Ибрахим Калын Хамас Саяси басқармасының төрағасымен кездесті

Ибрахим Калын Хамас Саяси басқармасының төрағасы Исмаил Хания және оның ертіп келген делегациясымен кездесті.

2097141
Ибрахим Калын Хамас Саяси басқармасының төрағасымен кездесті

Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Ибрахим Калын Катардың астанасы Дохада Хамас Саяси басқармасының төрағасы Исмаил Хания және оның ертіп келген делегациясымен кездесті.

Қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда кездесуде тұтқын алмасу, Газадағы оқиғалар, атысты тоқтатудың қамтамасыз етілуі және қоршауды тоқтату жолдары талқыланды.

Кездесуде Палестина халқына гуманитарлық мұқтаждықтарды жеткізу үшін не істеуге болатыны да қолға алынды.

Кездесуде астанасы Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуы аймақтағы тұрақтылықтың негізі екені баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар