Жаһандық мәдениет мүмкін бе?

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 02

424761
Жаһандық мәдениет мүмкін бе?

2 қаңтар сенбі күні Сауд Арабиясында араларында шиіт дін қызметкері Айетуллах Нимр Бакыр эл-Нимр де бар 47 адам дарға асылды. Эл-Нимр 2012 жылы Араб көктемі көтерілісінде Сауд Арабиясына әсер еткен шерулерді басу барысында тұтқындалған болатын. Елге шетелдік бір елдің араласуына жағдай жасау, саяси билікке қарсы көтерілу және көтерілісті ынталандыру сияқты қылмыстық әрекеттермен айыпталып, сотталған Нимрді 2014 жылы дарға асуға шешім қабылданған болатын. Дарға асу жазасының орындалуы Иран мен шиіттер көп өмір сүретін араб елдерінде наразылық шерулеріне себеп болды. Наразылық шерулері кезінде ирандық ереуілшілердің Сауд Арабиясына тиесілі өкілетті елшіліктер мен консулдық ғимараттарын өртеуі болса дипломатиялық дағдарысқа жол ашты.

Сауд Арабиясы мен кейбір одақтастары дипломатиялық ынтымақтастықты үзді немесе қарым-қатынастарын ең төменгі деңгейіне шегерді. Ирандық лауазымдылар болса ереуілшілер жасаған шабуылдарды қолдамағандарын жарияласа да, Нимрдің дарға асылуының нәтижелерінің ауыр болатынын білдірді. Бахрейн, Сирия және Йемендегі оқиғалар себепті Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дағдарыс осы соңғы оқиғадан кейін одан да асқынды. Дегенмен негізінде алаңдатқан тақырып соңғы оқиғалардың аймақтағы мәзхабтық соғыстарға бастау болып табылады. Бұл тұрғыдан қатты назар аударған ең басты мәселелердің басында қазір Таяу Шығыстағы оқиғалардың шығуында мәзхабтық саясаттың роль ойнап ойнамайтыны.

Қазір Таяу Шығыста 2-ші дүниежүзілік соғыстың артынан болып жатқандармен салыстырғанда, мүлдем басқаша бір аймақтық салқын соғыс болып жатыр деуге болады. Дегенмен бұл мәзхабтық емес, аймақтық саясаттың динамикалары себепті пайда болады. Басқаша айтқанда мәзхабтық қақтығыстар тек қана бір көрініс. Негізінде аймақтық геосаясат бастаған саяси бір бәсекелестік пен күш күресі мәселесінің өзегін құрайды. Алдымен екі елдің де тарихы бізге 1979 жылдан бұрынғы кезеңдегі жағдайдың қазіргіден мүлдем басқа екенін көрсетеді. Кеңес Одағы қаупі түсінігімен қозғалған Иран мен Сауд Арабиясының салқын соғыс кезеңінде АҚШ-тың екі жақын одақтасы ретінде аймақта бірігіп қозғалғанын көреміз. Тағы 2012 жылдан бұрын Сауд Арабиясы әкімшілігінің көрші ел Йеменде шиіт басшыларымен болымды ынтымақтастықтар құрады. Қазір Иран тұрғын санының 70 пайызынан астамы шиіт болған Әзірбайжанмен қарым қатынастары онша емес, алайда бұл елмен қақтығысып отырған Армениямен ынтымақтастығы өте тығыз. Байқалып отырған мәзхабтық құрылымына қарамастан аймақтағы қақтығыстың негізінде аймақтық тұрғын алаңын қорғау және кеңейту үшін берілген стратегиялық күрес жатыр. Бүгінгі оқиғаларды 1 мың 400 жыл бұрын болған оқиғалар емес, 1979 жылдан кейінгі Иран төңкерісінің геосаяси бәсекелестігі анықтайды.

1979 жылы Иранда құрылған режим аймақтық тұғырға идеологиялық тұрғыдан бас көтерді және аймақтағы күш теңдігін пайда қылды. Бұл жағдай аймақтық ережесіне қарсы бас көтерілген сауд әкімшілігінен бастап, аймақ елдерінде жаңа бір қауіп түсінігіне жол ашты. Осы себептен Шығанақ елдері 8 жыл жалғасқан Иран-Ирак соғысында Саддам Хүсейин режимінен әртүрлі материалды және рухани қолдауды аямады.

Бұл ұзаққа созылған соғыс 1990 жылдары Иран мен Шығанақ елдері арасында ынтымақтастық құруға тосқауыл болмады.

Бірақ 2003 жылы Саддам Хүсейин әкімшілігіне қарсы жасалған АҚШ басшылығындағы әскери операцияның артынан режимнің өзгеруі аймақтық күш теңдігі тұрғысынан Иранның мүддесіне өзгерді деген түсінікті пайда қылды. Иракта сайлаумен билік басына келген шиіт партиялар құрған үкіметтердің Иранмен жақын ынтымақтастық орнатуы бұл түсініктің пайда болуына ықпал етті және Сауд Арабиясы мен Иран арасында аймақтық стратегиялық бір бәсекелестікті асқындырды.

«Араб көктемі» деп аталған кезеңнің аймаққа септігі де Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы саяси күш күресінің артуына себеп болуы.

Жоғарыда атап айтқандай, 2012 жылы Сауд Арабиясында Эл-Нимр тұтқындалған шерулер бастаса да, кейін олар бақылауға алынды. Бірақ Бахрейнде шерулер тоқтамаған соң Сауд Арабиясы сол елге әскери операция жасау керектігіне сене бастады. Бахрейндегі жағдайды елге бағытталған Иран операциясы ретінде бағалаған сауд әкімшілігі Йемен мен Сириядағы жаңалықтарды да аймақтық күш теңдігі мен күрес тұрғысынан назарға алды. Иранның болса осындай себеппен одақтасы Хизбулламен бірге қозғалып Сирия мәселесіне тікелей араласуы нәтижесінде біз де құрамында орын алған Таяу Шығыс Салқын соғысы бүкіл ашықтығымен ортаға шықты.

Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы күрес қақтығыс алаңдарында мәзхабтық бір көрініске ие болуы мүмкін. Дегенмен арғы жағындағы қақтығыстарды да қамтитын саясаттың дәл өзі. Пруссиялық Карл Филип Готтлиб фон Клаузевич айтқандай «соғыс саясаттың басқа құралдармен жалғасы» ретінде орын алады.


Ұқсас жаңалықтар