Рамазан айы

Рамазан айының басталуы

308596
Рамазан айы

Ислам әлемірамазан айын құрметпен қарсы алуда. 12 айдың ішіндегі ең қасиеттісі Рамазан айы. «11 айдың сұлтаны» ретінде қабылданған Рамазанның келуі Ислам елдерінде және мұсылмандар өмір сүрген әлемнің төрт бұрышында салтанатты түрде қарсы алынуда. Алдымыздағы бір ай бойынша ораза тұтылады. Ораза ұстаған адам таң атқаннан бастап күн батқанға дейін жеуден, ішуден және темекі шегуден бас тартады.

Рамазан айы Ислам елдерінде және мұсылман өмір сүрген әр жерде салтанатты түрде қарсы алынуда.
Ораза ұстау-Алламен жақындасуға бет бұратын әр мұсылман тұлғаның өз алдындағы ғибадаты. Ораза ұстау амалының мақсаты жүректі дүниелік тіршіліктен аластатып, адамның ішкі дүниесін зақымнан тазарту болып табылады. Ораза ұстаудың сонымен қатар денсаулықтан бастап, кедей-кепшіктерге жәрдем беруге дейін көптеген пайдасы бар. Кедейшілік, жұмыссыздық сынды себептермен азық-түлік таба алмағандардың шеккен қиыншылықтарын таң атқаннан бастап күн батқанға дейін аш қалу арқылы сезінуге мүмкіншілік жаратады. Осы сезіммен кедейлерге жәрдем беру ынталары артады. Ораза ұстау-денсаулыққа да өте пайдалы.Таң атқаннан күн батқанға дейін аш және сусыз қалуы дені сау адам үшін дене бітімінің жаңалануына және дене жүйесінің күшеюіне мүмкіндік береді. Ораза ұстау адам толыққанды өмір сүру қалпын ұстап тұруы үшін маңызды процесс; Ораза ұстау-адамға тамақ жеу, тыныс алу, ұйқы, іс-қимыл сияқты адам организміне өмірлік маңызы бар құбылыстардың бірі болып табылады. Егер адам ұзақ мерзімге ұйқыдан не тамақ жеуден тыйылса, денсаулығына зақым келіп, дертке шалдығатыны секілді адам ораза ұстамаса ағзаларына зиян келетіні анықталып отыр.
Рамазан айының келуімен әйелдер ауызашар мен сәресіде түрлі тағамдар дайындайды. Күннің батуына дейін аш қалғандықтан адамның тамаққа деген тәбет артады. Әйелдер тамақ дайындау шеберлігін көрсетеді. Әйелдер тамақ жасағанда басқа уақытпен салыстырғанда тіпті мұқиятты болып, тағамға өз сүйіспеншіліктерін де қосады. Алла сүйіспеншілігі қосылған, иманымен жасалған тамақтың дәмі басқаша болады. Тек отбасы үшін емес, туысқандар, дос-жарандар, көрші-қолаңдар бас қосқан ауызашар тағамдары тіпті өзгеше. Осындай ауызашар үшін жасалған дәмді тағамдар сүйіспеншілік пен достықтың күшеюіне себеп болады.
Ауызашардан кейін Аллаға шүкір етіледі. Одан соң тек Рамазан айына тән бір намаз түрі тәравих намазын қылады. Намаз қылып болып, мешіттен үйге қатарда жолдағы қайыршыларға садақа береді. Егер дос-жарандар кездессе, әңгіме дүкенін құрады.
Ораза ұстаған кезде ауыр жұмыстан аулақ тұру керек. Ауызашарда тамақты ақырын-ақырын жеген жөн. Егер тез жейтін болсақ күн батқанға дейін аш қалғандықтан асқазан қабылдай алмауы мүмкін. Сәресіде майлы тамақ емес, тойымдылық тамақтарды таңдау пайдалы.
Ораза шартты ғибадат болғандықтан оны парыз ретінде кімнің орындауға міндеттілігі немесе кімдердің босатылатыны, қабыл болу-болмауының шарттары, бұзылатын немесе бұзылмайтын жағдайлары шариғатта бекітілген. Ораза адамның рухани-интеллектуалдық өсуіне, тақуалыққа жетіп, Құдайға жақындай түсуіне ықпал ететін ғибадат екендігі жайлы көптеген хадистер бар. Рамазан айында байсалды болған жөн. Барлық дау-дамайдан, төбелестен, боқтық сөзден аулақ тұру керек. Адамдарға тіпті айуандарға жақсы мәміле жасаған абзал.
Ислам әлемінің рамазан ай қайырлы болсын.



Ұқсас жаңалықтар