НАТО-ның құрылу жылдығы

Бүгін – қысқаша «НАТО» деп аталған Солтүстік Атлант Келісімі ұйымының құрылу жылдығы.

223069
НАТО-ның құрылу жылдығы

Әскери қорғаныс және ынтымақтастық мақсатты батыс елдері құрған осы ұйым әрі әскери, әрі саяси ерекшелікке ие. Ұйым әскери күш, ортаға шығуы ықтимал дұшпан, террор және т.б. қауіптерге қарсы бас тартқызушы саяси күшке қарқын береді. Саяси күш болса 2-ші Дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен батыстық күштер АҚШ, Ұлыбритания және Франция басшылық жасаған батыстық болу ұғымын да қамтиды. Батысқа қарсылас болған 2-ші Дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздарының бірі Кеңес Одағы басшылығындағы Шығыс блогы да қорғаныс қажеттілігін құруда негіз болды.
* * *
2-ші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде соғыстың салдарынан жойылған инфрақұрылым және елдердің өркендеу нысанасымен Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Голландия және Люксембург тарапынан 1948 жылы 17 наурыз күні қол қойылған Брюссель шарты НАТО-ның құрылуында бастама болды.
Экономикалық бірігу және ортақ саясат орнату бастамалары саяси және әскери бір одақтастықтың қажетті екенін ортаға шығарды. Кеңес Одағының Еуропаның жартысын бақылауға алу және режимдер мен басқа аймақтардағы септігін арттыру бастамалары осы қажеттілікті туғызды. Кеңестің Еуропаны жаулап алу қаупі қорғаныс ұйымының құрылуында негізгі роль ойнады. Кеңестің Батыс бақылауындағы Берлинді қоршауға алуы осы кезеңді жылдамдатты. 1948 жылы қыркүйек айында Батыс Еуропа Одағының қорғаныс организациясын құруға шешім қабылданды. Бұл одаққа АҚШ-тың қосылуымен Кеңес Одағы алдындағы күш теңдігін қамтамасыз етті. Осы одақтастық арқылы Батыс Еуропада Германия, Франция, Италия және т.б. мемлекеттерден келешекте ортаға шығатын әскери күшею мен жаңа бір дүниежүзілік соғыс қаупінің де алдын алды. Саяси кездесулердің артынан 1949 жылы 4 сәуір күні Солтүстік Атлант шартына Вашингтонда қол қойылды. Қол қойған елдер арасында Брюссель келісіміне тарап болған 5 мемлекетке қоса, АҚШ, Дания, Италия, Исландия, Канада, Норвегия және Португалия да бар болатын. Тұңғыш НАТО Бас хатшысы Исмей Гастингс Лайонел 1949 жылы жасаған мәлімдемесінде ұйымның мақсатының «Орыстарды сыртта, американдықтарды іште және немістерді төменде қалдыру» екенін атап көрсетті.
Одақтың құрылуы әрі батыста, әрі шығыста жаңғырық туғызды. Осы құрылымның өзіне қарсы құрылғанын байқаған Кеңес Одағы мен батыс арасында ұзақ жылдар жалғасатын салқын соғыс басталды. Екі тарап бір жақтан қаруланып, басқа жақтан қарсыласының күшін әлсірететін әрекеттер жасады. Тыңшылардың екі жақты күрестері салқын соғыс аяқталғанша жалғасты. НАТО-ны барлық батыс қоғамы қолдады деп айтуға болмайды. Кейбір исландиялықтар 1949 жылы наурыз айында бейтараптықты жақтаған мүшелікке қарсы көтеріліске қатысты. Басқа елдерде саяси тартыстар жалғасты, дегенмен бұл пікір таластар одақтың қазірге дейін болмысын жалғастыруына кедергі бола алмады.

