Түркия "UNRWA"-ны қолдауға шақырды

ТР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Йылдыз БҰҰ-нда үн қатты.

2129265
Түркия "UNRWA"-ны қолдауға шақырды

Түркия халықаралық қоғамды Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға жәрдем және жұмыс жөніндегі агенттігіне (UNRWA) қолдау көрсетуге шақырды.

ТР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Йылдыз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің «UNRWA» отырысында үн қатты.

7 қазан күнінен бері Израиль шабуылдары жалғасып жатқан Газа секторында адамдардың аштықтан өліп жатқанын атап көрсеткен Йылдыз халықаралық қауымдастықты Газа секторындағы Палестинаның Азаттық қозғалысы Хамас пен Израиль арасында атысты тоқтату үшін әрекет етуге шақырды.

Йылдыз «Газа қазіргі заманның ең үлкен техногендік апатымен бетпе-бет келіп тұр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары мен Халықаралық Соттың алдын ала шараларын іске қосу керек. Халықаралық құқықты Израиль өрескел бұзып отыр» деді.

Осы ортада UNRWA-ның палестиналықтар үшін үміт шуағы екенін айтқан министр орынбасары Йылдыз Түркияның ұйымға қолдауына тоқталды.

Йылдыз Израильді бұл агенттікті беделін түсіруге тырысып жатқанын сынға алып, халықаралық қоғамның ұйымға қолдау көрсетуін сұрады.

«Израиль үкіметі айыптаулардың дәлелденбегеніне қарамастан ұйымның беделін түсіру үшін жала жабу науқанын жалғастыруда» деген Ахмет Йылдыз «UNRWA-ға қолдауымыз берік және мызғымас. Барлық мүше мемлекеттерді UNRWA-ның маңызды жұмысын жалғастыруын қамтамасыз етуге шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар