Өзгерген әлемде Түркияның ролі

Саясаттың проблема шешу қабілетіне ие болуына баратын жол қоғаммен тікелей байланысты. Қоғамның жүктеген роліне байланысты. Бұл да болашақ көзқарас пен өркениетін пікірін қамтиды.

441472
Өзгерген әлемде Түркияның ролі

Бүгінгі таңда дүние жүзінде өзгеріс өте жылдам болып жатыр. Өткен ғасыр бойы яғни 19-ғасырда болған өзгерістерден көп өзгеріс осы ғасырдың бірінші ширегінде жүзеге асты. Ғасырда бір болатын жаңалықтар он жылда бір болып отыр. Соңғы кезде өзгерістер және техникалық жаңалықтар бәлкім адам баласы бүгінге дейін ашқан жаңалықтар сынды маңызды және өмірімізге қатты ықпал етті.

Дүние жүзінің өзгеріс жылдамдығына жете алмаудың құны болса одан сайын артты. Өнеркәсіптенуін бүгінгі таң шарттарына сай орындай алмаған елдер теңгерімді және молшылық келтіретін дамуды да жүзеге асыра алмады. Дамуын жүзеге асыра алмаған елдер әділетті жүйе құра алмады. Әрі саяси проблемалармен, әрі экономикалық қиыншылықтармен арпалысты.

Біздің еліміз өкінішке орай, Османлының соңғы кезеңінен кейін жалпы әлемдегі өзгерістерден артта қалды. Техникалық жетістіктерде де кеш қалды. Өнеркәсіп төңкерісінде де артта қалды. Заманауи ұжымдық құрылымдарды қалыптастыруда кешікті. Яғни кеш замандасты. Осы кеш қалудың табиғи нәтижесі болса артта қалушылық немесе аз дамушылық болды. Өз өзімен қалды және тарихтан тысқары қалды. Уақытты қуалап жете алмады.

Түркия тарихтың артында қалудың құнын төледі. Ауыр төледі. Әлі де төлеп келеді. Енді артта қалмаудың стратегиясын жетілдіруде. Мұны қамдауы үшін де жасауы керек ең маңызды нәрсе - жаңа бір көзқарас. Осы жаңа көзқарастың орталығында барлық болымсыздықтарды жаңарту келеді.

Негізінде Түркияның жаңа көзқарасы өркендеудің, демократияның және өндірістің тарихи және қоғамдық мирастан келген мүмкіндіктермен қайта жүзеге асуы болып табылады. Осыны жүзеге асыра отырып бұзылған алаңдарды да жаңғырту. Түркияны жаңалау жобасы сонымен бірге.

Қазірге дейін болған барлық болымсыздықтарды жою және сонымен бірге осы болымсыздықтар бүлдірген нәрселерді түзету.

Османлы ыдырағаннан кейін үлкен қаһармандық жасап, азаттық соғысын жүргізген, қиын шарттарда шектеулі мүмкіншіліктермен елді құтқарған Анадолы халқы әлемдегі өзгерістерден жеңіліп қалды. Өнеркәсіп төңкерісін жүзеге асыра алмады. Саяси бетбұрысты жүргізе алмады. Экономикалық өсімді жетілдіре алмады. Осы өзгерістерден жеңіліп қалды. Осы артта қалушылық сезімі нашар нәтиже берді. Халық бара-бара сенімін жоғалта бастады.

Қарапайым тілмен айтатын болсақ, Түркия әлемнен артта қалды. Бұл жағдай қоғамның көңілін құлазытты.

Йылдырым Беязыт Университеті Адам және Қоғамтану факультеті Социология кафедрасының оқытушысы Проф. Мазхар Бағлының осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

***

Әлемдегі саяси жүйе әрдайым өзгеріп, жаңаланса да, біз осы оқиғаға басқаша қарайтын қоғам болып табыламыз. Біздің ойымызша тарих төтенше оқиғалар болатын бір үдеріс. Таңертең тұрып қарасақ, бір дәуір ашылып, бір дәуір келмеске кеткен. Осы көзқарас негізінде қоғамдық жоспарлауды елемейтін бір түсінікті қамтиды.

Замандас ойдың инфрақұрылымын қалыптастыратын негізгі нәрсе Макс Вебер айтқандай есептеуге болатын рационализм. Яғни жоспар.

Жоспар сонымен бірге проблемаларды анализ етіп, шешуді үйрететін бір үдеріс. Осылардың жүзеге асуы консерватор құрылыммен мүмкін емес. Жаңа түсінік керек. Жаңа үкімет үлгісі, жаңа болашақ көзқарасы мен жаңа команда және әрине жаңа сезім керек.

Қысқаша айтқанда Түркия – енді армандар, идеалдар жері. Бір жерді отан деп есептегендердің сағынышы.

Әділеттің территориясы.

Өзгешеліктер тату-тәтті өмір сүретін ел үшін тырысудамыз.

Өзгеріс кезеңдері саясат саласындағы таластарды алаулата түседі. Әрбір саяси пікір және актер негізінде осы өзгеріс бетбұрыстарында өзіне болашақ алаңы қалыптастырғысы келеді. Өзгеріс болатын сәттерде тарихтың артында қалатын қоғамдар мен елдер үлкен өзгеріс болатын сәтке дейін тағдырына қапас қалады. Осы тағдырын өзгерту талаптары тек үлкен өзгеріс үдерісінде жүзеге асады.

Бүгін біздің территориямызда өте маңызды және ауқымды өзгерістер болуда. Осы үдеріс Түркияның осы жерде болашақ уақыттың актері болуы үшін өте маңызды. Осы аяда Түркияның анықтаушы актер болуы тек жаңа бастамаларға тәуелді. Жаңа әлем, жаңа Таяу Шығыс және жаңа Түркия теңгерімін құру жаңалықшыл саясат арқылы ғана мүмкін. Саясатты жаңалау деген сөз қоғамның саясат тетігіне жүктеген жаңа міндеттер деген мағынаға келеді.

Саясаттың проблема шешу қабілетіне ие болуына баратын жол қоғаммен тікелей байланысты. Қоғамның жүктеген роліне байланысты. Бұл да болашақ көзқарас пен өркениетін пікірін қамтиды.

Жаңа Түркия қоғамдық барлық құрылымдар өз функцияларын өз мақсаттары аясында орындауын түсіндіреді. Барлығымыз осы мақсатта жұмыстанып келеміз.



Ұқсас жаңалықтар