* * *
НАТО құрылған соң және Солтүстік Америка мен Еуропа арасындағы ынтымақтастыққа назар аударғандардың «Атлантшылар» деген түсінігі пайда болды. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка әсіресе Америка Құрама Штаттары және Канада елдері арасында саясат, экономика және қорғаныс тақырыптарындағы ынтымақтастықтың маңызын алға шығаратын ойлау жүйесін қалыптастырған «Атлантшылар» қазір де болмысын жалғастыра келеді. Мақсаттары арасында қатысушы елдердің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету және осы елдерді біріктіретін құндылықтарды қорғау бар.
* * *
Мүшелер бір-біріне қарсы жасалатын қарулы бір шабуылды бүкіл мүшелерге жасалғандай деп қабылдау тақырыбында келісімге келді. Қарулы бір шабуыл болған жағдайда, мүшелердің әр қайсысы шабуылға ұшыраған мүше мемлекетке көмектесіп, қажетті десе Солтүстік Атлант аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарулы күшті қолдануды сұрайтын болды. Келісімге қарағанда мүшелердің шабуылшыға әскери шара қолдануы міндетті емес. Дегенмен бұл жағдай Брюссель келісімінде берілетін қарсылықтың әскери шара екенін ашық түрде көрсеткен 5-ші бапқа да қарама-қайшы. Дегенмен НАТО мүшелері кезкелген бір шабуылға ұшыраған мүшеге әскери қолдау беруге шешім қабылдайды. НАТО келісімі арқылы мүше елдер арасында коммуникация, ережеге сай қызмет көрсету және әр түрлі құрал-жабдықты стандарттау тақырыбы қамтамасыз етілді. Қазір НАТО мүшесі бір елде өткізген жаттығуда қолданған оқ пен қарулар ортақ стандарттарға сәйкестендірілген. Кезкелген бір НАТО-ға мүше мемлекеттің армиясы басқа бір мүше елдің жерінде ортақ қару-жарақтармен міндетін атқарады.
* * *
1950 жылы маусым айында Корея соғысының басталуымен ортақ қозғалған коммунистік мемлекеттер НАТО-ны ортақ әскери дайындыққа, ортақ басқару жүйесі қалыптастыру және аймақтық ауқымды кеңейтуге бағыттады. Корея соғысына батыспен бірге қатысқан Түркия мен түрік армиясының бұл соғыстағы батырлығы әлемнің назарын аударды. Әлемнің түкпір-түкпірінде «Шымал жұлдызы» (Солтүстік жұлдыз) кодымен танымал түрік бригадасы 5000 әскерге жуық еді. 1952 жылы бұғаздарда әскери база құру және көптеген жеке еркіндіктерді талап еткен Кеңес Одағының қысымымен Түркия батысты жақтады және Грекиямен бірге НАТО-ға мүше болды. Осы мүшеліктің артынан күшейген одақ Кеңестің мұхиттарға шығу нысанасын әлсіретті. Салқын соғыс ең жоғарғы сатыға ұласты. Коммунисттердің жайылуы тоқтап, насихат жүргізу және күшін ғарышта көрсететін технология жарысы басталды. Куба дағдарысына қоса Түркияға орналастырылған ядролық қарулардың артынан шыңға көтерілген дағдарыс дипломатиялық әдіс арқылы соғысқа айналмай тұрғанда шешілді.
* * *
Батыс пен шығыс арасындағы жарыс бұдан кейін ғарышты иелену тұрғысынан жалғасты. Алдымен орыстар, кейін американдықтар ғарышқа барды. 1980-ші жылдар АҚШ президенті Рональд Рейган басшылығында басталған «Жұлдыз соғыстары» жобасы Кеңес Одағын экономикалық тұрғыдан әлсіретті. Оған қоса Ауғанстанға жасаған басқыншылығы табыссыз аяқталған Кеңес Одағы ыдырау кезеңіне кірді. 1989 жылы Берлинді екіге бөлген қабырға қирағаннан кейін Кеңес Одағы ыдырады. Салқын соғыстың аяқталуы НАТО-ның мақсаты мен керектігі тұрғысынан мағынасын жоғалтты. Ұйым қысқа уақытта жаңа дұшпанды халықаралық терроризм деп белгіледі. НАТО-ның Босния-Герцеговина соғысында басталған әскери операциялары Ауғанстанмен жалғасын тапты. Сириядағы ішкі соғыс себепті Түркияға орналастырған патриот қорғаныс жүйелері НАТО-ға мүше мемлекеттерге бағытталған қауіптерге тұрақтылықпен қарсылық берілгенін көрсетеді. Кеңес Одағынан бөлініп шыққан Польша, Чех Республикасы, Венгрия, Румыния сияқты елдердің де қатысуымен НАТО шығысқа қарай кеңею процесін жалғастырды.
* * *
НАТО әлем бейбітшілігін қамтамасыз ету мақсатты қазір де әлемнің жан-жағындағы қызметін мықты жалғастыруда. Қызмет ауқымынан тыс Сомалиде су айдынындағы теңіз қарақшылығын алдын алу сияқты көптеген қызметке де атсалысуда. НАТО-ға ұқсас халықаралық мекемелер әлемнің сенімдірек болуы үшін 24 сағат үздіксіз жұмыстарын жалғастыруда.
НАТО-ның құрылу жылдығына орай барлық мүше мемлекеттердің қызметкерлеріне қауіпсіз бір әлем қамтамасыз еткені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.


Этикеттер: #НАТО , #БҰҰ

Ұқсас жаңалықтар