Өзгерген әлемде Түркия

Түркияның жаңа көзқарасы - 01

433728
Өзгерген әлемде Түркия

Түркия Османлының соңғы кезеңінен кейін әлемдегі өзгерістерден артта қалды. Техникалық жетістікте артта қалды, өнеркәсіп төңкерісінде артта қалды. Заманауи ұжымдық құрылымдардың қалыптасуында артта қалды. Кеш модернизацияланды. Осы кеш қалушылықтың табиғи нәтижесі болса артта қалушылық немесе аз дамығандық болды. Өз өзімен қалды және тарихтың тысында қалды. Уақытты басып оза алмады.

Османлы ыдырағаннан кейін үлкен батырлық көрсетіп, азаттық соғысын жүргізген Анадолы халқы әлемдегі жетістіктерден жеңіліп қалды. Өнеркәсіп төңкерісін жүргізе алмады. Саяси бетбұрыстан өте алмады. Экономикалық дамуды тындыра алмады. Тіпті оның үстіне осы жетістіктер алдында езіліп қалды. Осы артта қалушылық сезімі қиратушы қорытынды шығарды. Қоғамның өзіне деген сенімі азайды.

Қарапайым тілмен айтатын болсақ, Түркия әлемнен артта қалды. Бұл жағдай қоғамның ішінде өте терең жеңіліс сезімін туғызды. Негізінде өте қиын күрестен жеңіп шыққандықтан жеңіл нәрсені тындыра алмау травмаға жол ашты.

Бүкіл әлемнің басқыншылығына қарсы бостандықты алды, бірақ өзгерістен жеңіліп қалды.

Сондықтан әлемге сай саяси-әкімшілік құрылым қалыптаспағандықтан проблемалар артып, күрделене түсті. Қауіпсіздік мәселесі, этникалық мәселелер халықаралық проблемаға айнала бастады.

Осы жеңілгендік психологиясын тереңдете түскен нәрсе оларға жол көрсететін саяси актердің де, үміт жарығының да болмауы болды.

Сондықтан қалыпты тәртіпке қарсы шыққан, даму, әділет сынды тақырыптарды тілге тиек еткен саяси қайраткерлерге де қызығушылық көп болды. Әр сайлау сайын осындай қайраткерлердің саясаттан тыс қалуы осы сағынышты арттыра түсті.

Қоғамды осы жеңілгендік психологиясынан құтқару үшін басылған әрбір қадамды өшіріп отырған бір механизм болатын. Алайда әлемдегі үлкен өзгерістер сезіле бастады және ұлт өз әкімшілігін өз қолына алды.

Көп уақыт бойғы бақытты азшыл халықтың билігі аяқталып, жаңа болашақ көзқарасымен қозғалу керек болды.

Қоғамдағы жараларды емдеу тек жаңа көзқараспен ғана мүмкін. Ұлт армандаған болашақты орнату үшін олармен бірге жол жүру керек.

Түркияның жаңа дүниетанымы негізінде әлемнің болашағында мықты актер бола білуде.

Йылдырым Беязыт Университеті Адам және Қоғамтану факультеті Социология кафедрасының оқытушысы Проф. Мазхар Бағлының осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

***

Әлемдегі саяси жүйе әрдайым өзгеріп, жаңаланып отырады. Осы өзгеріс кейде трагедиялық жылдамдықпен болады, кейде өте баяу. Әлемнің саяси тарихына жалпы бір көзқараспен қарайтын болсақ, өте маңызды кезеңдер бар екенін байқаймыз. Әсіресе дүниежүзілік соғыстардан кейін өте үлкен өзгерістер болғаны белгілі. Өнеркәсіп төңкерісі, жаһандану, жер астынан жаңа ресурстардың табылуы сынды факторлар әлемде жаһандық өзгерістерге жол ашады. Осы өзгеріс кезеңдерінде саяси құрылым тұрғысынан және экономикалық күш тұрғысынан мықты жағдайдағылар әлемге пішін беретін мүмкіндіктерге ие болады.

Бүгінгі территориямыз тұрған шекара да, саяси құрылымдар да әлемде макро деңгейде өзгеріс болған бірінші дүниежүзілік соғыстан қалған. Бұлар осы топырақтың социологиясына сай емес құрылымдар. Сол күні билікте болғандардың өз мүдделеріне сай құрған тәртіптері. Міне, бүгін де қайта өзгеріс болып жатыр.

Өзгеріс кезеңдері саяси алаңдағы таластарды ұшқындыра түседі. Әрбір саяси пікір мен актер негізінен осы өзгеріс торабында өзіне бір болашақ алаң қалыптастырғысы келеді. Өзгеріс болған алаңда тарихтан артта қалған қоғамдар мен елдер үлкен өзгеріс болғанға дейін белгілі бір тағдырға қамалып қалады. Бұл тағдырларын өзгерту талаптары тек осындай үлкен өзгеріс үдерісінде жүзеге асады.

Бүгінгі таңда территориямызда өте маңызды және ауқымды өзгерістер болып жатыр. Осы үдеріс Түркияның осы территорияда бір болашақ заман актеріне айналуы үшін өте маңызды. Осы аяда Түркияның анықтаушы актер болуы тек жаға бастамаларға байланысты. Жаңа әлем, жаңа Таяу Шығыс, жаңа Түркия теңгерімін құру тек жаңалықшыл саясат арқылы мүмкін. Саясатты жаңалау деген қоғамның саясат механизмдеріне жүктеген жаңа міндеттер деген сөз.

Саясаттың проблема шешу қабілетіне ие болуына апаратын жол қоғамның оған берген ролімен тікелей байланысты. Бұл да болашақ көзқарасы мен өркениет дүниетанымын қамтиды.

Жаңа Түркия - бүкіл қоғамдық органдардың функцияларын өз мақсаттары аясында орындауы сағынышын көрсететін бір арман. Барлығымыз осы арманды қуып келеміз.



Ұқсас жаңалықтар