Түркияның жаңа көзқарасы - 5

Проф. Мазхар Бағлының анализі

461237
Түркияның жаңа көзқарасы - 5

2010 жылы 17 желтоқсан күні Тунисте бір жас жігіт Мұхаммед Буазизи өзін өзі өртеп еді. Осы оқиғаға байланысты басталған қоғамдық қозғалыстардан бері әрі Таяу Шығыста, әрі әлемде өте маңызды оқиғалар болды.

Осы өзгерістердің барлығын «әлемнің күш» теңдігінің қайтадан пішінделуі ретінде оқуға болады.

Күш теңдіктері қақтығысқан кезеңде көптеген принцип еленбей қалды. Әлем бағыты басқа жаққа қарай ауған осы кезеңде ешбір актер әділет, әділеттілік және ғаламдық гуманитарлық құндылықтар туралы айтпайды. Әрине, жаңа бір әлем құрылуда және өкінішке орай әлемнің одан да әділетті болуы күтілмейді. Қос стандартты философиядан нәр алған идеологиялар пішін берген бір саясат билік құруда.

Замандас әлемнің ой-пікір климатын қалыптастырған, растығы тікелей қабылданған ұсыныстар мен бүгінгі әлемнің ой-пікірін құрғандар бірдей.

Өзгерген нәрсе – тек мәдени кодтар. Ой-пікірде, философияда және негізгі көзқарастарда ешбір өзгеріс жоқ.

Ал бүгінгі проблемалар заманауи ойдың адамды метафизикадан шеттететін және бір көлемді болмысқа айналдыратын осы түсінікте.

Түркияға әрі өзінің, әрі жақын төңірегінің осы қос стандарттың бірнеше тұрғыдан әсер еткенін көріп біліп отырмыз.

Принципсіз және қос стандартты осы климатта Түркияға күш салынуда. Осы жағдайға бас көтерген кезде де мұның құнын төлеттіруге дайын бір одақ бар қарсы алдында.

Бүгінгі таңда Сирияда Иран, Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Қытай мен PKK террор ұйымы одақ болып отыр.

Түркиядан кек алу үшін жиналған десек қате болмайды.

Осы территорияда адамды адам қылатын құндылықтар емес, керісінше адамды өз болмысынан аулақ қылатын мүдделер басым екенін көріп отырмыз.

**

Ой-пікір өзгермейінше күнделікті тұрмыстағы әдеттердің өзгеруі түбегейлі бетбұрыс ​ болмайды.

Білім социологиясы, білім жүйесі мен қоғам арасындағы қатынасты зерттейді. Осы тақырыптағы кең тараған көзқарас - білім жүйесінің бара-бара адамдарда бір характерге айналғаны жөнінде.

Буазизидің өзін өзі өлтіруінен кейін барша ел енді құрылатын жаңа жүйенің ішінде өзіне орын табу күресінде.

Дүние жүзінің сыртқы саясат жүйесінің негізгі принцибі – айтылған нәрсе мен орындалған нәрсенің бір-бірінен толығымен басқаша болуы.

Бұл – қазіргі гуманитарлық трагедиялардың негізгі себептерінің бірі.

Бұған қарсы шығу – адамның міндеті.

«Әлем бестен үлкен» деген сөйлем негізінде осы механизмге қарсы айтылған.

Осы сөйлемнің құнының де не екені белгілі.

Террор лаңкестіктерін қайтадан арандатып, осы тұғырдан бас тартқызуға итермелеуде.

Бірақ бұл жүйе істемейді және жаңа бір әлем құрылады.

Ескі жүйені сақтап қалғысы келетіндер мен жаңа әлемнің құрылуын қалайтындар арасында шыққан қақтығыстың симметриясы Түркияда.

Түркияда бұрыннан бері осы тақырыптарды өзіне мәселе ретінде қабылдаған қоғамдық сезімталдық бар.

Осы сезімталдықтың бір жүйеге айналу әлеуеті де бар.

Түркия осы қоғамдық сезімталдықты саяси жобаға айналдырып, билікке келтіруге талпынуда.

Буазизимен басталған осы өзгерістер Түркияға жағымсыз әсер еткен жоқ.

Болашақта да болуы мүмкін жағымсыз оқиғалардың алдын алатын бір жүйе құруға тырысуда.

Түркия осы территорияны әділет аралына айналдыруды армандайды.

Бұл әрине оңай емес.

Өзгешеліктер тату-тәтті өмір сүретін, бейбітшілік пен бауырластық билік құратын ел болуға тырысады.

Бүгін біз тұратын территорияда өте маңызды және ауқымды өзгерістер болып жатыр. Осы үдеріс Түркияның осы аймақта болашақ актер болуы үшін өте маңызды.



Ұқсас жаңалықтар