БҰҰ орталығында өзін көрсеткен Түркітілдес елдердің ұйымдары

Еуразия тынысы 15

479410
БҰҰ орталығында өзін көрсеткен Түркітілдес елдердің ұйымдары

Халықаралық түркі академиясы 2016 жылы 28 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтерінде ««2030 Жоспары үшін Жібек Жолы бойындағы синергия» атты халықаралық симпозиум өткізді. Симпозиумға БҰҰ штаб-пәтерінің лауазымдыларына қоса, халықаралық ұйымдардың басшылары, Түркітілдес елдердің БҰҰ тұрақты өкілдері, дипломаттар және әлемге танымал ғалымдар қатысты. Симпозиумның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Республикасы премьер-министрі Ахмет Давутоғлу, БҰҰ Өркениеттер Альянсы өкілі Нассыр Абдүлазиз Эн-Насер және БҰҰ құрамындағы ЮНЕСКО өкілдерінің құттықтаулары оқылды.

Симпозиумға ТҮРІКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түрік кеңесі төраға орынбасары Абзал Сапарбекұлы, Түрік кеңесі Ақсақалдар кеңесі мүшесі профессор доктор Әділ Ахметов, Түрік мәдениет және мұрасы фондының төрағасы Гүнай Эфендиева қатысып, баяндама жасады.

Халықаралық симпозиумда «Халықаралық қылмыстар және радикализммен күрес аясында Жібек жолы және арғы жағында жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті арттыру» және «Өркениеттер бірлігі аясында Жібек жолының қайтадан дамуы арқылы жалғастыра аларлық өркендеу нысаналарына қол жеткізу» тақырыпты конференциялар ұйымдастырылды.

Симпозиум аясында Жібек жолы және бағытындағы Орталық Азия мемлекеттері жайлы зерттеу жұмыстары арқылы халықтар арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, мәдени байланысты тереңдетуге қосқан үлесі себепті Халықаралық Түркі академиясы тарапынан 2015 жылы Нобель сыйлығын алған Профессор доктор Азиз Санжар және белгілі ғалымдар профессор доктор Кемал Карпат және профессор доктор Эдварт Аллвортқа алтын медаль табыс етілді. Халықаралық симпозиумның артынан жиналыста қолға алынған тақырыптармен байланысты хаттамаға қол қойылды.

Түрік кеңесі Бас хатшысы өкілетті елші Рамил Хасанов және Түркі академиясы Халықаралық ұйымының төрағасы профессор доктор Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы 2016 жылы 28 наурыз күні БҰҰ штаб-пәтерінде 100-ден астам қонаққа қонақасы берді.

Тағы бір Түркітілдес елдердің ұйымы ретінде ТҮРІКСОЙ БҰҰ штаб-пәтерінде сол күні кешке 15 елден 200 өнерпаздың қатысуымен Халықаралық Наурыз күніне орай керемет бір мәдениет кеші ұйымдастырды. ТҮРІКСОЙ-дың осы концерті БҰҰ орталығында жүзеге асқан екінші үлкен іс-шара ретінде тіркелді.

Аталмыш ұйым басшылары БҰҰ штаб-пәтерінде қызмет еткен көптеген саясат қайраткерімен оңаша және делегация аралық кездесу өткізді. Кездесулерде ынтымақтастықты ары қарай жалғастыру тақырыбында келісті.

Кеңес Одағы ыдыраған соң тәуелсіздіктерін жариялаған Түркітілдес республикалардың тәуелсіздіктерінің 25 жылдығында Түркі кеңесі, Түркі академиясы, ТҮРІКСОЙ, Түрік мәдениеті және мұрасы фонды сияқты халықаралық ұйымдар күштерін біріктіріп, түркі мәдениетін таныту тақырыбында үлкен бір іс-шараға қолтаңба қалдырды. Нью-Йорктағы БҰҰ штаб-пәтерінде жүзеге асқан ғылым және мәдениет жиыны - Түркітілдес республикалары ұйымдарының жоғары баға берілетін бір табысы. Түркі өркениетінің әлемге танытылуына үлес қосқан және өз саласында табысқа қол жеткізген ғалымдардың Түркі академиясы тарапынан марапатталуы Түркі академиясының бекер құрылмағанының бір дәлелі.

Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда 2016 жылы 1-2 сәуір күндері жүзеге асқан IV. Ядролық қауіпсіздік саммитінде Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның баспасөзде кең орын алған шынайы құшақтасуы, Әзірбайжанның Таулы Қарабахтағы жерін кері қайтару операцияларына Түрікменстан мен Түркияның тез арада қолдау беру уәдесі Түркітілдес елдердің ұзақ уақыттан бері күткен сағыныш пен армандаған жаңалығы болып табылады. Осындай ынтымақтастықтардың одан да артуына тілектеспіз.



Ұқсас жаңалықтар