы екі ел келісе алмаған немесе бірге шеше алмаған тақырыптарды үштік форматта талқылау ұтымды бір әдіс. Сондай-ақ бұл жиналыстар сыртқы істер деңгейінде қалмай, тараптар келіскен жағдайда мемлекет басшылары үштік саммиттерінің өтуіне де жағдай жасайды. Әзірбайжан мен Түркия мұндай саммиттерді Грузия және Түрікменстанмен табысты түрде жүзеге асырды. Бакудегі декларацияда мемлекет басшылары үштік саммиті дайындықтарының бастайтыны жөніндегі шешім Әзірбайжан, Иран және Ресейдің үштік саммит үшін ниетті екендерін көрсетеді.

2016 жылы аймақта екі рет үштік жиналыс болып өтті. Түркия-Иран-Әзірбайжан үштік сыртқы істер министрлері жиналысының төртіншісі 2016 жылы 5 сәуір күні Иранның Рамсар қаласында ұйымдастырылды. Түркия-Әзірбайжан-Грузия Сыртқы істер министрлері үштік жиналысы да 2016 жылы 19 ақпан күні жүзеге асқан болатын. Келесі Түркия-Әзірбайжан-Грузия Сыртқы істер министрлері үштік жиналысы ағымдағы жылда Әзірбайжанда өткізіледі.

Әзірбайжан мен Түркия басшылық жасаған үштік жиналыстар уақыт өткен сайын министрліктер мен әскери мекемелер арасында да үштік жиналыс өткізуге жағдай жасайды. Бұл тақырыпта Түркия-Әзірбайжан-Грузия әжептеуір жетістіктерге қол жеткізді.

Әзірбайжан-Иран-Ресей үштік механизмі келесі жылдары тереңдеп, Түркия-Әзірбайжан-Грузия мысалындағы сияқты басқа аймақтарға да тарайтын болса, қалған елдер де үштік механизм тақырыбында одан жылдам қозғалуға тиісті. Мысалы Қазақстан-Әзірбайжан-Түркия, Әзірбайжан-Қазақстан-Түрікменстан үштік жиналыстарының тез арада басталғаны жөн. Әзірбайжан-Қазақстан-Түрікменстан үштік жиналыстары Каспийдің құқықтық мәртебесі жайлы мәселенің шешімін жеңілдетумен шектелмей, Каспий теңізінде ынтымақтастықтың арттырылуына да ықпал етеді. Алдынғы бағдарламаларымызда айтқандай, үштік механизмдерді Орталық Азия Республикаларының да іске қосуын тілейміз.



Ұқсас жаңалықтар